Қысқа мерзімді жоспар Алгебра 10 сынып (12-жылдық білім беруге негізделген эксперимент сыныбы)
Сабақ тақырыбы: Иррационал теңдеулер
Сабақ мақсаты: Оқушыларды иррационал теңдеу ұғымымен таныстыру; қарапайым иррационал теңдеулерді шешу біліктілігін қалыптастыру
Күтілетін нәтиже: Иррационал теңдеулерді шешу әдістерін топта талқылау арқылы үйренеді, иррационал теңдеулерді графиктік тәсілмен шешу әдістерін өздері зерттеп, шығарады
Сілтеме: Мемлекеттік білім стандарты, 10-сынып алгебра оқулығы, дидактикалық материалдар
Қолданылған әдіс-тәсілдер: Бірлескен оқу, диалогтық оқу, АКТ ны қолдану, сын тұрғысынан ойлауды дамыту,оқыту мен оқуды бағалау
Сабақ барысы:
Эмоциялық жағымды ахуал қалыптастыру, әр оқушының сабаққа деген өзіндік қатынасын анықтау
Оқушыларды сабаққа бейімдеу үшін, психологиялық тұрғыдан дайындау үшін «Бәрі өз қолыңда» бейнефильмі көрсетіледі. Бүгін таңертең естіген жақсы сөздері сұралады. Тақтаға үш сөз жазылып, оқушылар үшке дейін санап үш топқа бөлінеді. Бүгінгі сабақта бір бірімізге сәттілік тілеу үшін бір бірімізге сыйлық сыйлайық, әрбір топ келесі топқа бір заттың суретін салып сыйлайды.Критериальды бағалауға арналған дескрипторлар берілген кестелер таратылады
Блумм таксономиясы бойынша:
Білу
Балалар! Біздің бүгінгі тақырыбымыз «Иррационал теңдеулер» деп аталатынын білеміз. Осы иррационал деген ұғым бізге таныспа?
Түсіну
Ал, енді бүгінгі тақырыбымыз «Иррационал теңдеулер» Бұл тақырыпты ашу өздеріңе жүктеледі. Өткен сабақта үйден осы тақырыпты жақсылап оқып, шамаларың жеткенше түсініп келуді тапсырғанмын.Мен қазір әрбір топқа тақырыпты бөліп беремін, өздерің бір бірлеріңнің пікірлеріңді ортаға салып тақырыпты қорытып шығарыңдар және төмендегі мысалдар арқылы түсінгендіктеріңді дәлелдеңдер
Сергіту сәті
Әрбір оқушы бір парақ қағаз алып төбесіне қойып, көршісіне қарап отырып көршісінің суретін салады
Рефлексия
Бағалау
Эдвард де Бононың «Алты қалпақ» әдісімен сабақты бағалау, дескрипторлар арқылы оқушылар өздерін бағалайды
Блум таксономиясы негізінде жасалған жоспарды деңгейлік тапсырмалармен талдау жасау арқылы бекіте түскеніңіз дұрыс.Э.де Бононың «Алты қалпақ» әдісімен сабақты сыни тұрғыдан бағалауға үйрету,әртүрлі пікірлердің тоғысуымен ашыла түсетіні анық.Сәттілік!
өте жақсы
Өте тамаша, жақсы ойластырылған
Өте жақсы
өте керемет . Табысты болсын жылыныз
Жаксы , талабына нур жаусын!
жақсы