Тіл кемістігі балалар арасында кең тараған патологияның бірі болып саналады.
Сондықтанда оларға кешенді көмек көрсету жұмысын ұйымдастыру маңызды жұмыстардың бірі. Көмек медициналық тұрғыдан да, яғни емдік- сауықтыру шараларын ұйымдастыру мен қатар арнайы педагогтар тарапынан біріккен түрде болғаны дұрыс.
Қолданылатын әдіс- тәсілдер өте көп. Дәстүрлі және дәстүрлі емес түрлері. Күнделікті жұмыста олар ретімен қолдануда.
Бірақ заман үрдісіне сай жаңа технологияны қолдану бала зейінін шоғырландыруға, танымдық қабілетін арттыруға , тіпті ақыл-ойының дамуында тежеулік бар бала үшін де өте ыңғайлы.Яғни, жаңа компьютерлік технологияны қолдану — жаңа заманның жаңа үлгідегі әдіс-тәсілдері деседе болғандай.
Біздің орталықтың мамандар кабинеті 2 компьютерлік тренажерлармен жабдықталған. «Дельфа- 142», «Эдуплей». Күнделікті жұмыстарда жаңа технологияны қолданудың өзі дәстүрлі әдіс- тәсілдерге қарағанда тиімдірек.
Мысалы логопедиялық тренажер «Дельфа -142» ді қолдану арқылы төмендегідей логопедиялық міндеттерді жүзеге асырауға болады:
— Тыныс алуды реттеу;
— дауыс күшін жетілдіру;
— дыбыстың мұрын асты айтылуын түзету;
— дауысты, дауыссыз дыбыстарды түзету;
— дыбыстық анализ және синтез;
— лексико-грамматикалық құрылымын қалыптастыру;
— байланыстырып сөйлеуін дамыту;
— сөздік қорын жетілдіру;
Тұтықпа диагнозымен келген балаларға диафрагмалық тыныс алуды қалыптастыру мақсатында, алдымен тыныс алу жаттығуларын орындатамыз.
Фролов тренажерымен қатар, логопедиялық тренажердағы торттағы шамды үру, шәйды суыту, шыршаны жағу сияқты жаттығуларды 3-4 реттен орындаймын.
Дауыс күшін жетілдіру мақсатында «Колобок», «Бегемотик»жаттығулары орындалады.
Дауысты дыбыстардың айтылуын жетілдіру мақсатында «Вертолет», «подводная лодка» жаттыңуларын орындатамын.
Сол сияқты «Дельфадан» басқа да «Игры для тигры» логопедиялық бағдарламасымен жұмыс жасаймын. Оның да мақсаты осы тектес, айырмашылығы мектеп жасына дейінгі, бастауыш мектеп жасындағы балалардың мүмкіндігіне қарай тапсырмалар жинақталған.
«Говори правильно», «Грамотей» бағдарламалары да түзету бағыттарын құрылған. Балаға қысқа уақыт ішінде дыбыстық анализ бен синтезді меңгеруге, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратуға көмектеседі.
Бұл жұмыстар орыс тілінде болғанмен орындалуы жеңіл, балаға түсінікті.
Қазақ тілінде « қоршаған орта» атты бағдарламалық жұмысты да күнделікті қолданамын.
Бұл бағдарламада Жан-жануарлармен танысу, адам және қоршаған орта туралы тапсырмалар берілген. Мектептің бастауыш сыныбына арналған.
Танымдық қабілетті дамытуға, ұсақ моториканы жетілдіруге өте ыңғайлы.
Сол сияқты тренажер арқылы заттық суреттерді пайдалануға , әріп, буын, сөйлем құратуға, оқушының білім деңгейіне байланысты тапсырмалар деңгейін күрделендіріп те отыруға болады.
Баланы дамытуға сотка жақсы көмектесе ме екен, ютубта мултиктер орыс тілінде немесе басқа тілде қазақша сегменттер көбейсе жақсы болар еді. осы бағытта жұмыстар жүргіссеңіздер жақсы болар еді.
Ия керек дүние көп ақ разметтен басқа айтао сөзім жоқ
Осы сайтты ойлап мәліметтерді салғандарынзға көп рахмет
Әдіс тәсілдері жақсы екен. Өте жақсы десем болады.
өте керемет
Сәлеметсиз бе? Сайтка қалай тиркеледи?
Салем! Сайттың оң жақ төменгі бөлігінде сайтқа тіркелу формасы бар.