Есту қабілеті бұзылған тұлғалардың классификациясы

Есту қабілетінің сол немесе басқа деңгейлері әр түрлі жастағы балаларда жиі кездесе бермейді. Тіпті ерте жастағы есту қабілетінің маңызды емес бұзылыстары да баланың сөйлеу тілінің құрылысына өзіндік кері әсерлерін тигізеді. Кереңдік және саңыраулықтың ауыр түрі кезінде балаға арнайы оқыту ұйымдастырылмаса сөйлеу тілін меңгере алмайды. Себебі, бала өзінің дауысын және қоршаған ортаның сөйлеу тілін естімегендіктен еліктей алмайды. Естімейтін баланың сөйлеу тілінің жылдам дамымауы немесе оның болмауы баланың қоршаған ортамен байланысына, танымдық әрекеттерімен тұлғасының дамымауына әкеліп соқтырады. Саңыраулықтың және кереңдіктің 30-50%-ы генетикалық факторлардың әсерлерінен болған жағдайлардан туындайды. Есту қабілеті бұзылыстарының тұқым қуалаушылығынан болған кейбір түрлері прогрессивті түрде болып келеді. Кейде олар басқа бұзылыстарымен сәйкес келуі мүмкін: көру интеллектісінің, бүйрек ауруларымен, сүйек-бұлшықеттерінің жүйесімен, тері және басқа да бұзылыстарымен.

Есту қабілетінің бұзылыстары әр түрлі ішкі ұрыққа әсер ететін, босану кезінде немесе босанғаннан кейінгі кезде пайда болуы мүмкін. Себептердің арасында есту қабілеті жүйесіне зиян келтіретін ішкі ұрық инфекциялары, әсіресе қызылша, анасының бірінші, үшінші апталығының жүктілік кезінде басынан кешкен, сонымен қатар тұмау, туғаннан бастап сифилис, токсоплазмоз, цитомегалия және т.б. болуы мүмкін. Сәбилік шақтағы ядролық сарыауру, анасының және балалардың резус-факторы немесе қан топтарының сәйкес келмеуі де есту қабілетінің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін. Есту нервтері әсіресе сәбилік шақтағы интоксикацияның әсеріне сезімтал болып келеді. Есту қабілетінің бұзылыстары дұрыс жетілмеген балаларда кездесетіні дәлелденген. Бұл бұзылыстар әсіресе анасының қанымен сәйкес келмегенде және ұрықтың резус-факторларымен қан топтарымен сйкес келмегендіктен өсе бастайды, және жетілмеудің кесірінен әр түрлі нерв жүйесімен басқа ағзалардың дамымауы пайда бола бастайды. Есту қабілетінің бұзылыстары анасының ішімдікті пайдаланғаннан пайда болуы да мүмкін.

Балалармен ересектердегі есту бұзылысы функцияларының классификациясы дәрігер-отоларингологтардың ғана емес, сонымен бірге сурдопедагогтардың да қызығушылықтарын тудырады. Отоларингологияда есту бұзылыстарының профилактикалық ауруларын емдеуге рұқсат етуден медициналық классификациялар өңделіп жасалған.        Педагогикалықклассификация әр түрлі топтағы есту қабілеті бұзылған адамдарға дифференсациялық қолдауда оқыту және абилитациялық көмек көрсетуге құрылған.

Ресейдегі медициналық классификация арасынан кереңдік және саңыраулық классификациясы бойынша Л.И.Нейманның классификациясы кеңінен таралды (1961). Бұл классификацияның ерекшелігін саңыраулық диагнозы есту арнасының қабылдау көмегімен және көлеміне байланысты төрт топқа бөлінеді. Бұл классификацияны тональдық аудиометриямен сөйлеу арқылы классификацияны белгілейміз.

I топ. Ең төменгі арнаны қабылдайтын саңырау балалар (125-150гц). Бұл балалар құлақ түбіндегі өте қатты дыбыстарға, айқайға реакция береді.

II топ. Есту арнасын қабылдайтын саңырау балалар (150-500гц). Олар о, у дыбыстарын ажырата біледі.

III топ.(125000гц) арасындағы есту арнасын қабылдайтын балалар.

IV топ. (125-2000гц) арнаны қабылдайтын балалар.

III-IV топтағы балалар жақын жердегі дыбыстарды ажырата алады.

IV топтағы балалар барлық дауысты дыбыстарға, қысқа сөздерге реакция беріп, ажырата алады.

VI топтағы балалар барлық дауысты дыбыстарға, қысқа сөздерге реакция беріп, ажырата алады.

Нашар естушілік түрлі деңгейде сипатталады. Л.В.Нейман нашар еститін балалардың 3 тобын анықтады:

1.Сөйлеу диагнозы кезіндегі естудің төмендігі 50 дб-ден аспаса, есту арнасы 125-8000 гц. Мұндай балалармен сөйлесуге, қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік туады. 1 метрден артық қашықтықта тұрып, ауыз екі сөйлесуге болады.

2.70 дб. Қарым-қатынасқа түсу қиын, 1 метр қашықтықта тұрып сөйлесуге болады.

3.75-80 дб. Сөйлесуде қатты дауыстар арқылы құлақ түбінде отырып, сөйлесуге болады.

Нейманның ұсынуымен 15-20 дб есту қабілеті төмен балалармен қарым-қатынас жасауға болады.

Медицинада балалардың есту жағдайларын бағалау ХАЖ бойынша есту қабілеті бұзылысының классификациясын пайдаланады. Орташа деңгейдегі естудің бұзылуы 500000-2000гц арасында анықталады.

1 деңгейдегі естудің төмендеуі 40 дб аспайды.

2 деңгейдегі естудің төмендеуі 40-55 дб аспайды.

3 деңгейдегі естудің төмендеуі 55-70 дб.

4 деңгейдегі 70-90 дб.

90 дб артық естудің төмендігі саңыраулық болып табылады.

Адамның есту қабілеті – оның туған кезінен бастап әрекет етеді. Әр түрлі биіктіктегі немесе тербелмелі жиіліктегі дыбыстарды қабылдай алады. Адамдар төменгі шегі, секундына жиілігі 16 тербеліспен жоғарғы шегі секундына 2000 тербелісті қабылдайды. Адамдардың есту қабілетінің ерекшелігі, оның тілдегі дыбыстарды, тек қана психикалық құбылыс емес, мағына беретін бірлік-фонема ретінде қабылдау. Бұл қасиет адамда сенсорлық сөйлеу орталығының болуымен қамтамасыз етіледі. Ол бас миының сол жағының жоғарғы санатының артқы бөлігінде орналасқан. Бұл ортаның жұмыс істемей қалса сөйлеу тілі қабылдауы және талдау процестері бұзылады.Бұл ретте үн мен қабылдау сақталады. Бірақ үн үнмен сөйлеуді ажырату қасиеті жойылып, сенсорлы афазия пайда болады. Біздің есту мүшеміздің сезімталдығы өте жоғары. Дұрыс есту қабілеті бар адамдар дабыл жарғағының өте аз тербелісін тудыратын дыбыстарды ести алады. Адам жасының ұлғаюына сай дыбыстардың сезімталдығы өзгереді.

— 20-15 жаста есту қабілеті өте жоғары.

— 40 жаста 2000 гц

— 40-60 жаста 2000 гц

— 60 жастан кейін 1000 гц

Қаттылығы жоғары дыбысты естігенде жаңа туған нәрестенің жауап реакциясын байқауға болады. Мысалы, демалуы өзгеріп, т.б. әсерлер болады. 3 айға толғанда нәресте дыбыстарды сапасына қарай (тембр,үн, биіктігі) ажыратады.

 

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер6
  1. Гулжазира

    Өте жақсы! Менің бір құлағым естімейді,дәрігерге каралдым таза деді, аудиометрияға тексерді, дым естімейді, және ауырмайды, ол неден болу мумкін. сіз не дейсіз.

  2. гульзира

    калай кошируге болады

  3. назира

    керемет

  4. назира

    жаксы

  5. Gulbakhor

    Фатима апай! сізге үлкен рақмет! Жұмысыңызға табыс тілеймін!

  6. гулвира

    калай скачать етем

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ