Есту қабілеті бұзылған тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеу жүйелері

Отандық сурдопедагогика есту қабілеті бұзылған балаларды бөлек оқытуда теориялық негіздер мен  практикалық тәжірибелерге ие. Дифференциациялық оқытудың жағдайы есту қабілетінің түрлі бұзылыстары анықталған балаларды оқытудағы объективті жағдайларды есепке ала отыра білім беру ортасын тудыруға себеп болады.

Есту қабілеті бұзылған балаларды оқытудағы билингвистикалық жүйеқазіргі заманғы барлық педагогикалық жүйе қоғамның ерекше проблемасы бар балалардың құқығы және мүмкіндігіне қарым-қатынасын өзгертуден туындайды. Дәл осы қазіргі кезеңде интеграциямен (жалпы топта оқыту) және билингвизмнің (екі тілділік), яғни есту қабілеті бұзылған балалардың құқықтарын реализациялауды демонстрациялап, өзіндік мәдениетін, өзіндік тілін (ым-ишара), оқытудың өзіндік жүйесін, яғни осы мәдениеттің өзіндік қойған мақсатын, мәдениетін еститіндердің екінші тілі деп есептейді.

Қазіргі уақытта адамдар туылған саңыраулықты «жетіспеушілік» деп емес, «мәдениетті және лингвистикалық» аздылық деп қабылдайды. Бұл факт саңырау адамдарды тәрбиелеуге бағытталған педагогикалық жүйенің тууына мүмкіндік беріп, еститіндерден күштірек өзіндік образды және өзіндік бағалауын көрсетті. Г.Л.Зайцева жазғандай, ендігі жерде саңыраулардан, «барлығы сияқты болу» қажет етілмейді. Саңырау адам қоршаған ортадағы өзіндік қалаулары, яғни білім алуға, еңбек әрекеттері, шығармашылыққа максималды түрде құқылы. Оларға медициналық көмек, әлеуметтік қолдау және тәрбиені ұйымдастыру қоршаған ортаның жұмысы, яғни өзінің өмірлік жолын тауып, өзін өзіндік образда және өзінің тұлғалық бағалауын толық реализациялауға мүмкіндік беру. Саңыраулардың микроәлеуметтік тұлғасы ретінде өзін идентификациялайтын саңырауларда өзінің тілін дамытып, өзінің мәдениетін, ұлттық ым-ишара тілінде білім алуға құқылы. Ұлттық қауымдастықпен және Бүкіл әлемдік саңыраулар Федерациясы саңырауларды лингвистикалық және мәдениет тұлғасы ретінде реализациялау құқығын ресми түрде ым-ишара тілі және саңырауларды оқытудың билингвистикалық негізігде мақсатты образдық құрылуы  Швеция, Финляндия және т.б. елдердің парламенті, Еуропарламентті, ЮНЕСКО Комиссиясының арнайы білім беруі қарастырылған.

XXғ. 80 ж.ж. сурдопедагогиканың бұл бағыттарының дамуына негіз болған кейбір түрлі факторларды атауға болады. Біріншіден, ұлттық ым-ишара тілін зерттеп (В.Стон, М.Бренон, Г.Л.Зайцева), ым-ишара тілі — өзіндік ерекше грамматикалық, лексикалық, морфологиялық ерекшелігі бар толыққанды, күрделі және өзіндік лингвистикалық жүйе деп көрсетті.

Екіншіден, қазіргі уақытта ым-ишара тілі саңыраулардың когнитивті және коммуникативті әрекеттерінде маңызды рөлге ие екендігі жалпыға аян.

Үшіншіден, бүкіл әлемде миграциялық топтауды күшейтудің қорытындысында (мысалы, Англияда, Францияда және АҚШ-та Азиядан және Африкадан келген иммигранттар тобы күшейді) адамдарды оқытуда проблемалар туындап, олар иммиграцияланған елдің тілі бірінші тіл болатынын қарастырды.

Төртіншіден, қоршаған ортаның «басқаларына ұқсамайтын» адамдарға деген көзқарастарының өзгеру қорытындысында басқа әлемдік түсініктермен көпшілікке бағынуды идеология ете бастады. Саңырауларды Адам қатарына  қосып, оларды өзіндік дамуының ерекше өмірлік жолы бар, өзіндік мәдениетін, көпшілік мәдениетін бөліп тұратынын өзіндік дамуына, құқылы деп санады. Мысалы, Норвегияның швед ұлтынан шыққан саңырау азаматы үш тілді меңгеріп, үш мәдениетке жатады – тұрақтайтын норвегиялық, яғни мемлекет мәдениеті, шведтік-өзінің ата-бабасының мәдениетіне, және өзінің достары саңырау мәдениеті.

Бірақ бұл билингвистикалық идеяны барлық саңыраулар қолдамайды.

Соқырсаңырау А.В.Суворов «аз» мәдениетті ерекше дұрыс деп қолдамай, бұл жерде түсініктерден ауысуы пайда болып,ал негізінде сөз жай ғана «соқырсаңыраулардың индивидуалды тәртібінің модификациясы, күрделі жағдайда өмір сүруді қажет ететін ерекшеліктер» туралы айтады.

Бірақ саңырау балаларға альтернативті модель сапасы ретінде билингвистикалық оқыту  жүйесі тиімді  деп айтуға болады.

Билингвистикалық оқытудың   методологиясы:

  • Саңыраулардың микроәлеуметтік мәдениеті және толықтай табиғи тілі ретінде ым-ишара;
  • Қазіргі цивилизацияланған қоғамның лингвистикалық және мәдениеттік плюрализмі;
  • Саңырау балаларды микроәлеуметтің уәкілі ретінде дискриминацияны тоқтату қажеттілігі;
  • Этникалық шегіне, нәсіліне, жынысына және дамуындағы ерекше проблемаларына қарамастан адамдардың мүмкіндігі және хұқы бірдей (Pickeregi, Gregory, 1998).

Билингвистикалық оқытудың стратегиясы ұлттық ым-ишара және сөздік тілді білім беру процесінің тәсілі ретінде бірдей мәртебеге ие деп қарастырады. Қоршаған ортаға қолайлы жағдайда мақсат қойып, саңырау балалардың әлеуметтік-эмоционалды дамуын оларға өзіндік қабілеттерімен қажеттілігін реализациялауға мүмкіндік беріп, соның ішінде жақсы ұлттық сөздік тілді меңгерту болып табылып, бұл педагогикалық жүйенің қолдаушылары бұл ортаны сөздік ым-ишаралы екі тілділік деп есептейді. Бұл екі тіл саңырау және еститін мұғалімдермен оқушылардан және ата-аналардың арасындағы қарым-қатынасты орнатудағы бірдей құқылы тәсіл болып табылады. Сөздік ым-ишаралы екі тілділіктің педагогикалық ортадағы қажетті факторы: мұғалімнің басшылығына түсетін қос тілді еркін игеруі, саңырау мұғалімдердің педагогикалық процестерге қатысуы- ым-ишара тілін игеретіндер. Саңырау мұғалімдер еститін қызметтестерімен және естімейтін балалармен өзара әрекет етуде оқушыларға арналған әлеуметтік моделдеу рөлін атқарып, еститін қызметтестеріне ым-ишара тілін меңгеруіне көмектеседі, ым-ишараны оқытудағы техникалық адам, ата-ана және отбасының басқа тұлғалары ретінде ұйымдастырады.

Билингвистикалық оқытудың ең күрделі және дискуссиялық проблемалары – оқытудың әр кезеңдеріндегі сөздік әдістерді қолдану жүйесінің өңделуі. Қандай тілден бастаған жөн? Қашан екінші тілді жүргізу қажет? Ауызша тіл оқытудың тәсілі және заты ретінде қандай орынды алуы қажет?

Сөз жоқ, билингвистикалық оқытудың теориясы келешекте өңдеуді қажет етсе, ал практика – көптеген әдістемелік және ұйымдасқан проблемалардың шешілуі болып табылады.

Қазіргі уақытта билингвистикалық мектептер және бала бақшалар Батыс Еуропада жұмыс істейді. Басқа жағдайда, қазіргі әлемде саңырауларға құқықтық жағынан кепілдік беру және өзіндік қабілеттерін реализациялауға мүмкіндік берілген, өзінің өмірлік жолын таңдауға, соның ішінде білім алуға құқылы. Есту қабілеті қалыпты адамдар секілді өмір сүруі үшін саңырау адамдардың алдында биологиялық саңыраулық факторын жеңу перспективасы кеңінен ашылады.

Ашылулар мен гендік инженерияның табысы, ерте араласу (диагностика, есту жолын тексерту, оқыту), көптеген есту аппараттарын оқытудағы жаңа технологияларды қолдану және жыл сайынғы өңделген әдіс-тәсілдермен түрлі дамыту таңдаған жолда табыс әкелері анық. Саңыраулардың микроәлеуметтік өз өмірін байланыстырғысы келетін және өзінің қоғамының тұлғасы ретінде макроәлеуметке интеграциялану саңыраулардың субмәдениет ортасында және ым-ишаралық коммуникацияда өзін максималды түрде жайлы сезінуі байқалады. Билингвистикалық оқыту жағдайында ұлттық және жалпы Адами мәдениеттің байлығымен байланысуда, олар саңыраулармен және еститіндермен, көпшілік уәкілдермен және басқа да әр түрлі тұлғалармен өзара түсінісуге және бірыңғай бірлесуге дайын болады. Бұл қазіргі уақыттағы сурдопедагогикалық білім беру парадигмалары XXIғ. Дамып, одан сайын толерантты болуына тілек етеміз.

Кейбір саңыраулар «еститіндер әлемінде» өмір сүруге бет бұрып, соған сәйкес білім алады, ал кейбіреулер – «екі әлемде де», ол онда басқа педагогикалық жүйеде оқуына мүмкіндік алады. Шешім өзгерсе – блім алу тәсілі де өзгереді.

Таңдап білім беру идеясында ең бастысы – түрлі мәдениеттің диалогы және еркін адамды тәрбиелеу.

Пікірлер10
  1. Еркеназ

    Керекті мәлімет бергендеріңізге рахмет

  2. Увалиева Жанна

    Жақсы материалдар алдым, пайдалы ақпарат бергендердіңiзге рақмет!

  3. Айгүл

    Логопед мұғалімдерге керек сайт білгендеріңізді ортаға жіберіп отыр ған сіздерге жақсы шығармашылық тілецміз

  4. Айдана

    Жақсы мағлұмат. Жумысыма қосымша ақпарат.

  5. Дана

    Керемет

  6. Елизавета

    Қалай тіркелуге болады?

    1. Erketai (автор)

      тіркелудің қажеті жоқ.

  7. Мира

    Қалай регенерация жасайды

  8. Лала

    Қайда тіркелу керек. Ешқандай мағлұмат жоқ. Қазақша сайттар неге ешқандай жұмыстары ашылмайды. Орысша сайттардан көп нәрсе алуға болады, ал қазақшалардан тек сатылымда немесе запрет қойылған не үшін жазады ұқпадым. Ренжіменіздер!

    1. Erketai (автор)

      Салем! Сайтқа тіркелу формасы сайттың оң жақ төменгі бөлігінде орналасқан іздесеңіз тауып алар едіңіз және сайтқа тіркелсеңіз қалаған мақалаңызды көшіре аласыз. Егер сізге шын мәнінде материалдар керек болса сайтқа тіркелер едіңіз.Бұл мақалаларды авторлары еңбекпен жазған. Сіз біреуден зат алғанда сұрап алатын шығарсыз ең болмағанда сайтқа тіркеліп көшіруге болады ғой. Сайтта ешқандай «запрет» қойылмаған және сіз сайттың қай жерінен оқыдыңыз бір нәрсе сатылатынын? Орыстың сайттарын мақтай бергенше шамалы сайттың ережесін сақтау керек. Қазақша сайттар деп барлығына бірден баға бере салыпсыз. Егер қазақ сайттары бір нәрсе сатып жатса несі бар олда еңбек қой. Қазірде ешкім ерігіп ойын ойнап жүрген жоқ. Өзіңіз тегін жұмыс жасап жүрсіз бе?

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ