Құм-терапия технология

Бекбулатова Кунсулу Куспековна, дефектолог-логопед,

№ 11 «Арай» балабақшасы, Көкшетау қ.

Тақырыбы: «[Ш] және [С] дыбыстарын машықтандыру және ажырату.»

Мақсаты:

Ш дыбысын басқа дыбыстардың ішінде естіп бөліп алуға үйрету;

С-Ш дыбыстарын буын, сөз ішінде дұрыс айтуға машықтандыру;

берілген сөздермен сөйлем құрастып үйретуін жалғастыру;

ертегі бойынша кейіпкерлерге сүйеніп байланыстырып сөйлеуін жалғастыру; тактильді-кинестетикалық сезімін және қолдың ұсақ моторикасын дамыту;

Көрнекілігі:

құмсалғыш құрғақ және дымқыл құммен;

ағаштан жасалған шыршалар, түрлі-түсті тастар, санайтын таяқшалар;

ұсақ ойыншықтар (күшік, тышқан, мысық, қасық, шар, т.б.);

ертегіге байланысты кейіпкерлердің мүсіндері (шал, қасқыр, шалаппен торсық (ақ ермексаз), ағаш, үй);

[с] дыбысының шырайы — «насос» және  [ш] дыбысының  шырайы — «жылан» суреттері;

«тышқан» және «шардың» схематикалық суреттері;

балаларға құм пайдалану ережесі;

Сабақтың барысы.                                                                                                             

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақ екі бөлімнен тұрады.  Бірінші бөлім құрғақ құммен өткізіледі. Логопед құммен жұмыс жасау ережесін баламен бірге қайталайды:

  1. Құмды ауызға салуға болмайды.
  2. Құмды лақтыруға болмайды.
  3. Құмды құмсалғыштың сыртына шашуға болмайды.
  4. Ойнағанда, қолыңды тек құмсалғыш үстіне қағуға болады.
  5. Ойынан кейін орыныңды жина және қолыңды жу».

bekbulatovaОсыдан кейін баламен логопед қолдарын құрғақ құмның үстіне қояды, құммен амандасады, тактильдік сезіммен бөліседі.

Логопед балаға  сабақта [Ш] және [С] дыбыстарын дұрыс машықтандыру және ажыратуды бақылайтындарын хабарлайды.

  1. Фонематикалық естуін және қабылдауын дамыту. Тапсырма:  Егерде [ш] дыбысын естісең, алақаныңды құмның ішіне тығасың. Басқа дыбыстарға – қолыңды құмсалғыштың үстінде ұста. Логопед  бірнеше дауыссыз дыбыстарды  қатарлап айтады.

III. Жеке  дыбыстарды машықтандыру.  

Тапсырма:  Екі жұмырдығыңа құм алда, «с-с-с-с» дыбысын айтып отырып, құмды қолыңнын арасынан ағыз.  Енді осы төмпекшілерді «ш-ш-ш-ш» дыбысын айтып отырып,  жайып таста. Бала тапсырманы 2-3 рет өзі жасап қайталайды.

  1. [Ш] және [С] дыбыстарын буында машықтандыру және ажырату.

Тапсырма.    Ағаш шыршалардан құмның бетіне жол құрастыр (қатарлап, қиғаштап, дөңгелетіп  жасауға болады).

Логопед: «Екі саусағыңмен жолдың үстімен жүріп отырып,  «шка-шко-шку», «шма-шмы-шмо», «што-шту-шта» буындарды қайтала.

Ал енді қасына жолды тастардан  құрастыр да «сва-сво-сву», «сма-смы-смо», «ску-ско-ска» және т.б. буындарды қайтала.

V.[Ш] және [С]  дыбыстарын сөзде машықтандыру және ажырату.

Логопед баланы көзін жабуын сұрайды да, жылдам құмның арасына ұсақ заттар мен ойыншықтарды тығады. Бала көзін ашып, тапсырманы тыңдайды.

Тапсырма: «Құмсалғыштың ішінде саған  ойыншықтар жасырылып қойылды. Сылағышпен пайдаланып, сол заттарды тауып ал. Заттарды атап отырып, [с] және [ш] дыбыстарын дұрыс айт».

Логопед  құмның үстіне  екі жаққа [с] дыбысының шырайы — «насос» және  [ш] дыбысының  шырайы — «жылан» суреттерін қояды.

Тапсырма: «Ойыншықтарды  «С», «Ш» дыбыстарының шырайына  сәйкес қой». Қандай дыбысқа ойыншықтар көп?

  1. [Ш] және [С] дыбыстарын сөйлемде машықтандыру және ажырату.

Логопед: «Таяқшалар мен тастардан жоғарғы сол бұрышқа қыздың суретін жаса. С дыбысынан басталатын ат қой».

Бала: «Сабина, Сая, Самал».

Логопед: «Сабина шар суретін салды». Таяқшаны алып, құмның үстіне қыздың  оң жағына шардың суретін сал. Сабина туралы сөйлем құрастыр. [С] және [Ш] дыбыстарын дұрыс айт».

Бала: «Сабина шар сатып  алды.  Сабина сары шар үрледі.  Сабина жасыл шардың суретін салды».

Осы  тапсырмадан кейін логопедпен бала  дымқыл құмсалғышқа (түбі және жанжағы көк түске боялған) ауысады.

Екінші этап басталады. (Берілген тапсырмаларды  екі сабаққа да бөлуге болады.)

Құмсылғышқа алдын ала ертегі қойылымға арналған ойын алаңы дайындалды: қасықпен тұқым отырғызуға  3-4 шұңқыр қазылған; күрекпен өзеннің жағасын көтеріп, түбінде «су ағып жатқандай» көк түс фон көрінеді; кейіпкерлер қойылған(қасқыр, шал, торсықпен шалап); үй, ағаштар, тұқым.

«Қасқыр мен торсық»ертегінің көрінісі».

Логопед  баладан ертегіні көрсетіп және айтып беруін сұрайды:

 «Шал тұқым отырғызуға бақшаға  барады. Алып шыққан торсықтағы шалапты ағаштың бауырына көлеңкеге тығып қояды. (бала шалдың қолына торсықты ұстатып қойып, оны ағаштың бауырына апаруға көмектеседі. Тұқымды қазылған жерге салып, құммен жабады). Қасқыр  жортып келе жатып, ағаштың бауырындағы торсықты көріп қалады. Торсыққа басын тығып ішіндегі шалапты ішіп қояды (ақ ермексазды – «торсық» — қасқырдың тұмсығына жапсырады). Шалапқа тойып алған қасқыр торсықтан басын шығарып алалмай әлек болады (қасқырдың қимылдарын көрсетеді). Қасқыр торсыққа: «Әй, торсық, қалжыңды қой, жетер енді, жібер мені!» Бірақ торсық басынан шықпайды.Қасқыр заланып: «Ендеше мен сені өзенге батырып жіберемін!» (қасқырды өзенге қарай қозғалтады).

Торсықты суға батырамын деп, қасқыр торсықпен бірге суға батып кетеді (қасқырды суға лақтырады).

Көріністен кейін логопед  баламен [с], [ш] дыбыстарына кездескен сөздерді қайталайды.

VII. Сабақ қортындысы.

Баланы мадақталау, бағалау, ереже бойынша баладан құмсалғыштың ішін, маңайын орнына келтіруін сұрау.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер14
  1. Бибинур

    Сабақтың құрылымы жақсы жасалған мектебіміздің логапет маманына осы сабақты оқуын ұсындым үйренері көп екен құммен жұмыс жасау алдындағы ережелері да нақты түсінікті

  2. Гульдана

    Сәлеметсіздерме ! сабақ өте қызықты әрі түсінікті жоспарланған, осы сабақтан көп тәжірибе алуға болады

  3. Дана

    Сабақ өте жақсы жоспарланған, алған қойылған мақсат бар. Жұмыстарыңыз берекелі болсын

  4. Нұрлан

    Сабақта бір жақсыссы тазалыққа үйреніп шықса жақсығой. Балалар еркелеп ата-анасын тындамайды. Ұстаздары айтса ұғып алады.

  5. Риза

    Балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған керемет ойындарды алған екен

  6. Балкерим

    Білгендеріңізді бөліскендеріңізге көп — көп рақмет!

  7. Айгүл

    Ия құм терариясы өте жақсы көмектесті рахмет

  8. Бимария

    Сабақтың жоспары жақсы құрылған. Керегін өзіме алдым, сабаққа пайдалану үшін. Рақмет сіздерге.

  9. Айдана

    Өте жақсы құрылған жоспар рахмет.

  10. Меруерт

    Оте керемет,басынан аяғына дейін жоспарлап адеми жасалған!

  11. Айнур

    Жоспарланынзга рахмет,барлыгы оте тусiнikтi жане сабакка курылымы пайдалы.

  12. Ляззат

    жоспарыңызға рахмет! логопед-дефектологтардың қазақша жосарларын табу қиындау, сирек кездеседі, бәрі орыс тілінде жазылған, көп рахмет!

  13. Асемгул

    Сабақтың құрылымы өте жақсы.

  14. Жанна

    Негізі логопед болу өте қиын сияқты… бірақ маман иесі өз жұмысын керемет орындаған… көбірек логопедтердің жұмысы болса екен…

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ