Төрт түлік туралы жырлар

gzaСабақтың тақырыбы: Төрт түлік туралы жырлар

1.Білімділік:Төрт түлік туралы жырлардың шығу тарихымен таныстыру;

Жырдың идеясын таныта отырып мазмұнын ашу.

2.Дамытушылық:зейінін, таным әрекетін арттыру; шығармашылық қабілетін дамыту; өз ойларына талдау жасауға дағдыландыру.

3.Тәрбиелік:төрт түлік малды қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: «Ой қозғау», «Кілттік сөздер», «Еркін жазу»

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

«Ой қозғау» әдісі.

Сұрақ:Төрт түлік туралы не білеміз?

Оқушылар өздерінің төрт түлік туралы білгендерін ортаға салады.

ІІ. Мағынаны тану.

1. «Кілттік сөздер» әдісі.

(Сурет бойынша әдіс)

1.Тақтада берілген тірек сөздерге түсінік беру (5 минут)

2.Берілген сөздерді қатыстырып әңгіме, өлең құрастыру, өз болжамдарын жазу.

3. кітапта берілген жаңа сабақтың мәтінімен танысу барысында «Өз» болжамы мен берілген «түпнұсқаны» салыстыру.

4.Тірек сөздерге қайта оралып, табылған сәйкестіктер мен үйлесімсіздікті талдау.

Кілт сөздер:

Шопан ата

Қамбар ата

Зеңгі баба

Шекшек ата

Ойсылқара

(Сурет бойынша әр төлдің пірін сәйкестендіру)

2.Оқулықпен жұмыс.

1. «Малдың баласын сүюі» атты өлеңді мәнерлеп оқу

2. «Төрт түлік мал туралы» атты өлеңді тізбектеп оқу

ІІІ. Рефлексия.

1.Жаңа сабақты бекіту:

1. Өлеңнен төтр түлік малға қазақ халқының қалай қарағанын аңғарыңдар

2. Әрбір түлік төлінің сипатын ақындық тілмен айтыңдар.

3. Өлеңдегі әрбір төлдің сипатына лайықтап шағын суреттемелер жазыңдар.

4. Өлең шумақтарын жалғастырып жазып көріңдер.

2.«Еркін жазу» әдісі.

1) «Төрт түлік малдың пайдасы тақырыбында ойларына не келсе, соны үздіксіз

(5,10 минут) жазғызу.

2) Жазғандарын әуелі жұпта бір-бірін оқып беру, сосын топта оқыту.

ІV.Бағалау.

V. Үйге тапсырма.

Төрт түлікке байланысты жырларды жаттау.

Пікірлер5
  1. Сейсен

    «Төрт түлік» әні бар еді, сондай тамаша шығармаларды да пайдаланған жөн.

  2. Ырысжан

    Төрт түлік туралы жырлар ертеден бар.Атам қазақ төрт түлік малды қастерлеген.Төрт түлікті әр түрлі мақсатта пайдаланған.Көлік ретінде,бір жағынан ас ретінде пайдаланған

  3. Алмагуль

    Сөздерді қатыстырып әңгіме, өлең құрастыру, өз болжамдарын жазу арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамиды. Сәйкестендіру жұмыстары оқушыларға айырмашылықтарды ажырата білуіне көмектеседі. Өлең шумақтарын жалғастырып жазу арқылы оқушылардың көру, есте сақтау қабілеті дамиды. Жақсы сабақ.

  4. Ақниет

    Қыска екен сабақ!

  5. Нұрбану

    Өте қысқа құрылған.Сабақ соңында қойған мақсатына жете алады ма екен? Төрт түлік туралы жырлар толық қамтылмаған.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ