Негізгі және туынды зат есім

Сынып:3

Пәні:Қазақ тілі                                                                                

Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім(слайд-1)

Сабақтың мақсаты:

  1. 1.     Оқушылардың негізгі және туынды зат есім бойынша алған білімдерін пысықтау. Сөйлем ішінен сұрақ қою арқылы дұрыс табуды меңгерту.
  2. 2.     Зат есім тудыратын жұрнақтар туралы білімдерін толықтыру. Алған білімдерін прақтикалық сабақтарда қолдана білуге шақыру
  3. 3.     Оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қималар, үлестірме қағаздары,компьютерлік слайдтар.

Түрі:   бекіту сабақ

Әдісі: деңгейлеп‑саралап оқыту технологиясы, сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, қызығушылықтарын ояту,

Сабақтың барысы:І.  Бағдарлау‑мотивациялық кезең.

1.   Қызығушылықтарын ояту (слайд-2)

біздің  дарқан дала жеріміз бар, кең байтақ еліміз бар ,шалқып тасып жатқан айдын көлдеріміз бар ,қазақ деген атымыз бар. Осындай байлықтырымызды бетке ұстар сендерсіңдер. Болашақ сендердің қолдарыңда. Көк туымызды көкке самғататын сендерсіңдер. Сондықтан сабақты мұқият тыңдап,білімдеріңді шыңдай беріңдер.

2.  Психологиялық дайындық (слайд-3)
Айналаға алақанмен,
Жылулықты шашайық.
Сәттілік тілеп, күлімсіреп,
Біз сабақты бастайық.
(оқушылардың көңіл-күйін бақылау, сабаққа дайындықтарын тексеру)

3. Үй жұмысын тексеру.

Бір оқушыға негізгі зат есімдерді, бір оқушыға туынды зат есімдерді оқыту.

4.   Мағынаны ашу.

-Балалар бүгінгі сабақта біз  сендермен негізгі және туынды зат есімдерді айра білуге қатысты жаттығулар орындаймыз.

Көркем  жазу. ЗЗЗЗЗЗЗЗЗЗЗ

Зззззззззззззз(үзбей жаз) (слайд-4)

Мини диктант (слайд-5)

Әсеттің әкесі –орманшы. Біз Әсеттің үйіне бардық. Орманды әкесімен бірге араладық.Онда неше түрлі ағаштар өседі. Орман ағаштарының басында әдемі құстар ұшып-қонып жүр.Әнші құстар да көп. Неше түрлі зиянды жәндіктер де бар. Ағаштарды зиянды жәндіктерден қорғау керек.

  • Ø Туынды зат есімді тап.

ІІ.  Операциялық –орындаушылық кезең

‑бүгінгі сабақта сендер тапсырмалар орындайсыңдар. Үш деңгейлік тапсырмалар болады. Әр деңгейлік тапсырмалардың ішінде екі‑үш тапсырмадан. Әр тапсырманы орындау барысында «бағалау парағына»  белгі қоясыңдар.  Сабақ соңында өздеріңді бағалайсыңдар.

  1.    Деңгейлік тапсырмаларды орындау (слайд-6)

1-    Деңгейлік тапсырма (слайд-7)

1)    Көп нүктенің орнына негізгі зат есімді қойып жаз. (слайд-8)

….‑кезекші                                     …‑іскер

…..‑сыйлық                                    ….‑сөздік

….‑көлшік                                      ….‑достық

2)    Араб грамотасы. (слайд-9)

Ж…рг…з…ш…        ғ…р…шк…р

…қ…л                      ..сп..з

…қ…ш….                 б…л…м

3)    Маман иелерін атау. (слайд-10)

2-    Деңгейлік тапсырма(слайд-11)

А)Берілген жұрнақтарды жалғап,туынды зат есім жаса (слайд-12)

n1

Сергіту сәті (слайд-14)

«Қара жорға » әуенімен би қимылдарын орындау.

1-    Деңгейлік тапсырма (слайд-15)

  1. 1.     Эссе жазу. «Менің болашақтағы мамандығым» (слайд-16)
  2. 2.     Синквейн  (слайд-17)

«Кітапхана» тақырыбына  5  жол өлең жаз.

1__кітапхана__________________

2__таза,кең__________________
3__оқытады,іздендіреді, қызықтырады__________________

4__кітапхана‑қызықты мәліметке толы__________________
5__білім орны__________________

Қорытынды: (слайд-18)

‑сонымен бүгінгі сабағымызды қорытындылайық.

‑қандай тапсырмаларды орындадық?

‑ал қазір соңғы тапсырма Венн диограммасын толтыру.

n2

   
Пікірлер7
  1. Luna

    Араб грамотасы кандай, кайдан шыккан? Окушылар калай орындай керек??

  2. Жазира

    Сабағыңыз ұнады.Рахмет!

  3. Жазира

    Рахмет!

  4. Berdenova

    Рахмет. Сабағыңыз ұнады.

  5. Дария

    Жақсы Қалай жүктеп алуға болады?

  6. Ermek71

    жақсы Қалай жүктеуге болады

  7. Айнагуль

    Өте жақсы

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ