Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Қазақ тілі

 

Дауыссыз дыбыстар.Олардың түрлері


Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар.Олардың түрлері.

Мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға дауыссыз дыбыстар туралы мәлімет бере отырып, тілдің қатысына қарай қатаң, ұяң, үнді дыбыстарды ажырата білуге тәрбиелеу.

ә) Дамытушылық: Ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерін, тіл байлығын, ой-өрісін дамыту. Тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу;

б) Тәрбиелік: Тапқырлыққа, білгірлікке, бір-бірінен ажырата білуге

тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, семанитикалық карта, жаттығу жұмысы.

Сабақтың көрнекілігі: семанитикалық карта, тірек сызба,ойын тапсырмалары.

Сабақтың барысы.

І Ұйымдастыру кезеңі:

а)Оқушылармен амандасу

ә)Сыныпты түгендеу

б)сабаққа даярлықты тексеру

Психологиялық трениг «Жүректен жүрекке» Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айту. Сыныпты гүлдер арқылы 3 топқа бөлу.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

1)«Аукцион» ойыны. Сұрақтар сатылады.Қораптың ішінен сұрақтарды алып, жауап береміз.Тобымызға ұпай санын қосамыз.

1.Фонетика нені зерттейді?

2.Әріп деген не?

3.Әліпби деген не?

4.Неше дыбыс ба?

5.Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар?

6.Дауысты дыбыс жақтың қатысына қарай нешеге бөлінеді?

7.Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?

8.Еріндік және езулік дауысты дыбыстар қалаай жасалады?

9.Қазақ тіліне тән неше дауысты дыбыс бар?

10.Жұлдызыңыз жанды. Құтықтаймыз.

Ұпай сізге тегін беріледі.

ІІІ Жаңа сабақ.

«Әліппе» ханшайымы барлық әріптерге ән орындаудан жарыс жариялаған еді.Сонда осы жарысқа барлық жауысты әріптер жиналған болатын, себебі олардың дауыстары жақсы болатын және олар ән айта алатын.Барлық әріптер көзге түскілері келді, жеңіске жетуді қалады. Олар өте жақсы әндерін шырқады. Бұл байқалған жайт ханшайымның назарынан тыс қалмады.Жарысқа қатысушылардың қайсысын жеңімпаз деп жарияласам екен деп, ол түні бойы ойға батты. Себебі олардың бәрі де жарасымды ән салды емес пе? Таң атқаннан кейін біздің билеушілеріміз өзінің дана шешімін жария етті. Олар дауыстылардың сингармонизмі, яғни дауыстылардың сөз ішінде бірыңғай не жуан не жіңішке болып, олар жеке жарасымды қала болып бөлінді. Ал, дауыссыз дыбыстарды қуатты үш алыпқа жайғастырды.

Ал, мұнда дауыссыз әріптер

Бір қатарға тұрыпты

Дауыс пен шудан олар құрылыпты.

1 қала ұяң қала.Бұл қалада әрдайым ұяң: б,в,г,ғ,д,ж,з. тұрыпты.

2 қала қатаң қала. Бұнда үйлер бос тұрмайды, олар әрқашан қатаң естілетін дауыссыздар: п,ф,к,қ,т,с,ш,щ,х,ц,ч,һ

3 қала мұрын жолды үнді алқабы өзінің қонақжайлығымен атақты жақсы көреді. Атап айтқанда дауысты У әрпінің келуіне қуанады.

Үнді: р,л,й,м,ң,н, (у)

Ханшайым барлық қаланы теңіз бойына орналастырыпты.

dibistar

ә/ «Кім тапқыр?»   Жұмбақ шешу.

  1. Бір- бірімен сыбайлас,

Бірі айтылады да естіледі,

Екіншісі жазылады да көрінеді     / дыбыс, әріп/

  1. Бір ағашта отыз жеті алма,

Оны алып жетек болсаң.

Он шақтысы тамағыңнан еркін өтіп кетеді,

Қалғандары қақтығысып барып өтеді.  / дауысты, дауыссыз дыбыстар

  1. Дауысты, дауыссыз қатарында қолданылатын қай дыбыс /у/

б/ Адасқан әріпті орнына қой

  1. Б,л,а,қ,ш,а,а,а,
  2. Ұ,а,т, с,з.  Ф,н,е,т,оа,к, и.
  3. М,д,и,н,е,і,т,ә,е,т.

в/ Кітаппен жұмыс

262- жаттығу. Мына сөздерге көрсетліген жұп дауыссыздардың тиістісін жазыңдар.

/б-п/ пайдасыз, баласыз, балық, сапар, саптау.

264- жаттығу. Мәтінде көшіріп, қатаң дауыссыздардың астын –бір, ұяң дауыссыздардың астын- екі, үнді даукыссызардың астын- ирек сызықпен сызу.

Ақыл атыпты:- … дүниеге, ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын- мен, сенің сөзіңді ұғатұғын- мен.

 г/ «Кім шапшаң?» Топшамамен жұмыс

Семантикалық карта.

tab

 

 

/шәкірт,  мұғалім/

 ғ/ «Фонетика жыр жолында» ойыны. Өлеңді оқып, мағынасына назар аудару. Қарамен берліген сөздердегі дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру.

Ана деген ардақты ат,

Ананы жүр ардақтпа,

Ана есімі тұрады,

Асқарлы шыңдай асқақтап.

 

Әлдилеген бөбегін,

Әйім әже ән салды

Әнге ұйып жас сәби,

Әуезіне тамсанды.

IV .Сабақты бекіту.

д/  Экспресс сұрақтар

І топ  

1.Әліпбидің  8  –  әрпін ата.

2.Шалға қарағанда балада не көп?

3.Кітап, дыбыстар сөзінде неше әріп бар?

ІІ топ

1.Әліпбидің  19- әрпін ата

2.Әліпби тәртібіндегі  7, 20, 22-  әріптерді  тіркеп жазсаңыз,

балалардың  бір ойыншығы шығады.

3.Оқылмайды, жазылады.

Бірақ сөзден табылады.

Ол қай әріп еді,

Ойлап көрші, есіңде бар ма?

V .Бағалау. Оқушылардың сабаққа қатысына қарай бағалау  парақтары беріледі.

VІ. Үйге тапсырма: Өткенді қайталау.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Менің анам
  • Электрондық оқыту (e-learning) жүйесі – заман талабы(слайд)
  • Лексикалық тақырыбы: «Денсаулық елінде»
  • «Танакөз» поэмасынан көрініс
  • Зат есімнің тәуелденуі

Пікірлер 5 Пікір қосу

  • Римма 04.02.2021 күні 22:28 уақытында

    Сабақтары Оқушы жасына сай жасалған. Сондықтан сәттілік тілеймін!

    Жауап беру
  • Алия 27.03.2017 күні 23:15 уақытында

    Сабақта жас ерекшелігіне сай ойын элементтері мен тапқырлыққа үйрететін шығармашылық тапсырмалар берілген. Ойын жасындағы балалардың бұндай сабақтарға қызығушылықпен қатысатыны шындық. сондықтан әр сабағыңыздың нәтижелі болуына тілектеспін!

    Жауап беру
  • Aya 09.02.2015 күні 20:25 уақытында

    kuchti eken

    Жауап беру
  • Мадина 04.02.2015 күні 21:47 уақытында

    өте керемет

    Жауап беру
  • samal 02.10.2014 күні 19:20 уақытында

    жақсы сабақ екен

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.