KAZ RUS

Ата-ана (сабақ жоспары)

Сабақтың тақырыбы:  Ата-ана

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік – сөздік бірліктерді  меңгеруге жағдай жасау, жаңа сөздерді қолданып,  сөз тіркесін, сөйлем  құру, алған білімдерін синтездеу;

б) дамытушылық – өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын, әңгімелеу  арқылы сөйлеу дағдыларын, қызығушылықтарын, зейін қойып тыңдау, ойлау қабілеттерін дамыту; алған білімдерін қолдана білуге, сараптауға дағдыландыру;

в) тәрбиелік -оқушының қазақ тіліне деген   қызығушылығын арттыру, өз

отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, үлкендерді сыйлауға

тәрбиелеу, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.

Оқыту нәтижесі: жаңа сөздерді дұрыс айтады, жазады,  сөз тіркесін , сөйлем құрғанда қолдана біледі, «жуан» сұрақтарға  жауап бере алады, мәтін құра алады, сөйлем түрлерін біледі; топпен жұмыс істей біледі;  бірін бірі, топты бағалай алады, сараптайды, дәлелдейді.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың    типі: жаңа сабақ.

Сабақта қолданылатын әдістер:

топтық жұмыс,түсіндіру әдісі, әңгімелеу, өздігінен білім

алу әдісі, баяндау, мәнерлеп оқу, сөздікпен жұмыс.

 

akharuzdСабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқылым, тілдесім, айтылым, тыңдалым  әрекеттерін қолданамыз.

Фонетикалық жаттығу:

Әке – асқар тау /неприступная гора/

Ана – бауырындағы бұлақ/ родник у подножья/

Бала – жағасындағы құрақ/камышовый тростник на берегу/

А) Тақтада жазылады, мұғалім бір рет оқиды.

Б) Оқушылар оқиды.

В) Мазмұны бойынша түсінгендерін айтады.

Г) Буынның түрлерін қайталау / тұйық, бітеу,ашық /.

Д) Септіктерді қайталау / әке,ана /.

 

ІІ.Үй тапсырмасын  тексеру.

  1. 1-тапсырма. Туыстық атауларды жаттау.
  2. Сұрақ-жауап.

 

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру.

Грамматикалық тақырыптарды қайталау, жуан, жіңішке сұрақтар қою арқылы / презентация/.

Қазақ тілінде неше септік бар? Қандай?/жай сұрақ/

«Оқушы» сөзіне ілік септігінің жалғауын жалға. Неге бұл жалғауды жалғадың? “Мектеп” сөзіне барыс септігінің жалғауын жалға. Неге бұл жалғауды жалғадың? /интерпретациялық сұрақ/.

Атау септік пен басқа септіктер арасында   қандай айырмашылық бар? Көмектес септік пен шығыс септік арасында қандай ұқсастық және айырмашылық бар? /бағалау сұрағы/.

 

ІV. Жаңа сабаққа кіріспе.

 Сабақтың тақырыбымен, жүру барысымен таныстыру.

Бүгін   сабақта  ата-аналар  туралы айтамыз. Жаңа тақырыппен танысамыз, сондай – ақ қазақ тілінде сөйлеу біліктілігімізді жетілдіреміз.

 

  1. V. Жаңа сабақ. «Бағдаршам» стратегиясын қолданамын (жасыл — тапсырманы орындадым, сары – қосымша уақыт керек, қызыл — көмек қажет).

1.Сөздік сөздермен жұмыс. Сауатты оқу дағдыларын жетілтіру.

тікелей- прямой

үрім-бұтақ – поколение

қартайғанда – когда постареют

қамқорлық – защита

міндетті – обязаны

құқықтық қарым- қатынастары- правовые отношения

өркениет-цивилизация

  1. Жұптық жұмыс. Берілген сөздермен А4 беттеріне сөз тіркестерін, сөйлемдерін құрып жазады.
  2. Мәтінмен жұмыс:

а)  мәтінді оқу;

б) сұрақтарға жауап беру;

в) синтаксистік талдау; жай сөйлемді, оның түрлерін қайталау.

Дәстүрлі қазақ отбасында ата- ана ерекше құрметтелген/ жай, хабарлы, жақты, толымды/. Олардың тікелей үрім- бұтақтары ата- аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті болған / жай, хабарлы, жақты, толымды/.

г) берілген сөйлемдерді аудару:

Дәстүрлі қазақ отбасында ата- ана ерекше құрметтелген. Олардың тікелей үрім- бұтақтары ата- аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті болған .

                       Сұрақ:

                              Осы міндетті барлығы орындай ма?

 

  1. Бейнефильм «Қарттар үйінде». Фильм бойынша сұхбаттасу. Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Фильм бойынша сұрақтар:

Фильм  кімдер жайлы?

Бұл қарттар қайда?

Қарттар үйі дегеніміз не?

Бұл адамдар  неге  қарттар үйінде?

Қандай адамдар өз ата-аналарын қарттар үйіне тапсырады?

 

VІ. Жаңа сабақты пысықтау.

Тапсырмалар орындау. Жазылым, оқылым, тілдесім әрекеті.

Топтық жұмыс.

1.5 – тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құру.

Тату- тәтті тұру, құрметтеу, көмектесу, жақсы көру.

  1. Бұтақтары, отбасында, аналарын-сөз құрамына талдау.
  2. «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» тақырыбында шағын эссе жазу.

 

VІІІ.Үйге тапсырма.

 «Менің отбасым» әңгімелеу

 

VІІ. Бекіту

Рефлексия «Синквейн»

— Балалар, алдымен біз бүгінгі сабақ бойынша:

Нені білдік?

Нені үйрендік?

Синквейн — ана

1.Зат есім

2.Сын есім -2

  1. Етістік -3

4.Сөзден сөйлем құрастыру

5.Ассоциация

                           

VІІІ. Бағалау.

Бағалау критерийі бойынша топ басшылары өз тобындағы оқушыларды  бағалайды.

ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЖОСПАРЫ БАРЛЫҚ ТОПТАРҒА  БАР ЖАҢА ФОРМАТТА АЛЫҢЫЗДАР!!!

МАД ТОБЫ, ЕРЕСЕК ТОП, ОРТА ТОП

КІШІ ТОП, ЕРТЕ ЖАС ТОБЫ

Whatsappқа жазу
Пікірлер4
  1. Марал

    Керемет сабақ! Сабақ мақсатын толық орындаған

  2. Замзагуль

    Әр бала өз ата-анасының қадірін білу керектігін түсінеді, сөздік қоры молаяды, ата-анасына деген сүйіспеншіліктері артады.

  3. Амерканова Бакыт

    Сабақ жоспары жоғары деңңгейде құралды деп ойлаймын.

  4. Алмагуль

    Оқушылар осы сабақтан өздеріне көп дүние алары сөзсіз. Себебі бүгінгі өмірмен байланысы, яғни ата-ананың қадірі жайлы бейнефильм көрсетілген. Әр бала өз ата-анасының қадірін білу керектігін түсінеді, сөздік қоры молаяды, ата-анасына деген сүйіспеншіліктері артады.

Добавить комментарий

ErKeTai.KZ