Қайратым-қайсарым

Сабақтың тақырыбы: Қайратым-қайсарым

Сабақтың мақсаты: Әңгіменің тақырыбын өзекті ойын түсіндіру.

  1. 1.     Білімділік: 1986ж. желтоқсан оқиғасының себептерін, сипатын түсіндіру.
  2. 2.     Дамытушылық: Ауызша сөйлеу тілін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
  3. 3.     Тәрбиелік: Желтоқсаншылардың ерліктерін паш ету, арқылы өз отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс түсіндіру,  ой қозғау.

Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, үлестірме қағаздар.

Сабақтың барысы:

І. Бағдарлау – мотивациялық кезең.

а) Психологиялық дайындық. Ұйымдастыру.

ә) Балалар, бүгін біздің сабақ ерекше болады. Өйткені бізге қонақтар келіп отыр. Қонақтарымызбен амандасайық.

Сәлеметсіз  бе, күннің көзі

Сәлеметсіз  бе, аспан

Сәлеметсіз  бе, жер-ана

Сәлеметсіз  бе, қонақтар

Сәлеметсіз  бе, сен

Сәлеметсіз  бе, мен

 

Сабақты қызықты өткізуге 2 топқа бөлінеміз.

І топ. Данагүл, Ерасыл, Алмат.

 ІІ топ. Аружан, Айымгүл, Ринат

ІІ. Үй тапсырмасы: Ой қозғау.

Балалар, мына суреттерден бүгінгі сабағымыздың не жайлы өтетінін анықтайық.

Үй тапсырмасы да осы тақырыпқа байланысты.

Үй жұмысына не берілді?

( «он алтыншы желтоқсан» ) мәнерлеп оқу.

(Тәуелсіздік мерекесі туралы сұрақ салу.)

1 топ                                                   2 топ

3 тапсырма                                      мәнерлеп оқу

Тәуелсіздік деген сөзді жиі айтып жатырмыз, ал осы тәуелсіздік деген сөзді қалай түсінесіңдер.

ss

Тәуелсіз ел болғасын өзіміздің рәміздеріміз бар, басқа елдерге тәуелді емеспіз. Халқымыз сайлаған президентіміз бар.

Президентіміз кім?

Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. 1986ж. желтоқсан айы қазақ халқы үшін қасіретті, әрі қасиетті күн. 1986ж. желтоқсан айында қандай оқиғамен есте қалды?

Неге алаңға шеруге шықты?

Соған біздің жастарымыз наразылық білдіріп, тілімізді, дінімізді білмейтін кісіні неге қояды деп, Алматыда желтоқсан айында студенттер мен жұмысшылар алаңға шықты.

Үкімет басшыларға теріс түсініп бұларды жазықсыз кіналап жала жапты. Оларды мұздай сумен сыбаған, темір сүйменімен соққылаған.

Аналарға қол көтеріп, қазақ қыздарын шышынан сүйреп, итке талатып сыбаған. Көптеген ұл-қыздары жазықсыз құрбан болды.

Құрбан болды деген не?

(жандарын берді, өмірлерін қиды деген мағынаны білдіреді).

sss

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?
  2. Тәуелсіздік мерекесі қай айда?
  3. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім?
  4. Қиял мен арманға негізделген шығарма?
  5. Оттан да ыстық не?
  6. Қазақстан Рспубликасының президенті?

Қандай тұлғаның есімі шықты?

Бүгін біз осы желтоқсан оқиғасының қатал қаhарына ұшыраған, қыршын жас, от тілді, қайсар ақын Қ.Рысқұлбеков.

Туған жері Жамбыл облысы.

Көктерек ауылы. Әкесі Ноғайбай, анасы Дәметкен. Үйдегі жеті баланың үшіншісі болып дүниеге келді. Қайрат Р. небәрі 22 жас жасап, жасындай қысқа ғұмыр кешіп, ұлттық батырымызға айналған.

Сергіту сәті.

Жалауыңда елімнің

Жалындайды алауы

Желбірейді көгінде

Қазақстан жалауы!

Оқулықпен жұмыс.

«Қайратым-қайсарым» мәнерлеп оқу.

Қайсар қандай мағынаны білдіреді?

Қайсар жігіт кім екен? Аты затына сай.

Қайратты 1987ж. 1 қаңтар күні үйінде жаңа жылды тойлану үстінде тұтқындаған еді. Оған кісі өлтірдің деп кінә тағылды

Қойылым.

1 топ                                                2 топ

Қазақтың жазықсыз                              Тергеуші Қайраттан

ұл-қыздарын қорлап                               сұрақ алып отыр

жатқан кезде дауыс

көтере білген Ж.Молдағалиевтың

өлең жолдарын оқып береді.

Желтоқсанда бұл жазықсыз құрбан болған қазақ азаматы Қайраттың соңғы сөзі еді.

1991ж. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне енгеннен кейін желтоқсан құрбандарының істері қайта қаралып 1992ж. «Халық қаhарманы» атағы берілді.

Суретте не көріп тұрмыз?

Желтоқсан құрбандарына Алматы қаласында ескерткіш орнатылды. Алматы облысы Жаркент қ. Ербол Сыпатаев пен Ләззат Асанова ашылған ескерткіш.

Алматыға барсаңдар, ескерткішке барып, гүл-шоғын қойыңдар.

1991ж. Тәуелсіз ел болып саналамыз. Сонда тәуелсіздіктің неше жылдығын тойлап отырмыз?

( 20 жыл ).

Бізге бейбіт өмірді сыйлаған желтоқсан құрбандарын әрдайым санамызда сақтап, мақтан етейік. Олар бастаған жасампаз істерді жалғастыру бақытына ие болған біз , бұл дүниеде бақытты ұрпақпыз.

Өз елімізді, жерімізді одан әрі гүлденіп, көркеюіне ат салысайық. Ал осы ел, жер туралы мақал-мәтелдің қалып қойған сөзді тауып, мағынасын түсіндіру.

ssss

 

ІV. Рефлексия.

Сабақта көп мағлұмат алдыңдар. Алған білімдеріңді тексерейік.

Тест.

1 топ

1. Желтоқсан көтерілісі қашан болды?

а) 1986ж.

ә) 1991ж.

б) 2011ж.

2. Желтоқсан құрбаны кім?

а) Алиа Молдағұлова

ә) Роза Бағланова

б) Қайрат Рысқұлбеков

3. Қайрат не үшін құрбан болды?

а) халқы үшін

ә) баласы үшін

б) анасы үшін

2 топ.

1. Желтоқсан көтерілісі қайда болды?

а) Алматыда

ә) Астанада

б) Петропавлда

2. Желтоқсан құрбандарына ескерткіш қай қалада орнатылды?

а) Қарағанды

ә) Алматы

б) Өскемен

3. Халық Қайраттың есімін қалай дәріптеді?

а) Халық қаhарманы

ә) Халық жауы

б) Халық ақыны

Осы аға-апаларымыздың арқасында тәуелсіздік алдық, тыныш бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Айтатынымыз әрқашан күніміз сөнбесін, аспанымызға бұлт төнбесін. Осы әнмен сабағымызды аяқтайық.

          Шуақты күн.

Бүгін сабаққа белсене қатыстыңдар, сендерге өте ризамын.

V. Үй жұмысы:мәтін оқу. 10 жылдан кейін Тәуелсіз еліміздің 30 жылдығын тойлаймыз. Сендер онда 18 жаста боласыңдар. Туған жеріңді , еліңді қалай елестетесіңдер. Сол туралы эссе жазып келіңдер.

VІ. Бағалау. Марапаттау.

   
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ