Архивтеу программалары

Сабақтың тақырыбы: Архивтеу программалары

Сабақтың  мақсаты: білімділік:Архивтеу программалары туралы түсінік беру, архивтеу

программаларының түрлерімен таныстыру, архивтерді орналастыруды үйрету.

дамытушылық: оқушылардың танымдық, ойлау қабілеттерін дамыту;

тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: демонстрациялық көрсетілім көмегімен баяндау.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Көрнекілігі:Интерактивті тақта, дербес компьютер, тест тапсырмалары, оқулық, асық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

ІV. Практикалық жұмыс.

V. Сабақты бекіту

VІ. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма беру.

 

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу;

ә) оқушыларды түгелдеу;

б) ТҚЕ-сін еске түсіру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

а) бақылау сұрақтары:

  1. Компьютерлік вирус дегеніміз не?

2. Компьютерлік вирустардың негізгі түрлерін атаңдар?

3. Вирусқа қарсы программаларға мысал келтіріңдер?

 

ә) тест тапсырмаларымен жұмыс:

1. Вирус дегеніміз қандай программа?

А) компьютердің қалыпты жұмысына кедергі келтіреді; *

Ә) компьютер жадын көбейтеді;

Б) ақпараттың принтерге шығарылуына кедергі болады;

В) ақпаратты сығылған түрде сақтауда кедергі болады;

Г) кейбір компьютерлік ойындардың құрамына кіреді.

2. Дұрыс емес пікірді көрсет:

А) вирустан құтылу мүмкін емес;*

Ә) вирус компьютер жұмысын тежейді;

Б) вирус мәліметтер форматын өзгертуі мүмкін;

В) вирус экранға бөтен ақпараттарды шығарады;

Г) вирус компьютердегі ақпаратты жояды.

3. Орындалушы файлдарды жоятын вирустар түрін көрсет:

А) файлдық вирустар;*

Ә) енуші вирустар;

Б) желілік вирустар;

В) макровирустар;

Г) микровирустар.

4. Компьютерлік вирустардан қорғану дегеніміз не?

А) вирустардың енуін болдырмау;

Ә) ДК-ге вирус енсе, оларға қарсы шабуылды болдырмау;

Б) бүлдіру әрекеттерін болдырмау;

В) дұрыс жауабы жоқ;

Г) а), ә), б) жауаптары.*

5. Компьютерлік вирустар дегеніміз не?

А) қолданбалы программа;

Ә) жүйелік программа;

Б) компьютерде санкцияланбаған әрекеттер орындайтын программа;*

В) компьютердің қосымша аппараттық қамтылуы;

Г) компьютерлік ойын ойнауға арналған программа.

6. Компьютерлік вирустардың негізгі түрлерін ата:

А) аппараттық, жүктеуші, макровирустар;

Ә) программалық, жүктеуші, макровирустар;

Б) файлдық, желілік, макровирустар, жүктеуші;

В) файлдық, маровирустар, жүктеуші;*

Г) аппараттық, жүктеуші, желілік.

7. Компьютерлік вирус әрекетін көрсет:

А) көбею, вирустық шабуыл;

Ә) файлға жазу, көбею;

Б) файлға жазу, көбею, программаны жою;*

В) көбею, вирустың таралуы;

Г) файлға жазу, жою.

8. Вирустық шабуыл дегеніміз не?

А) қажет мәліметтердің көшірмесін сақтау;

Ә) аппараттық құралдар;

Б) программалық құралдар;*

В) программалық, аппараттық, ұйымдастырушылық құралдар;

Г) тек ұйымдастырушылық құралдар.

9. Вирусқа қарсы программаның негізі қандай?

А) вирустық шабуылдың басталуын күту;

Ә) кең тараған вирустардың программалық кодаларын салыстыру;*

Б) зақымданған файлдарды экранға шығару;

В) зақымданған файлдарды жою;

Г) вирустық шабуыл.

10. Вирусқа қарсы программаларды ата:

А) Avp, drweb;*

Ә) MS-Dos, MS Word, Avp;

Б) MS Word, MS Excel, Norton Commander;

В) MS-Dos, Norton Commander, drweb;

Г) MS Word, MS Excel, Norton Antivirus.

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.

Балалар сабақты бастамас бұрын мен сендерге мынадай сұрақ қойғым келіп отыр. Архив деген сөзді қалай түсінесіңдер? Архив дегеніміз не?

Резервтік көшірмені құру үшін немесе компьютерлік  желілер арқылы жылдам  беру үшін файлдар архиватор деп аталатын арнайы программалардың көмегімен архивтеледі. Архиваторлар бір немесе бірнеше файлдың орнына бір архивтік файл құрады.

Файлдарды архивтеу не үшін қажет?

— компьютер жадын тиімді пайдалану үшін (әсіресе, ақпаратты дискетте сақтауда);

— электрондық пошта арқылы жіберу үшін (орнатылатын файл өлшемі аз болған сайын жіберуге кететін уақыт та аз болады).

Файлды архивтік файлға жазу процесі – архивтеу (буып – түю, сығу), ал файлды архивтен алу – архивтен шығару  деп аталады. Буып түйілген (сығылған) файл архив  деп аталады.

Архивтеудің алты әдісі бар:

— сығусыз;

— шапшаң;

— жылдам;

— әдеттегідей;

— жақсы;

— максималды.

Ақпараттар көлемі кішірейетін, ал ақпарат саны сол қалпында қалатын әр түрлі  архивтеу алгоритмдері бар. Мәтіндік, графикалық файлдар жақсы сығылады, ал іс жүзінде архивтік файлдар сығылмайды.

Программашылар көптеген әр түрлі архиваторларды құрды, олардың ішінде кеңнен тарағаны WinRar, WinZip, сол сияқты Windows операциялық жүйесіне деректерді  Архивтеу қызметші программасы кіреді.  Архиваторды таңдағанда  олардың әмбебаптығы  және сенімділігі басшылыққа алынады.

Архивтерді құру және оларды басқарудың бірден бір кеңінен тараған әйгілі  құралына, орыс тіліне толығымен көшірілген архиватор WinRar жатады. WinRar RAR және ZIP архивтермен жұмыс жасауға, әртүрлі сығуларды орындауға мүмкіндік береді, жоғары нәтижелі деректерді сығу алгоритмін пайдаланады, көптомдық және архивтен өзі шығаратын архивтерді құрады.

Бірнеше бөліктен тұратын архивтер – көптомды архивтер деп аталады. Жалпы томдар үлкен архивті бірнеше бөліктен тұратын архивті бірнеше дискетаға немесе  басқа  сменалық  тасушыда  сақтау үшін пайдаланылады.

ІV. Практикалық жұмыс.

Компьютерде құжаттарды архивтеу. Оқушылар өздерінің құрған құжаттарын архивтейді.

V. Сабақты бекіту.

“Аукцион” ойыны. Мұғалім өтілген тақырып бойынша сынып оқушыларына арнап тест тапсырмаларын дайындайды. Ойынды жүргізу үшін гонг (немесе ағаш балғаша) қажет. Мұғалім аукцион өткізеді: сұрақтар қояды, жауаптарға түсініктеме беріп, бағалайды, жеңімпазды анықтайды. Дұрыс жауаптары үшін неғұрлым көп асық жинаған оқушы жеңімпаз болады.

Тест тапсырмалары:

1. Архиватор – программа дегеніміз не?

А) файлдардың ақпараттық көлемін кішірейтетін программа;*

Ә) файлдарды бөлшектеп көшіруші программа;

Б) интерпретатор;

В) хабарлаушы;

Г) мәліметтер қорын басқарушы жүйе.

2. Архивтік файл дегеніміз не?

А) көп қолданылмаған файл;

Ә) көшіруден қорғалған файл;

Б) компьютерлік вирустан бұзылған файл;

В) сакцияланбаған енгізуден қорғалған файл;

Г) архивтеуші көмегімен тығыздалған файл.*

3. Файлдың тығыздалу деңгейі неге тәуелді?

А) файл түріне байланысты;

Ә) файл түріне және архиватор программаға;*

Б) тек архиватор программаға;

В) компьютер өнімділігіне;

Г) файлдың архивтелуі жүретін дербес компьютердің жедел жадының көлеміне.

4. Мына әрекеттердің қайсысын архивтік файлда орындауға болады?

А) қайта пішімдеу;

Ә) қарап шығу;

Б) орындауға жіберу;

В) редакциялау;

Г) сығу.*

5. Архивтік файлдың алғашқы файлдан айырмашылығы неде?

А) оған ену аз уақытты қамтиды;

Ә) редакциялау өте ыңғайлы;

Б) вирустардан жеңіл қорғанады;

В) санкцияланбаған енуден жеңіл қорғанады;

Г) дискіде аз орын  алады.*

6. Кең таралған архиватор қандай?

А) WinRar,WinZip, power Archiver;*

Ә) WinDos,power Archiver, WinZip;

Б) WinZip,Windows Arhivator,power Archiver;

В) Windows Arhivator, WinZip, WinRar;

Г) power Archiver, Windows Arhivator, WinRar.

 

VI. Үйге тапсырма беру.

§14. Архивтеу программалары. «Архиватор» сөзіне сөзжұмбақ құру.

VII. Сабақты қорытындылау.

“Жыланша” ойыны. Оқушылар айнала отырады. Сосын бірі бастап келесі адамнан бастап кезекпен қолын алып, тілегін айтады. Оның соңынан келесісі ереді. Ойын осылайша қашан барлығы бір – біріне тілек айтып болғанша жалғасып кете береді.

Пікірлер6
  1. Айгуль

    архиватор программалары — көлемі үлкен файлдарды сығу үшін қажет.

  2. Камшат

    сабақ өте жақсы құрылған, балаларға түсінікті деп ойлаймын!

  3. Жанаргүл

    Мыңжасарова Светлана, сабағыңыздың құрылымы жақсы, бірақ оқушының іс әрекеті, мұғалімнің іс әрекеті бойынша бөліп жазсаңыз нұр үстіне нұр болар еді. Рахмет!

  4. Қарлығаш

    Сабақтың түрі-демонстрациялық көрсетілім көмегімен баяндау деген екенсіз, алайда, сабақ барысында байқамадым және барысы тек тест тапсырмаларымен шектелген екен. Келісемін, халықтық педагогиканы өте жақсы қолданған екенсіз

  5. Сыздиков Давлатжан

    Мыңжасарова Светлана, жұмысыңыз керемет. Бірақ, ішінде орфографиялық қателіктер бар. (Мысалы: маровирус-макровирус болу керек). Жалпы жұмысыңыз өте жақсы. 10 баллдан 10 баға қойдым…

  6. Айгерим

    сізге көп рахмет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ