Программа интерфейсі, терезелер, объектілер

Сабақтың тақырыбы: Программа интерфейсі, терезелер, объектілер

Сабақтың мақсаты: программа терезелерімен таныстыру.

Сабақтың міндеті:

а) білімділік: Блендер программаның негізгі принциптерін, терезелер және объектілердің қасиеттерін меңгерту;
ә) дамытушылық: өмірден  мысалдар келтіруді және програмамен жұмс жасауа компьютерді тиімді қолдануды үйрету, шығармашылық және логикалық ой-лау қабілеттерін дамыту;
б) тәрбиелік:оқушының шығармашылық білігін, танымдық қабілетін, өзі тұжырым жасауға және өзінің айтқанын дәлелдеуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың көрнекілігі:
ДК, интерактивті тақта, Blender программасы

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

а) кабинетті және құрылғыларды сабаққа әзірлеу;
ә) оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
б) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
II. Оқушыларды сабақ жоспарымен және мақсатымен таныстыру.

ІІІ. Жаңа сабақ.
3 қатпарлы, яғни 3D, анимация және моделдеу соңғы жылдары тез қарқынмен дамып, кең ауқымды қолданысқа түсті. Бұл, сөзсіз, өнердің жаңа саласы кино, мультипликация, рекламмалық роликтер дайындау, ойын жасау және түрлі презентациялар жасаудан бастап, сәулет өнері мен инжинерияда және көптеген т.б салаларда қолданылады.

Blender бағдарламасы: 1. Тақырып жолы

2. Мәзір қатары

3. Құрал-саймандар қатары

4. 3д көрініс терезесі

5. Таим лаин терезесі

6. Қасиеттер терезесі

Бүгінгі шолуымызда 3 қатпарлы моделдеу мен анимацияны түрлі этаптарға бөліп қарастырамыз.

Жалпы 3D анимацияның не екенін түсіну үшін көзіңіздің алдында тұрған барлық заттарды кеңістікке (декарттық X, Y, Z кеңістігі) жайғастырыңыз. Сонда әрбір заттың белгілі бір координатасы бар нүктелерден және түрлі өзінен кіші фигуралардан (сызық, эллипс, куб т.б) құралғанын байқаймыз. Міне 3D модельдеу және оны анимациялау негізінде осы принцип жатыр, яғни „аса күрделі заттарды қарапайым нүктелер не фигуралар көмегімен кеңістікте құрастыру„.

Құрастру кезеңдері:

  1. Моделлинг
  2. Текстуринг
  3. Риггинг
  4. Анимациялау
  5. Рендеринг

IV. Түсінгендерін тексеру

  1. Blender қанда программа?
  2. Қандай терезелерден тұрады?
  3. Қанша этапқа бөліп жұмыс жасаймыз?

V. Бекіту кезеңі

Blender программасында төртбұршпен орындық, стол жасау.

VI. Қорытындылау кезеңі. Сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.

VIІ. Үйге тапсырма: Үй макетін жасау

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер8
  1. Акбота

    өте керемет әріптес! қатты ұнады!

  2. Айнур

    сабақ ұнады

  3. Гульнар

    сайтка калай тіркелеміз

  4. Газиза

    Маған жоспар ұнады

  5. Байгульжина Няйля Кадырболатовна

    осы тақырып бойынша жарияланған қандай материалдар бар?

  6. Курбан

    Өте жақсы

  7. Janar

    Маған мына жоспар ұнады. Осы сабақ жоспарын қалай көшіруге болады?

    1. Erketai (автор)

      Сайтқа тіркелсеңіз көшіре аласыз.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ