Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Информатика

 

Ақпаратты өңдеу тәсілдері


Сабақтың тақырыбы: §3. Ақпаратты өңдеу тәсілдері

Сабақтың мақсаты: білімділік: тірі ағзалардың ақпаратты қабылдауына, ақпарат

беруі мен қолдануына мысалдар келтіруді үйрету, қоршаған ортаға ақпараттық көзқарас қалыптастыру;

дамытушылық: ақпаратты сақтау, жеткізу және өңдеу тәсілдерімен тиімді жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;

тәрбиелік: ізденімпаздыққа, жаңашылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: түсіндірмелі – пікірталас.

Сабақтың жабдығы: оқулық, дербес компьютер, ACTIVOTE құрылғысы, суреттер.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

 

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Жұппен жұмыс жасау. Бір оқушы екінші оқушыға сұрақ қояды. Мұғалім оқушы жауабын тыңдайды. Сұрақтар экранда көрсетіліп тұрады.

1. Ақпарат дегенді қалай түсінесіңдер? Мысал келтіріңдер.

2. Адамның пайда болуына дейін ақпарат болды ма?

3. Ақпаратты ұсынудың қандай формаларын білесіңдер? Мысал келтіріңдер.

4. Қандай әрекеттермен ақпаратты өңдеуге болады?

5. Адам ақпаратты қандай ақпарат көздерінен қабылдайды?

6. Ақпараттың қандай қасиеттерін білесіңдер? Мысал келтіріңдер.

 

3. Білімді өзектендіру.

Сұрақтар:

1. Біз ақпаратты қайда кездестіреміз?

2. Біз ақпаратпен не істейміз?

3. Қандай да бір әрекетсіз ақпарат болады ма?

 

4. Жаңа сабақты түсіндіру.

Ақпарат жасалады, жеткізіледі, сақталады және өңделеді. Ақпаратпен орындалатын әрекеттер ақпараттың кезеңдері деп аталады. Қандай да бір әрекеттер ақпараттық кезеңдерде орындалады.

Ақпаратты сақтау

Ақпаратты қайта – қайта пайдалану және оны тасымалдау үшін ақпаратты сақтаудың маңызы өте зор. Ақпаратты сақтау үшін адамдар жадыны немесе «сыртқы» тасығыштарды қолданады. Ерте заманда бұл мақсатта тастар мен папирус пайдаланылды. Қазіргі ақпарат қағаз бен электрондық тасығыштарда – дискілер мен флешкаларда сақталады.

Егер ақпараттың көлемі үлкен болса, онда өзіңе керекті ақпаратты табу қиынға түседі. Бұл жағдайда ақпарат белгілі бір тәртіппен реттелуі тиіс. Реттелген ақпаратқа әртүрлі картатекаларды (кітапханалардағы, емханалардағы) жатқызуға болады. Компьютердің де ақпаратты реттеу құралдары бар. Ақпаратты бумаларға үлестіріп сақтауға, алфавит бойынша, жазылған күні бойынша және т.б. сұрыптауға болады.

Ақпаратты жөнелту

Ақпаратты алыс қашықтыққа жеткізу үшін адамдар әртүрлі құралдар ойлап шығарған. Оларға

телеграфты, телефонды, теледидарды, Интернетті және басқаларды жатқызуға болады.

Ақпаратты жөнелту үшін қолданылатын құрылғыларды ақпаратты жеткізу арнасы деп атайды. Ақпаратты жеткізу арнасының сапасы нашар болса, онда жөнелтілетін ақпарат бұрмалануы немесе оның қайсыбір бөлігі жоғалуы мүмкін.

Ақпаратты жеткізу үдерісінде әрқашан ақпарат көзі және оны қабылдаушы болады. Ақпарат көз ақпаратты жөнелтеді, ал қабылдаушы – оны қабылдайды. Мысалы, сабақты түсіндіруші мұғалім – ақпарат көзі де, оқушылар – оны қабылдаушы.

Ақпаратты өңдеу

Ақпараттың кез келген өзгеруі оның өңделуі деп аталады. Мысалы, есепті шығарудың өзі – бұрын белгілі есептен жаңа ақпарат алу. Ондай ақпаратты адам логикалық ойлау немесе математикалық есептеулер арқылы алады. Басқа мысал ретінде ақпаратты бейнелеу түрінің өзгеруін қарастыруға болады. Мысалы, мәтінді бір тілден екінші тілге аудару.

Ақпаратты өңдеу оның бастапқы түрден басқа түрге айналуын немесе ақпарат мазмұнының өзгеруін білдіреді. Ақпаратты өңдеу нәтижесін адам ары қарай өз қажетіне жаратады.

5. Компьютермен жұмыс.

А деңгейі

1. WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар. Ол үшін Пуск→ Все программы → Стандартные → WordPad батырмаларын басыңдар.

2. «Ақпаратты сақтауға, жеткізуге және өңдеуге болады» мәтінін теріңдер. Үтір зақша тергенде жоғарғы қатардағы «6» батырмасы арқылы теріледі, ал бас әріптерді теру үшін CapsLock пернесін басу керек. Сөздердің арасын ажырату үшін бос орын пернесін бір рет басыңдар.

3. Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.

В деңгейі

1. WordPad мәтіндік редакторын ашыңдар (Пуск→ Все программы → Стандартные → WordPad).

2. «Түйін» бөліміндегі мәтінді теріңдер.

3. Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.

 

С деңгейі

«Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар» бөліміндегі 6 – тапсырманы орындаңдар. Ол үшін өздеріңе белгілі кез келген программаны қолданыңдар.

 

6. Сабақты бекіту.

Бақылау сұрақтарын қою:

1. Ақпаратқа қандай амалдар қолдануға болады?

2. Адам ақпаратты қалай сақтайды?

3. Ақпаратты қайда сақтауға болады?

4. Ақпаратты жөнелту арналары деген не? Мысал келтіріңдер.

5. Адам ақпаратты қалай өңдейді?

6.* Әдетте өздерің компьютерде ақпаратпен атқаратын әрекеттеріңді атаңдар.

 

7. Үйге тапсырма беру.

Оқулықтың §3 мазмұндау, тест тапсырмасын орындау.

 

Тест жауаптары:

 

1      2      3     4     5     6     7

B     B      C     B      C    D    C

 

8. Сабақты қорытындылау.

Оқушыларды бағалап, журналға, күнделіктеріне баға қою.

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Компьютерлік графика слайд
  • Ақпаратты кодтау.
  • «Мультфильм» шығармашылық жұмыс
  • Символдық және жолдық шамалармен жұмыс істеу тәсілдері
  • Paint редакторында үзінділермен орындалатын әрекеттер

комментария 11 Пікір қосу

  • Карина 07.04.2017 в 21:30

    Қазіргі заманда ақпарат құралдарымен жұмыс қажеттіліқтердін бірі болып саналғандықтан осындай мақалалар жақсы көмек болып келеді.Қызықты мәліметтер алдым.

    Ответить
  • Қарлығаш 06.04.2017 в 12:37

    Тақырып ауқымды, алайда тапсырмалары жеңіл, с деңгейінде қандай программада орындауын анықтау керек еді, себебі, оқушы ең қарапайым түріне жүгінеді

    Ответить
  • жанагуль 27.09.2015 в 21:34

    өтінемін жауаптарын жазыңыздаршы

    Ответить
    • uzdik 27.09.2015 в 21:37

      Ненің жауабын сұрап жатырсыз?

      Ответить
  • Рахош 10.12.2014 в 20:20

    өте жаксы жасалған

    Ответить
  • гулзира 06.11.2014 в 11:23

    такырыпка сай накты
    сабактар болса

    Ответить
  • Бақытберген 30.10.2014 в 15:37

    Саламатсызба? Жұмыстарыңыз өте тамаша таза еңбек екені көрініп тұр тек көшіре алмаймыз, көшіріп алуға болмаспа екен?

    Ответить
    • uzdik 30.10.2014 в 15:50

      Салем! Сайтқа тіркелсеңіз көшіре аласыз.

      Ответить
  • Сымбат 14.10.2014 в 09:18

    өте керемет

    Ответить
  • Сымбат 14.10.2014 в 09:18

    өте керемет сайт барлық сабақ жоспарлары кітаптағы материал маған ұнады. likе))

    Ответить
  • Нурсулу Тургазыева 05.03.2014 в 14:24

    шааааршаааадым осы сөзден

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025
  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері
  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!
  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.