Жатыр мен қынаптың дұрыс орналаспауы

Жатыр, аналық мен жатыр  түтікшелерінің физиологиялық қозғалғыштық қасиеті бар, соған байланысты, жатыр гинекологиялық тексерулер барысында, жүктілік, қуық пен көтеншектің толған кездерінде жеңіл қозғалады. Дені сау әйелдің бала туатын жасында, оның вертикальды сызығында тұруында, қуықты босатқаннан және дефекациядан /көтеншекті босату/ кейінгі жыныс мүшелерінің орналасуын қалыпты жағдайдағы жыныс мүшелерінің орналасуы деп атайды.

Бұл жағдайда жатыр кіші жамбастың ортасында, қасаға мен сегізкөзден, сонымен қатар жамбастың бүйір қабырғаларынан бірдей қашықтықта орналасады. Жатыр түбі алға және жоғары қарайды, кіші жамбастың кіру жазықтығының шегінен шықпайды.

Сонымен жатырдың дұрыс орналасуы /жатыр денесі мен мойыны арасындағы өткір емес бұрыш касаға қарайды/-антефлексия, антеверзия. Жатырдың дұрыс орналасуына оның иілгіш, көтермелегіш және тұрақтандырғыш аппараты әсер етеді /жатырдың дәнекері, жамбас түбінің бұлшық ет және фасциясы/. 

Жатырдың дұрыс орналасуын қамтамасыз ететін фактор жыныс мүшелерінің тонусы болып табылады, ол жыныс гормондарының мөлшеріне және организмдегі барлық жүйелердің қалыпты жағдайда қызмет етуіне және іш қуысы мүшелерінің әсер етуіне, көк ет, құрсақ шандыры және жамбас түбінің бұлшық еттерін реттейтін іш қуысының қысымына байланысты.

Аталған факторлардың дұрыс әсер етуі бұзылғанда жыныс мүшелерінің орналасу ауытқушылығы пайда болады. Жатыр орналасуының ауытқушылығы деп, оның кіші жамбастағы дұрыс орналасуынан ауытқуын атайды, бұл ауытқу тұрақты болады, сонымен қатар жатыр мойыны мен денесі немесе жатыр қабаттары арасындағы әдеттегі байланыстың бұзылуы да жатады.

  Жатыр орналасуы ауытқуының төмендегідей түрлері бар:

1. Жамбас ішінде жатырдың вертикальды не горизонтальды жазықтық бойынша түгел ығысуы /диспозиция/.

Жатырдың вертикальды жазықтық бойынша ығысуы жоғары не төмен қарай болуы мүмкін. Бұл жағдайда  жатырдың жоғары көтерілуі байқалады.. Жатыр жоғары қарай ығысқан, оның түбі кіші жамбасқа кіру жазықтығынан жоғары орналасады,жатыр мойнының сыртқы ернеуі интеренинальды /жамбастың қасаға сүйектерінің алдыңғы-жоғары ұштары арасындағы қашықтық/ сызықтан жоғары жатады. Қынаптың зерттеу кезінде жатыр мойныны жету қиыңға түседі.

Жатырдың төмен түсуі-жатыр түгелдей төмен түскен, жатыр мойнының қынапқа қараған бөлігі интерспинальды сызықтан төмен орналасады,бірақ жыныс қуысының шегінен тіпті күшенгенде де шықпайды. Жатырдың түсіп не шығыпкетуі-күшенгенде не онсыз жатырдың түгелдей не жартылай жыныс қуысының шегінен тыс шығып кетуі. Жатырдың горизонтальды жазықтықтан алға, артқа, солға, оңға қарай /антенозиция,ретропозиция,синистранозиция, лекстрапозиция/ ығысуы мүмкін.

2. Жатыр бөліктері мен қабаттарының өз-өзіне қарай ығысуы.Жатырдың натологиялық иілуі болып бөлінеді.Жатыр денесі бұл жағдайда бір жаққа ығысады, ал жатыр мойыны қарама-қарсы жаққа ығысады.Патологиялық иілу бөлінеді антеверзио-жатырдың тік осі алға иіледі, жатыр денесі алға және төмен қараған, ал жатыр мойыны артқа және жоғары қарай ығысқан.

Ретроверзиоз-жатыр денесі артқа және төмен, ал жатыр мойыны алғы және жоғары қарай иілген.Декстраверзио-жатыр денесі оңға және жоғары қарай иілген, ал жатыр мойыны солға және төмен қарай иілген, жатыр мойыны оңға және төмен қараған.

3. Жатырдың бүгілуі. Жатырдың физиологиялық бүгілуінен айырмашылығы сол, жатыр денесі мен мойыны арасыңдағы бұрыш өткір болады.Бұл өткір бұрыш-алға, артқа, оңға, солға бағытталады.Жатыр бөліктерінің ығысуына жатырдың бұрылуыжәне тіпті оның қозғалмайтын жатыр мойыны бөлігінде айналуы жатады.

Сонымен қатар жатырдың теріс айналуы да жатады.Бұл кезде жатырдың шырышты қабаты-сыртқа, ал сыртқы-ішке қарайды.Осы аталған жатырдың орналсуының ауытқуынан жиі кездесетіні-жатырдың төмен түсуі және шығып кетуі,жатырдың ретрофлексия және антефлексиясы.

Жатыр орналасуының ауытқушылығы: кіші жамбастағы патологиялық процестердің, параметральды шел қабатындағы, жатыр қосалқысыңдағы, жамбас пердесіндегі қабыну аурулары және іріңдіктер /абецесс/, қабыну инфильтраттары, ісіктер, қабыну процесі немесе оперативтік шаралардан кейінгі кіші жамбастағы тыртықты өзгерістер нәтижесінде пайда болады.

Жатырдың не аналық бездің ісіктері оның өз осінен айналуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Патологиялық иілу мен бүгілуге жыныс мүшесінің инфантилизм және гипоплазиясы /дұрыс жетілмеуі/, сегізкөз-жатыр сіңірлерінің іштен туа біткен әлсіреуі де бейімдейді.Бұл ауытқулардың клиникалық белгілері соны туғызған ауруларға байланысты.

Клиникалық суреттемесі.Жатырдың патологиялық иілуі мен бүгілуінің клиникалық белгілері: бел-сегізкөз маңайы ауырады жыныс қатынасы ауырып өтеді, кейде кіші дәретке отыра ауыртады, іші қатады, етеккір қызметінің көп, ұзақ және ауырып келуі түріңдегі бұзылулары, ақ бөліндінің көп келуі байқалады. Кейде бедеулікке, жүктіліктің түсіп қалуына ұшыратады. Дегенмен аталған ауытқулар клиникалық белгілерсіздер де өтуі мүмкін.

  Анықтауы. Клиникалық тексеруден кейін диагноз қойылады.

Жыныс мүшелерінің дәнекер және кіші жамбастың шел клеткасы.

Жатыр мен қынаптың қосарлануы дегеніміз не және оның емі.

Жатыр мен қынап қабырғаларының төмен түсуі және шығып кетуі.

Жатыр түтікшелері немесе ұрық жолдары.

   
Пікірлер2
  1. Қарлығаш

    Жатыр ортаңғы жағдайда ауытқыған дегенді қалай түсінеміз ?

  2. Молдир

    рахмет! осы тургыда акпарат керек болып еди)

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ