Соз ауруының алдын-алу

Алдын-алу шаралары тұрғындарды диспансерлік тексеруден өткізуге негізделген. Тері венерологиялық диспансері инфекция көзін тауып тазалайды, инфекция кезінде күмәнді адамдарды тауып, тексереді. Тексеруге адамдарды шақыру почта арқылы жабық хат жіберу не патронажды мейірбикеге тапсыру арқылы жүзеге асырылады.

Диспансерлерде балалар мекемелерінің қызметкерлерін, сонымен қатар қоғамдық-тамақтану мекемелерінің алдын-алу қараудан өткізеді.Дәрігер және орта буынды медицина қызметкерлері әңгіме-лекциялар жүргізеді, санитарлық-ағарту фильмдерін көрсетеді.

Әйелдер консультациясының міндетіне гонорея ауруымен ауыратын науқастарды және ауруға күмәнділерді табу, венерологиялық диспансерге табылған әр жағдайды баяндау, соз ауруы бар әйелдерді емдеу, соз ауруымен емделген жүкті әйелдерді босану үйіне хабарлау жатады.

Балаларды соз ауруынан сақтау, бала туылғаннан кейін жедел түрде бала көзін 2 –тті бор қышқылының ерітіндісімен жуу, көзге 30  -тті сульфацил-натрий ерітіндісін және 2 сағаттан кейін тамызу керек. Осы шаралар сақталуы тиіс.

Балалардың жеке төсегі және тазалық заттары болуы тиіс. Соз ауруына күдік туғанда балалар дәрігері /педиатр/ венеролог маманына көрсетуі тиіс, ол қыз баланың сыртқы жыныс мүшесін қарауы тиіс.

Балалар мекемелерінің қызметкерлері жұмысқа түсерде, әр 3 ай сайын, сонымен қатар осы мекемеде қызметкерлер не балалар арасында соз ауруы табылса, міндетті түрде венеролог қарауынан /бактериоскопиялық тексеру/ өтулері қажет.

Қыз баланың соз ауруы. Сипаттамасы және емдеу жолдары.

Соз ауруын лабораториялық жолмен қалай анықтауға болады.

Мамандандырылған гинекологиялық көмек кімдерге көрсетіледі.

Жатырдың қабыну ауруларының белгілері және емі.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Майра

    Аурудың алдын алу әдістері бар жақсы мақала

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ