Қыз баланың соз ауруы

Балаларға соз ауруының жұғуы әдетте жыныс жолдарынан тыс жағдайда байқалады. Инфекция көзі шешесі не баланы күтетін басқа адам болып табылады. Инфекция төсек жабдықтары, ойыншықтар, жеке тазалық заттары арқылы жұғуы мүмкін.

Инкубациялық кезең 3 күнге дейін созылады. Ересектерден айырмашылығы қыз балаларда, соз ауруының бірінші ошағы жиі вульва мен қынапта /вульвит, вагинит/ орналасады.Сирек жағдайда /уретрит/ несеп жолының /үрпі/ қабынуы, проктит, өте сирек жағдайда бартолинит кездеседі.Қыз балаларда жоғары өрмелейтін соз ауруы кездеспейді.

Соз аурының жаңа түрі жедел не торпидті түрде өтуі мүмкін. Жедел вульвовагинитте үлкен және кіші жыныс ернінің терісі, қынап сағасының шырышты қабаты өте ісіңген, қызарған, қынаптан келетін іріңді-шырышты бөліндімен жабылған. Несеп жолының сыртқы тесігінен іріңді бөлінді бөлінеді.

Қыз бала кіші дәретке отырғанда ауыратындығына /әсіресе несеп жолының күшті дамуында/ шағымданады.Вагиноскопия жасағанда ісіңген, қызарған қынаптың шырышты қабатын анықтауға болады. Қабынудың жедел құбылысы өшкенде, аурудың созылмалы сатысында ісік және қызару белгілері жойылады, шырышты қабаттың бетінде өте көп дәнді ашық-қызыл түсті бөртпелер пайда болады, бұл гранулезді кольпит, вульвит.Вульва маңайында өткір ұшты кондилома пайда болуы мүмкін.

Анықтау жолдары.Соз ауруын анықтау анамнез, обьективтік және лабораториялық тексерулер мәліметтеріне негізделеді.Баланың қандай тұрмыс жағдайында тұратындығын, ересектермен бір төсекте жататындығын анықтау қажет.Баланың ата-анасы соз ауруына тексерілуі тиіс.

Қыз балаға бактериоскопия жасау үшін несеп жолы мен қынаптың артқы күмбезінен өтпейтін қасықшамен бөлінді алады.Жұғындыда гонококк табылмаса химиялық провокация жасалынады.Резеңке катетер арқылы қынапқа 2 мг глицеринмен Люголь ерітіндісін немесе 2% –тті күміс нитрат ерітіндісін, ал уретраға көз пипеткасының тамшылатқышымен глицерин мен Люголь ерітіндісін жібереді.Провокациядан 24 және 48 сағат өткен соң несеп жолы, қынап пен көтеншектен жұғындыға бөлінді, ал 72 сағаттан кейін жұғындыға және егуге алады.

Емдеу жолдары.Емдеу емханада жүргізіледі.Бүкіл емдеу кезеңіне төсекті режим, антибиотиктер, жалпы нығайту емі және зақымдану ошағының жергілікті емі белгіленеді.Соз ауруының жедел жаңа түрінде пеницилиннің курсты мөлшері 3 млн бірлікке дейін ал жоғары өрмелейтін соз ауруында-6 млн бірлікке дейін  болады.

Сонымен қатар левомицетин қолданылады /курсты мөлшері 5-тен 8 гр-ға дейін, бала жасына сай/.Жергілікті ем түймедағы тұнбасынан /тәулігіне 10-15 минуттен 2-3 рет/ жасалған отырғыш бұлаушасын қолданудан тұрады.Жедел вульвит және дерматитте 5 %–тті протаргол ерітіндісімен кесінділер /прокладка/ қойылады.

Вагиниттің жедел үсті және созылмалы сатыларында және 1-2 % -тті протаргол ерітіндісімен күйдіреді.Жедел үсті және созылмалы несеп жолының қабынуында несеп жолына /үрпіге/ көз тамшылатқышымен 2 %–тті протаргол ерітіндісінін 1 тамшысын, ал проктитте- көтен ішекке 10-20 мл протаргол ерітіндісін жібереді.

Балаларда соз ауруынан айығу критериясын анықтаудың маңызы зор. Мектеп жасындағы қыз балалардың емі аяқталғаннан кейін 1 ай көлемінде емханада жатады, онда оларға 3 күн ішінде жұғынды алумен қатар 2-3 провокация жасалынады.Алғашқы провокацияны бактерияға қарсы емді аяқтағаннан кейін 7 күн өткен соң жасайды.

Егер аурудың клиникалық белгілері жоқ болса, қайта лабораториялық тексеру кезінде, біріккен провокацияға дейінгі және онан кейінгі жұғындыларда ауру қоздырғышы табылмаса, қыз бала балалар ұжымына жіберіледі.Мектеп жасындағы қыз балалар емнен және бақылау провокациясынан кейін мектепке жіберіледі, бірақ 3 ай көлемінде диспансерде тексерулерден өткізіледі.

Әйелдің несеп-жыныс жүйесінің төменгі бөлігінің соз ауруы.

Соз ауруы дегеніміз не және оның сипаттамасы.

Жүкті әйелдердегі соз ауруын қалай емдеуге болады.

Әйел жыныс мүшесінің паразитарлы ауруларын емдеу жолдары.

   
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ