Жүкті әйелдердегі соз ауруы

Жүктілік кезінде әйел созбен ауырса, жүктілігін сақтау үшін, ауруханада емдеу керек. Жүктілік кезінде бензилпеницилинмен, эритромицин, левомицетин, сульфаниламидтермен емдеуге болады. Жүктіліктің 2-ші жартысында бензилпеницилиннің курстық мөлшері 1,5-2 есе көбейтіледі.Тетрациклин тобына жататын дәрілермен емдеуге болмайды.

Иммунотерапиялық препараттардан /жүктіліктің 2-ші жартысында / 100-150 млн. микробтық дене мөлшерінде гоновакцина создың қайталанған түрлерінде қолданылады.Жүктіліктің кез келген айында уретраға, тік ішекке, вестибулярлық үлкен бездерге жергілікті ем жасауға болады.

Жатыр мойнына /түсік қаупін туғызбас/ үшін жүктілік кезінде жергілікті ем жасауға болмайды.Босанғаннан кейінгі созды емдеу.Антибиотиктерді созылмалы соз ауруындай етіп тағайындайды.Сүт түзілу кезінде /лактация/ вакцинамен емдеуге болмайды.Босанған кейін уретраға, тік ішекке, жергілікті емді бастау қажет.

Жатыр мойнына 5-6 аптаға өткен соң жергілікті емді бастау керек. Аборттан кейін жатыр мойнына 10 күн өткен соң жергілікті емді бастау керек.

Хламидиоз-грам-теріс-хламидий бактериялары арқылы жұғатын ауру. Бұл микроб күннің ультракүлгін сәулесі мен жоғары температураға өте сезімтал, шығару мен жыныс мүшелерінің гонококктық емес қабыну процестерінің 60 % , ерлерге 55 % -і хламидиялармен байланысты.

Инкубация кезеңі-5-30 күнге дейін, уретрит, эндоцервицит, эндометрит, аднексит және т.б. қабыну процестері дамиды.Сырқат жыныстық қатынас арқылы жұғады.Клиникасы жыныс мүшелерінің қабыну процестеріне  тән белгілермен сипатталады, кейде бедеулікке әкеліп соқтырады.

Цилиндрлік клеткалардың цитоплазмасында диаметрі 0,5-1,2 мкм-ге тең көкшіл-күлгін немесе қызғылт түсті, ядроға жақын орналасқан кішкене денешіктерді /Романовский-Гимза тәсілімен боялған/ бактерия-хламидий анықталынады.

Емі.Комплексті болу керек, этиологиялық, патогенетикалық, симптоматикалық емнен тұрады. Ең жақсы нәтиже беретіні-тетрациклин қатарындағы антибиотктер, күніне 2 г, 14-21 күн береді.Сульфаниламидтері қосып берген өте тиімді.Эритромицин, рондомицин, вибрамицин, доксициклин, макролидтер сияқты антибиотиктерді де қолдануға болады.

Клиникалық белгілері, қоздырғызы жойылғаннан кейін аурудан жазылған болып есептелінеді.Соз ауруынан жазылудың критериясы.Соз ауруынан науқастың жазылуын анықтаудың маңызы зор. Егер бөліндіде гонококк табылмаса және әйел жұғу көзі болып анықталмаса, науқасты соз ауруынан айықты деп айтуға болады.

Ем аяқталысымен науқасты бақылауға тексере бастайды.Жыныс-несеп мүшелерін клиникалық тексеруден ұқыптылықпен өткізеді, қабыну процесінің жоқтығы анықталынады және несеп жолы /үрпі/, мойын каналы, үлкен вестибулярлы без және көтеншектен бактериоскопиялық зерттеуге бөлінді алады, мүмкіндік болса бактериологиялық зерттеу жүргізіледі.

Ем аяқталысымен 7-10 күннен кейінгі алынған лабораториялық тексеруде қоздырғыш табылмаса, алғашқы біріккен провокацияны бастайды-гоновакцина егуі немесе пирогеналмен гоновакцина егуі, несеп жолы мен көтеншектің төменгі бөлігін 1% -тті глицеринді Люголь ерітіндісімен, ал жатыр мойнының каналын 5% -тті күміс нитратының ерітіндісімен тазалайды.

24 және 72 сағаттан кейін барлық ошақтан лабораториялық тексеруге бөлінді алады. Егер осы жағдайда гонококк табылмаса, кейінгі жұғындыны кезекті етеккір кезінде алады. Оның соңында біріккен провокацияны қайталайды, жұғындыны 3 күн көлемінде алады.

Кейінгі 2-3 ай көлемінде 2-3 біріккен провокацияны жасайды және әр етеккір кезінде жұғынды алады. Лабораториялық тексеру мәліметінде гонококк табылмаса, және жұғу көзі табылса, 3 айдан кейін әйелді дені сау деп есептейді.Егер жұғу көзі табылмаса, 6 ай көлемінде науқасты диспансерлік бақылауға алады және ай сайын серологиялық тексеру жүргізіледі /Вассерман реакциясы/.

Антибиотиктер емінің тиімділігіне байланысты, қазіргі уақытта соз ауруымен ауыратын науқас емнің толық курсын қабылдаса, 90% -ттік жағдайда жазылу байқалады.Соз ауруының қолайсыз ақыры ретінде әйел жыныс мүшесінде байқалатын өзгерісте болуы мүмкін /әр түрлі жабысулар, ығысулар, өсіп кетулер/.

Кейде ұзақ уақыт көлемінде цервицит, жатыр мойнының жарасы /эрозиясы/, шырышты- іріңді бөлінділердің көп болуы қалады.Аталған қабыну процестері арнаулы емес инфекциямен көтермеленеді.

Науқас ауыратындығына, бөліндінің көп бөлінетіндігіне, бедеулікке, еңбек қабілетінің төмендеуіне шағымданады. Соз ауруынан қалған аталған өзгерістердің емі комплексті болуы керек/аутогемотерапия, алое экстракты, физикалық, батпақты емдер/.

Қыз баланың соз ауруы. Сипаттамасы және емдеу жолдары.

Соз ауруын лабораториялық жолмен қалай анықтауға болады.

Соз ауруы дегеніміз не және оның сипаттамасы.

Соз ауруын қалай емдеуге болады? Медициналық кеңес.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ