Гинекологиялық ауруларды тексеру әдістері

Анамнез

Науқастың шығымын білу мақсатында дұрыс жүргізілген сұраудың, оған дейінгі өмір мәліметтерін жинаудың және бұрын ауырған ауруларын білудің, сонымен қатар осы аурудың дамуы жөніндегі мәліметтердің /аурудың анамнезі/ диагноз қоюда алатын маңызы зор.

Төлқұжаттық мәлімет

Жыныс мүшесінің анатомиалық және функциональдық еркшеліктеріне байланыстынауқастың жасының алатын орны ерекше. Әйел өмірінің әр кезеңіндегі бір, не сол құбылыстың өзі қалыпты жағдай, не қай бір аурудың белгісі болуы мүмкін. Мысалы, балалық және қарттық шақтардағы етеккірдің келмеуі қалыпты жағдай болып табылады, ал бала туу кезеңінде ол жүктілікті не басқа патологиялық жағдайды білдіреді.Жастық кездегі шектен тыс бөліндінің келуі қабыну процесінің барлығын, ал қарттық шақта қатерлі ісікті көрсетуі мүмкін.

Шағымы: Науқас дәрігерге шағымымен көрінеді, ол аурудың субьективтік белгісіне жатады. Гинекологиялық науқастар жиі ауыру белгісіне, бөліндінің бөлінуіне, қан кетуге және етеккір қызметінің басқа бұзылуларына, бедеулікке, көрші мүшелер қызметінің бұзылуына шағымданады.Сонымен қатар науқастар басқа жүйелер мен мүшелер ауруларына тән белгілерге де шағымдануы мүмкін.

Ауру белгісі-гинекологиялық аурулардың жиі шағымданатын шағымы. Ауру белгісінің жиі себебіне тіндердің мехникалық тітіркенуі /созылуы, жиырылуы, ығысуы/ жатады. Ауруы жатырдың түйілмелі /спастикалық /жиырылуында /аборт не түсік/, жатырдың туылып келе жатқан шырыш асты миомасында, жатыр түтікшесінің жиырылуында /түтікшедегі жүктілікте / байқалады.

Нервтер соңының немесе іріңді ісіктермен қабыну инфильтратымен немесе ісігімен қысылып қалуында ауру белгілері пайда болады. Тыртықтар мен жабысулар ығысуына және оның ауыруына әкеледі.Науқаспен әңгімелесу барысында ауру белгісінің барлығын білу жеткіліксіз болады. Оның қалай ауыратындығын, сипатын, қарқыны, орналасуын, берілуін міндетті түрде анықтау қажет.

Сипатына сәйкес аурудың толғақ тәрізденіп ауыру, тартып ауыру, кескен тәрізденіп ауыру, сыздап ауыру сияқты түрлері бар. Толғақ тәрізденіп ауруы жыныс мүшесінің бұлшық еттерінің жтырылуына тән ауруларда /түсік, түтікшелі түсік, жатырдың шырыш асты миомасы/ байқалады. Сыздап ауыру қабыну процесіне тән, қабыну қарқынының өсуінде пиосальпинкстің жарылуында шаншып, кескен тәрізденіп ауырады, тіпті «қанжар» салғандай ауыру байқалады.

Ауыру сезімінің қарқынын, оның ұзақтығын анықтау керек.Түтікшенің немесе аналық бездің іріңдігі жарылғанда, сонымен қатар жыныс мүшесінің қатерлі ісіктерінің метастазына ауырудың күші күшейе түседі.Ұстамалы ауруы түтікше жүктілігінің бұзылуына тән. Ауруды анықтау барысында ауыратын жерді білу керек.

Гинекологиялық ауруларда жиі іштің төменгі жағы, мықынның оң не сол жағы, сегізкөз тұсы ауырады, сыртқы жыныс мүшесінің ауыруларында зақымданған жер ауырады.Ауырудын сегізкөз, сан, бұғана асты аймақтарына берілуі /френикус симптомы/ гинекологиялық ауруларға тән нәрсе.

Тұқым қулаушылық қасиеті

Өмір анамнезінің бұл тарауы арқылы жанұялық ауруларынан мағлұмат алынады, яғни тұқым қуалайтын арулары анықталынады.Жақын туыстарында эндокрингі, психикалық, қатерлі ісік, қан және зат алмасу ауруларының, маскүнемдіктің барлығын анықтайды. Тұқым қуалауға бейімділігі бар және қолайсыз жағдайда аурудың дамитыны сөзсіз. Науқасқа жете түсіндіре білу қажет, тұқым қуалаушылықтың ауырлығы ауру дамуын анықтай алмайды.

Тұрмыстық жағдайы

Ерте жас кезіндегі өмір жағдайы бүкіл организмнің дамуына әсер етеді.Жеткілікті, бағалы,әсіресе жыныстық жетілу кезеңіндегі тамақтанудың маңызы ерекше. Жеткіліксіз, шамадан тыс не құнсыз тамақтану жыныс жүйесінің дұрыс қалыптаспауына, сонымен қатар етеккір және бала туу қызметтерінің бұзылуларына әкеліп соқтырады.

Әйелдің үй жағдайын, оның үйдегі еңбек етуі мен тынығуыныңқалай ұйымдастырылғаны зерттеледі.Үй жағдайындағы көп, ауыр, физикалық жұмыстар аурулар дамуын туғызады немесе оның өту барысын қиындатады. Босанудан кейінгі кезеңде ауыр заттар көтеру, қарттық шақтағы ауыр жұмыстар жыныс мүшесінің төмен түсуі мен түсіп кетуіне әкеліп соқтырады.

Науқастың  мамандығы, еңбек жағдайы , мамандықтың зияндылығы /шан, химиялық зияндылық,  вибрация, радиация/ кейбір аурулардың өту барысында қолайсыз әсер етуі мүмкін.Ұзақ уақыт аяқпен тұру, мәжбүрлі қалыптағы жұмыстар бел ауруын туғызады.Науқастың еңбек және тұрмыс жағдайларымен танысу ауру дамуының себебін айқындауға мүмкіндік береді.

Бұрын ауырған жалпы аурулары. Бұрын ауырған жалпы ауруларының өту ерекшеліктеріне, емдеу және ақырғы нәтижелеріне көңіл болу керек, әсіресе аурулардың  созылмалы өтуінде, қайталауға  бейім түрлерінде мұңы білудің орны ерекше.

Жыныстық жасы жетілу кезеңіндегі ауырған созылмалы тонзиллит /баспа, эпидимиялық паротит немесе шошқа мойын, қызылша, т.б.жұқпалы аурулары/ етеккір қызметінің қалыптасуына  қолайсыз әсер етеді, әйел жыныс мүшесінің толық жетілмеуіне /инфатилизм/ әкеліп соқтырады.

Малярия, туберкулез, ревматизм, баспаның жиі болуы және пневмония, әсіресе балалық кезеңдегі ауырған аурулары жалпы және жыныстық дамудың кешігуіне, ол кейіннен етеккір қызметінің бұзылуына, бедеулікке, жүктіліктің сақталмауына әкеліп соқтырады.Науқасқа бұрын, әсіресе іш қуысына операция жасалғандығы анықталынады.

Бұрын соқырішекке (аппендицитке) жасалған операциясы, жатыр қосалқысының қабынуына, жабысу процестеріне, жатырдан тыс жүктілікке әкелуі мүмкін. Сонымен қатар қосалқы аурулары /қабыну, ісік тәрізді аурулары/ анықталынады.Өзіндік /соматикалық/ немесе психикалық аурулары гинекологиялық аурудың клиникалық суреттемесін қиындатып не өзгертуі мүмкін, оның диагностикасы мен емін қиындатады.

Анамнезінде гемотрансфузия болғандығын анықтаудың маңызы зор. Қан құйылғандығын, оның құйылу себебін, гемотрансфузияға патологиялық реакциялар болғандығын анықтау қажет.Сонымен қатар аллергологиялық реакциялары анықталынады. Бұл дәрілік емді тағайындауға қажет, өйткені ол науқастың дәріні көтеру икемділігіне сәйкес беріледі.

Етеккір қызметі және оның бұзылуы туралы не білесіз.

Әйел жыныс мүшесінің қабыну аурулары жиі кездесетін себептері.

Секретті және жыныстық қызметі туралы не білеміз.

Бала туу қызметі дегеніміз не және осы тақырыпта толық ақпараттар.

   
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ