Қынаптың қабыну аурулары

Кольпит-қынаптың шырышты қабатының қабынуы.Қынаптың қынаптық бацилл көмегімен өзін-өзі тазалау қасиеті бар. Қынаптың микробтануында оның қабынуы міндетті емес. Қабыну туғызатын факторларға постменопауза, аналық безді алып тастағаннан кейінгі кезеңдердегі аналық бездің гипофункциясына байланысты организмдегі гормонды бұзылулар жатады.

Эстроген гормонының аз түзілуіне байланысты қынап эпителий клеткасындағы гликоген саны азаяды,ол қынаптың бацилл микробының өміріне керекті зат болып табылады.Осының әсерінен организмнің натогенді микробтарға қарсы күші төмеңдейді.

Жеке бас және жыныстық өмір тазалығының ережесін сақтамау, сыртқы қоргаған ауаның шаңдануы /өндірісте/ антибиотиктерді ұзақ қолдану, қынап дөңгелектерін дұрыс қолданбау /қынап қабырғалары төмен түскенде/, кольпит дамуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Кольпиттің қоздырғыштары стафилакокк, стрептококк,трихоманады, гонококк және саңырауқұлақтар болып табылады.

Клиникалық суреттемесі:Іріңді, сары, жасыл түсті, иісі қолайсыз бөліндінің көп бөлінуі, қынап пен сыртқы жыныс мүшесінің қышымасы тән. Саңырауқұлақты кольпитте бөлінді ақ түсті, ірімтік тәрізді. Айна арқылы қарағанда қынаптың қабырғалары қызарған, кейде ашық-қызыл түсті өте майда бөртпелер пайда болады.

Оларды сипағанда тегіс емес, кедір-бұдырлау болып тиеді және дәкелі тампон тисе қанайды.Атрофиялық кольпит аналық бездің гормонды қызметінің төмендеуіне және қынаптың шырышты қабатының жұқаруына байланысты қарттық кезеңде дамиды.Қатерлі процестің даму мүмкіндігін ескере отырып, қынап жұғындысын атипия клеткаларына зерттеу керек.

Анықтау.Диагноз клиникалық суреттеме негізінде қойылады.Этиологиялық факторды анықтау мақсатында міндетті түрде қынап жұғындысын бактериоскопиялық тексеруден өткізеді.Емі.Емі жалпы және жергілікті емдеу әсерлерінен тұрады.Саңырауқұлақты кольпитте саңырауқұлаққа қарсы ем /пистатин, леворин/ қолданылады.

Алдымен қынаптың гидрокарбонат натрий /бір шай қасықты 1 литр суға/ не түймедағы, календула, фурациллин, перманганат калий ерітінділермен жуып алады.Сонан кейін қынапқа айна салып,зарасыздандырылған тампонмен құрғатып, эмульсиялы /синтомицинді, стрептоцитті/ тампон не қынап балауызын қояды.

Тампон, балауызды кешке және түнге қарай қояды, ал таңертең науқастың өзі оны алып тастайды. Балауызды науқас үй жағдайында өзі қоя алады.Саңырауқұлақты кольпитте қынапты глицериндегі бұрамен тазалап, нистатинді балауыз қояды, леворин майы қолданылады. Кольпиттің алдын-алу жеке бас тазалығын сақтауға байланысты.

Жатырдың қабыну ауруларының белгілері және емі.

Әйелдерде кездесетін сыртқы жыныс мүшесінің қабыну аурулары.

Эндометрит дегеніміз не? Клиникалық суреттемесі және Емі.

Кандидоз бұл қандай ауру және оны емдеу жолдары.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ