КҮН ЭНЕРГИЯСЫН ҚОЛДАНУ

«КҮН ЭНЕРГИЯСЫН ҚОЛДАНУ»
Бораншы Нұрсұлтан Ерланұлы
6 «А» сынып оқушысы, Рудный қаласы «№7 орта мектебі» КММ

Жетекшісі: Мамаева Арайлым Серікбекқызы
Физика және информатика пәнінің мұғалімі, №7 орта мектебі

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында айтылған энергетикалық тапшылық – өзекті мәселелердің бірі. Жер қойнауында, әсіре Қазақстанның ұлан-ғайыр, әрі бай жер қойнауында қазба байлығының мол болғанына қарамастан, адамзат оны жылдан жылға игеріп жатыр. Алайда, шикізат көзі өлшеусіз емес, бір күні ол да шегіне жетеді.
Сондықтан Күн энергиясын қолдану өркениеттің дамуының негізгі факторы болып табылатындығы белгілі. Бүгінгі күнде : оттегі қорларының азайып кетуіне байланысты, оны алмастыратын энергия көзін таппасақ, біздің өркениетіміздің даму перспективасы жоқ деуге болады. Қосымша энергия қоры ретінде Күнді пайдаланудың мәні және пайдасы зор екендігі айқын. Өйткені, оның экологияға зияны жоқ және Жер бетіндегі тіршілікке үйреншікті энергия көзі. Адамзат, күн энергиясының ағынын өз бақылауына алып, қолдану арқылы жердің климатын сақтап қала алады.
Бұл жұмыста күн энергиясын пайдаланудың мүмкіндіктері бағаланып берілген. Алдымен, негізі жылу станциялары болып келетін жер энергетикасының жалпы күйі талданған. Жылу энергетикасын басқа энергия көзін пайдалануға ұсынылады.
Адам қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Күн сәулесін қолдану мүмкіндігі жан-жақты зерттелді. Есептеулер нәтижесінде , күн энергиясын қолдану арқылы тек ірі қалалар мен өндіріс орындарын ғана емес, жеке тұрғын үйлерді де қамтамасыз етуге болады. Бұл энергияның құны көп жағдайларда қымбатқа соғады. Сонымен қатар, күн энергиясын қолдану экологияға зиянсыз деп есептеуге болмайды.
Жұмыстың түрі — зерттеушілік.
Жұмыстың тақырыбы– өндірістік үрдіс, көлік, тұрғындарды күнделікті қажеттілігіне қажетті энергиямен қамтамасыз етудегі өзекті мәселелерін шешу.
Тақырыптың өзектілігі -Адамзаттың энергияны қажеттілігі өсуде және оны қамтамасыз ету мүмкіндігі төмендеуі.
Жұмыстың негізгі мақсаты-негізгі энергия көздерін дамытудың перспективасы және ерекшеліктерін анықтау, сонымен қатар осы даму нәтижесінің кері әсерін зерделеу.
Гипотеза:
1. дәстүрлі энергия көзіне негізделген қазіргі заман энергетикасының жойылуға бетбұрысы.
2. энергияны өндірудегі ойланбаған кеңейтулердің экологиялық апатқа әкеп соғуын түсінбеу, адамзаттың жойылуына әкеп соғу мүмкіндігі.
Жұмыстың басты әдістемелік құралы – электр энергиясын өндірудегі физикалық принциптермен, әдістер және технологияларды зерделеу,энергетика өндірістерінің қоршаған ортаға және негізгі энергия көздерінің табиғи қорларға әсері. Альтернативті энергия көздерін қолданудың перспективасын зерттеу.
Зерттеу жұмысының болжалған нәтижесі -дәстүрлі электр энергиясының қоры болашақта адмазаттың энергияды қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды. Алтернативті энергия қорлары ретінде қазіргі кезде Күн, су, жел, толқын және т.б. энергияларын қолдану ұсынылуда. Бірақ осылардың барлығы жеке-жеке орасан зор энергия қажеттілігін қамтамасыз етуі мүмкін емес. Сондықтан, осы энергия қорларын бірге пайдалану жерді қажетті энергиямен қамтамасыз етуге үлкен үлесін қосады.
Зерттеу әдістері: — Өздігінен ғылымиәдебиеттерден іздену.
— Осы жобаны іске асыру, тәжірибеге енгізудің міндеттерін белгілеу.
Ғылыми жобаның нысаны ретінде журналдар, ғылыми әдебиеттер, энциклопедия және интернет желісінен алынды.
Ғылыми жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы:
Еліміздегі энергетика секторының соңғы жылдардағы статистикасына сүйенсек, жалпы өндірілетін электр энергиясына шаққанда жылу электр стансалары – 87 пайызды, су электр стансалары – 12 пайызды, басқалары – 1пайызды құрайды екен.
Көмірсутегінің бағасы күрт қымбаттап, көптеген Еуропа елдері балама энергия көздерін пайдалануға бет бұрған. Еліміздегі энергетиканың салалық бағдарламалары бойынша 2014 жылы баламалы энергия қуатын өндіру көлемі 1 пайызға жетуі керек. Бұл салаға 2011-2014 жылдар аралығында 7 миллиард доллар инвестиция жұмсалады. Бұл, әрине, баламалы энергия көздерін игерудің тамаша бастамасы. Алайда, тың өндіріс саласы болғандықтан, оны дамытып, түбегейлі зерттеу, қолданысқа енгізу өзекті мәселе болып отыр. Бірақ, осы мәселені шешудегі ең маңызды мәселе экологиялық апатқа ұшырамау жолдары екендігі ұмтылмауы керек.

 

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер10
  1. Сейсен

    Альтернативті энергия көздерін қолдану жолдары жөніндегі зерттеу еңбегі екен, табысты болуына тілектеспіз!

  2. Ирода Ганишева

    керемет мәлімет берілген.
    күн энергиясы қазіргі таңда өте маңызды

  3. Ұлбосын

    Қажетті материалдар екен.Сіздерге рахмет:

  4. Ұлбосын

    жақсы сайт екен.Көптеген материалдар алдым.

  5. Ерлан

    Өте қажетті материал болды. Көмегіңізге рахмет. Тағы жа жұмыстарыңыз жарияланса.

  6. maira.d-86@mail.ru

    күн энергиясын пайдалану толығырақ мәлімет керек еді,болса

  7. maira.d-86@mail.ru

    өте жаксы сайттардын бірі десек болады,рахмет, шығармашылық табыстар тілеймін

  8. Азат

    электор энергиясының қолдануы

  9. Азат

    рахмет оте жақсы керемет сайт

  10. Азат

    өте керек болып бұр№алдын ала Рахмет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ