Түсіну дәрежесін бағалау (Физика)

Түсіну дәрежесін бағалау:

Сабақ жоспарлары;

Тұжырымдамалық түсінуді дамыту үшін жауап алуды пайдалану туралы рефлексивтік есеп.

№2 топ тыңдаушысы

Жумабаева Жаныл Кенжебаевна

 

                                             Ақылсыз адам өзгенің оны түсінбей жүргенін айтады,

                                                               Ақылды адам өзгені түсінбей жүргенін айтады.

                                                                                                Конфуций

   Александер 2008 диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ойталқыларда салауатты келешек мүмкіндіктерін анықтап, оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады деген екен. Оқушылардың белгілі бір құбылысты тұжырымдамалық түсінуін дамыту үшін  олардың сұрақтарға берген жауаптарын сараптап отыру қажет деп ойлаймын.Сабақ барысында әлеуметтік өзара іс-әрекеттер оқуда маңызды рөл атқарады. Мұғалім оқушы және оқушы-оқушы жағдайындағы қарым-қатынас түсінікті дамыту мен мағынаны ашудың елеулі бөлігін құрайды.

uzdikJanilАдамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға қабілетті. Сондай-ақ танымдық  қабілет бар да, танымды тану  бар. Сондықтан мен,мұғалім ретінде , балаларға оқу қағидаттарын үйренуде көмек көрсету үшін төменде көрсетілетін  оқу үдерісінің пайдасын айқындайтын 4  факторды негізге аламын:1/балалардың оқу үдерісін түсінуі,2/нені оқу керектігін түсінуі,3/ оқу үдерісін қалай құрылымдау қажеттігін білу,4/ оқу нәтижелілігін бағалау мүмкіндігін игеру.

Осы  факторларды негізге ала отырып, ең алдымен оқушылар нені біледі,яғни білім игерудің басталу нүктесін  анықтап алу қажет.Сонымен қатар бұл орайда  өткен материалдардан сұрақтар бере отырып, олардың түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін жоғары деңгейлі сұрақтарды   ықпалдастырып, таңдап алу қажет.  Мысалы : “Егер суы бар ыдысқа картопты және жуаны салсаңыз,олар суда қалай орналасады ? Олардың осылайша орналасуының себебі неде ? “Осы құбылысты басқа сұйықтықта орындасақ, алған нәтижелерің бірдей бола ма ? деген сұрақтың жауаптары әртүрлі дәрежеде берілуі мүмкін еді.

Берілген сұрақтарға алынатын балама жауаптарын алдын-ала ескере  отырып, білімдерін алға қарай дамытатын көмекші сұрақтар қойдым немесе басқа топ мүшелерінің пікірлеріне Осы топтың жауабымен келісесіңдер ме ,әлде басқа пікірлерің бар ма ? деп пікір алмасуларды әрі қарай өрбітуге мүмкіндік беріп отырдым.

Оқушылардың тақырыптарды тұжырымдамалық түсіну дәрежесін анықтау үшін өткен материалдардан шағын / 5 сұрақ/” Архимед күшін білеміз бе ?” тест  тапсырмаларын, жаңа тақырыпты меңгеру деңгейлерін анықтау үшін “ Денелердің жүзу шарттары” семантикалық картасын , жалпы” Қысым” тарауын жинақтау мақсатында сөзжұмбақ беріп, олардың орындалу деңгейін анықтап, жіберген қателіктерін сараптап, оны болдырмау мақсатында келесі сабақта   қайта бағыттау сұрақтарын беріп отырдым.

Мысалы: сұйықтықтың тығыздығын өлшейтін құрал ареометрдің қалай өлшейтінін анықтауға берілген  тапсырмада   оқушылардың денелердің суда жүзу шарттарының өмірдегі қолданылуын  білу көзделеді.Осы сұраққа қате жауап айтылды. Әрине, оқушы  қателеседі, қате екенін мойындап барып, ойына белгілі бір түйін түйеді, ол түйін мықты байлану үшін нақты дәлелдемелерді тыңдайды,өз пікірін айтады.

Енді оқушы неліктен қателесті? Бұл жерде оқушының қателесу себебі : оқушыларда математика сабақтарында қалыптастырылатын кері ойлау стратегиясының жоқтығында, яғни бір таяқтың екі ұшы болады, 5>3, кері 3< 5. Осы арада мен : Балалар, ареометр суға батырылған дене , жүзу шарттары денеге қатысты айтылады, сендер енді осы жүзу шарттарын сұйыққа қатысты айтып көріңдерші деген ұсыныс айттым. Әрі қарай оқушылар өз түсінгендерін әркім әр дәрежеде  айтып жатты. Барлық оқушының пікірлерін тыңдап, оқушылардың тұжырымдамалық түсініктерінің дұрыс қалыптасу үстінде екеніне көзім жетті.

Мектеп тәжірибесінде өткізген  тізбектелген сабақтар топтамасында мен оқушыларға толық тұжырымдамалық түсініктер қалыптастыра алдым деп ойламаймын.  Оқушылардың тақырыптарды түсіну дәрежесін анықтауға берген өзін-өзі бағалау парақшаларын, сабақ туралы ойларын білу үшін баспалдақ, ауа-райы ,бесбармақ түрінде берілген стикерлерді сараптай отырып, олардың түсіну деңгейлерін  дұрыс анықтай алдым деп айта аламын.

Зерттеуге алған 7а сыныбында   түсіну деңгейлері жоғары- нақты 4 оқушы, жоғарыдан төмендеу- 7 оқушы, орташадан жоғары- 4, орташа-3. Әр оқушының  тұжырымдамалық түсінуіндегі қателіктері,оны жою жолдары туралы сабақтар барысында толық  мәлімет алдым деуге болады.

Осы зерттеулерімнің нәтижесінде алдағы уақытта оқушыларымның  бойында  физика пәні бойынша  терең білім негіздерін  қалыптастыру үшін әр оқушыны жете зерттей отырып, олармен жақсы қарым-қатынас орната отырып, олардың дайын білімді емес, олардың ЖАДАймағында  білімді өздігінен алуда оларға жақсы көмекші бола аламын деп ойлаймын.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер4
  1. Балжан

    рамет мен іздеген тақырып тапканыма куаныштымын

  2. Айнагүл

    макала оте жаксы жазылган екен маган унады

  3. Бекпенбетов Жаркынбек

    Автор өз жұмысында мектептегі тәжірибесінде әріптестермен бірлескен әрекетте олардың идеяны түсіну дәрежесін бағалау жайлы жақсы жұмысымен бөліскен.

  4. Эльвира

    Өте жақсы жазылған

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ