Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ертегілер

 

Шудукай (авар ертегісі)


Шын ба, өтірік пе, кім білсін, бұл өмірде Шудукай деген әйел болыпты. Оның бес қызы бар екен.

Бір күні Шудукай дәмді ботқа әзірлейді. Тамақты ыдысқа құяр кезде қасық жетіспейтінін байқайды. Ағаш әкеліп, содан тезірек қасық жасай қояйын деп ойлайды да, орманға бармақшы болады. Жолда қасқырға тап болады.

  • Сәлем, Шудукай! Қайда кетіп барасың? — дейді қасқыр.
  • Орманға, — дейді де, жылдамдатып жүріп кетеді.

Қасқыр Шудукайдың үйіне келеді де, есік қағады:

  • Қыздарым, аша қойыңдар, мен шешелерің Шудукаймын ғой!
  • Жоқ, ашпаймыз! Бұл біздің шешеміздің дауысы емес! Оның дауысы жіңішке әрі жағымды болатын. Сен жаусың, әрі жүр бізден! — дейді қыздар.

Қасқыр әрі-бері жүріп, уақыт өткізіп барып, тағы келеді де, жіңішке дауысқа салып:

шудукай ертегісі

— Қыздарым, аша қойыңдар, мен шешелерің Шудукаймын ғой! — дейді. Шешеміз екен деп байғұс қыздар ескіті ашады. Қасқыр үйге басып кіріп, ойранды салады. Қыздардың біреуі күлге түсіп кетеді, біреуі сандыққа тығылады, үшіншісі төбеге жабысып қалады. Қасқыр қалған екі кішкентай қызды жеп қояды. Содан кейін май, бал және урбеч құйылған барлық құмыраны түбіне дейін жалап, ботқаның түгін қалдырмай ішіп, орманға қашып кетеді.

Шудукай үйіне оралғанда, ойран-топыры шыққан отбасын көреді де:

  • Кім мұны істеген? Қайдасыңдар, қыздарым? Тірісіңдер ме? — деп айқайлайды.
  • Сұмырай қасқырдың ылаңы, ол біздің сіңлілерімізді жұтып қойды,- дейді тірі қалған қыздары.

Шудукай зар еңіреп, жылағанда екі етегі жасқа толады. Оның дауысын естіп түлкі жүгіріп келеді.

Не болды, Шудукай? Сен неге жылап отырсың?

Шудукай оған басына түскен ауыр қасірет туралы айтып береді. Бәрін

мұқият тыңдаған түлкі былай дейді:

  • Жылама! Сенің қайғыңа көмектесемін. Сен тек маған дәмді етіп ботқа пісіріп бер.

Осылай дейді де түлкі орманға қарай бет алады. Келе жатып ағаштың түбінде демалып жатқан қасқырды көреді.

  • Е, достым, байқаймын, өзің тыңқия тойып алыпсың. Енді тамақты сіңіру үшін таудан сырғанап ойнау керек қой, — дейді түлкі.

Қасқыр бұған келісе қоймайды, бірақ қу түлкі қойсын ба, ақыры көндіреді. Түлкі өзімен бірге су құйылған құмыраны ала жүреді. Биік таудың басына жетіп, сырғанауға кіріседі. Қасқыр енді сырғанай бергенде, түлкі оның құйрығына су құя қояды, қасқырдың құйрығы мұзға жабысып қалады.

  • Өй, қу түлкі! Сен не істеп жатырсың? — деп қасқыр ырылдай ұмтылғанмен, орнынан қозғала алмайды; мұзға жабысқан құйрығы жібермейді.

Бұлардың айқай-шуын есітіп, қыздарын ертіп Шудукай да жетеді. Қолдарына таяқ алып, келе қасқырды төпелей жөнеледі. Қасқырдың танауынан кішкентай екі қыз ытқып шыққанша әбден соғады…

Сол күні түлкі Шудукайдың үйінде мәз-мейрам қонақ болып отырғанда, құйрығы мұзға жабысқан қасқыр даланы басына көтеріп, ұлып жатты деседі…

Осы кезден бастап адамдар арасында «қулықтың жеңбейтін күші жоқ» деген сөз тарапты.

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Төрт аңшы ертегісі
  • Науша хан
  • Ат пен марал ертегісі
  • Айлакер түлкі һәм аңқау тиын
  • Екі аяз ертегісі

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Кім жылдам турнирі

    25 Авг 2025 / Толық оқу

  • мақал мателМақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

    14 Авг 2025 / Толық оқу

  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы

    12 Авг 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Фев 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы
  • Жұмбақтар жауабымен
  • Су перісінің бар екеніне сеңесін бе?

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.