Озат іс-тәжірибе

Ғылымды үйренуде ережелерден гөрі нақты мысалдар пайдалырақ.

Исаак Ньютон

Білім беру саласындағы мәселенің бірі – оқушыларды өзін – өзі басқаруға үйрету. Осы мақсатты алға қойып, өз тәжірибесінде оқытуды жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір сабағын түрлендіріп өткізу әдіс – тәсілдері енгізілді.
Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда, деңгейлеріне орай тапсырмалар беруде Ж. Қараевтың үшөлшемді әдістемелік жүйесі, деңгейлеп оқыту технологиясының маңызы ерекше.
Жаңа инновациялық технология әдістері оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеуіне, қорытындылар жасауға, зерттеулер жүргізулеріне ықпал етіп, шығармашылыққа баулып, жүйелі білім алуға жетелейді.
Физикалық жаттығулар мен логикалық есептерді шығаруға оқушы деңгейіне қарай тапсырмалар беріледі.
Физика – экспериментті ғылым. Сабақта алған теориялық білімдерін өмірмен ұштастыра отырып, физиканы күнделікті өмірде, техникада қолдануларына ықпал етеді. Сабақта негізгі электрлік ұғымдарды қайталау, тізбектерді жинау, физика мен электротехника пәндерінің байланысын ашу, физика заңдарының техникада қолданылуын қарастыру, политехнизм ұстанымын қалыптастыру, тақырыптар бойынша білімдерін есеп шығару мен тәжірибеде, зерттеулерде пайдалану мақсаттары көзделеді.
Физика пәнінен инновациялық әдістермен сабақ өткізгенде көбіне информатика, электротехника, математика пәндерімен байланыс жасауы тиімді. Сабақ өткізу үрдісінде тәжірибелік сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын туындатады. Оқушылар өз беттерінше жұмыс істегенде сызбалар арқылы тізбектер құрастыру, жинау, өзіндік жұмыстарын топпен біріктіруге ұмтылуға бетбұрыс жасайды.
Заманауи талапқа сай білімді ақпараттандыру – өзекті мәселе. Сондықтан пәнді меңгертуде электронды оқулықтарды пайдаланудың орны бөлек. Оқушылардың деңгейлеріне қарай тапсырмалар берілгенде, оқушы деңгейін білу үшін белгілі педагого – психологиялық әдістер арқылы тануға болады. Оқушы алдымен қабілетіне қарай сыныпта шартты түрде дараланады. Бұл даралануды мұғалім өзі құпия сақтайды.
Оқушының қабілетіне, деңгейіне қарай тапсырмалар берілгенде, оны орындаудағы белсенділігі, ұтқыр жауаптары, жаңа білімді жылдам меңгеруі, тапсырмасын орындаудағы тиянақтылық, қайталау сұрақтарына мүдірмеуі т.б есепке алынады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалардың нәтижесінде оқушы өздігінен ізденеді, зерттеулер жүргізеді, теорияны тәжірибе арқылы талдауға талпынады.
Озаттардың әдістерін ортаға салып, оқытудың жаңа технологияларын іс – тәжірибеге енгізу, білім сапасын көтеру – жаңашыл мұғалімнің міндеті.
Сыныбы: 11 сынып
Сабақтың тақырыбы: Дифракциялық тор
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың дифракциялық
тор, дифракциялық тордың
атқаратын қызметі жөнінде түсінік алу, жаңа білімді іс жүзінде қолдана білу;
Оқушылардың дифракциялық спектр мен депрессиялық спектрлерді салыстыруы арқылы оларды талдау, салыстыру, негізгісін бөлу сияқты қабілеттерін дамытуды жалғастыру;
Өз бетімен білім алуға тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылықты арттыру;
Сабақ әдісі: сұрақ – жауап, баяндау, деңгейлік тапсырма;
Сабақ типі: Алғашқы жаңа білімді бекіту сабағы;
Пәнаралық байланыс: химия, математика
Сабақ көрнекілігі: компьютер, интертақта, слайдтар, электронды оқулық
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Жаңа сабаққа даярлау кезеңі
ІІІ. Жаңа білімді түсінудегі іс – әрекет
Оқушылар өз беттерімен электрондық оқулықтан 4.5 «Дифракциялық тор» тақырыбын оқиды.
IV. Түсініктерді тексеру. Оқушыларға сұрақтар қойылады.
1. Дифракциялық тор дегеніміз не?
2. Дифракциялық тор қалай жасалады?
3. Ең сапалы тор қандай?
4. Тордың атқаратын негізгі қызметі қандай?
5. Дифракциялық спектрдің дисперсиялық спектрдан айырмашылығы қандай?
6. Дифракциялық тор беретін максимумдар шарты қандай?
7. Бұрышы қалай анықталады?
8. Тордың периоды деген не?
9. Дифракциялық тор қандай физикалық құбылысқа негізделген құрал?
V. Шапшаң қайталау, ТК жазу.
VІ. Түсініктерді бекіту
1. Әрбір оқушыға дифракциялық тор көмегімен алынған сурет бойынша жарық толқынының ауадағы ұзындығын анықтау үшін карточкалар беріледі. (Л. И. Скрелин «Дидактический материал по физике») дайын жауаптары бойынша тексеріледі.
2. Электрондық оқулықтағы есептердің № 9, 10. 12, 13,15-ші есептері шығарылады.
№9. Дифракциялық тор периоды 0,01 мм болса, толқын ұзындығы 671 нм литийдің қызыл сызығының спектрінің ең үлкен ретін табыңыз. (жауабы: К=15)
№10. Периоды 0,02 мм дифракциялы тор көмегімен орталық максимумнан 3,6 см, тордан 1,8 м қашықтықта бірінші дифракциялық максимум алынған. Жарық толқынының ұзындығы қандай? (жауабы: 0,4 мкм)
№12. Бірінші ретті спектрдегі 0,7 мкм ұзындығы бар жарық периоды 0,02 мм тор көмегімен алынған. Сәуленің ауытқу бұрышын табыңыз? (жауабы: 20)
№13. Спектрдың толқын ұзындығы 0,38 мкм-ден 0,76 мкм-ге дейінгі аралықта жатқан. Периоды 0,01 мм дифракциялық тордан 3 м қашықтықта орналасқан экранда пайда болған бірінші реттік спектрдің ені қандай? (жауабы: 114 мм = 11,4 см)
№15. Дифракциялық тордың ұзындығы 590 нм жарықпен жарықтандырғада үшінші реттен спектр 10,120 бұрышпен көрінеді. Екінші реттік спектр 6,180 бұрышпен көрінетін сызықтық толқын ұзындығын табыңыз.

VІІ. Алған білімді жүйелеу. Қорыту кезеңін оқушылар
жүргізеді.
VІІІ. Білімді бағалау
ІХ. Үйге тапсырма 50 оқулық 4,5 электронды оқулық,
1122 (р) №1124 (р) (Рымкевич. Есептер жинағы)
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Токтың жұмысы мен қуаты
Сабақтың мақсаты: Тұрақты ток заңдарын білу,
білімдерін тұрмыста, техникада күнделікті қажеттілікке қолдана білуге дағдыландыру. Токтың жұмысы мен қуатын анықтауды үйрету.
Оқушылардың ой – өрісін дамытуға, пікір таластыруға, өз бетімен ізденуге өзіндік қор жасауға дағдыландыру, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру;
Кәсіби мамандыққа баулу, іскерлікке, ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу;
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: тыңдап түсіну, деңгейлік
тапсырма, сұрақ – жауап жұмысы, практикалық жұмыс
Сабақтың формасы: жеке, ұжымдық
Пәнаралық байланыс: математика
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, компьютер,
электрондық оқулық,
карточкалар, амперметр, вольтметр, ток көзі, жалғағыш сымдар, қыздыру шамы, реостат.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. «Мен не үйрендім?»
Өткен тақырыпты қайталау.
А) «Кім жылдам?»
1. Электр тогы дегеніміз не?
2. Электр тогы пайда болуының шарттары қандай?
3. Электр тогының қасиеттері қандай?
4. Ток күші дегеніміз не? Белгіленуі, өлшем бірлігі, формуласы?
5. Ток тығыздығы дегеніміз не? Белгіленуі, өлшем бірлігі, формуласы?
6. Электр қозғаушы күш дегеніміз не? Белгіленуі, өлшем бірлігі, формуласы?
7. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы қалай айтылады? Формуласы?
8. Өткізгіштің кедергісі қандай шамаларға тәуелді? Формуласы?
9. Өткізгіштерді тізбекке қалай жалғаймыз?
10. Тзбектей жалғау дегеніміз не?
11. Параллель жалғау дегеніміз не?
12. Тізбектей жалғау кезіндегі ток күші, кернеу, кедергінің мәндері қалай өзгереді?
13. Параллель жалғау кезіндегі ток күш, кернеу, кедергінің мәндері қалай өзгереді?
14. Толық тізбек үшін Ом заңы, формуласы?
15. Түйін дегеніміз не?
16. Кирхгорфтың бірінші ережесі қалай аталады?
17. Кирхгорфтың екінші ережесі қалай аталады?

Б) «Дәлдеп көзде» ойыны

oz

ІІІ.»Білім шыңына өрлейік»
Жаңа сабақ
Нені білуі тиіс:
 Электр тогы жұмысының тұжырымдамасын, формуласын, өлшем бірлігін;
 Токтың қуатының тұжырымдамасын, формуласын, өлшем бірлігін;
 Практикалық жұмыс жүргізуді;

Не арқылы:
 Жетелеу сұрақтарына жауап беру арқылы;
 Өлшеулер жүргізу арқылы;
 Жеке тапсырмалар орындау арқылы;

Тұйықталған тізбек бойымен электр тогы өткенде, тізбектің ішкі бөлігі – ток көзіне және тізбектің сыртқы бөлігі – энергия тұтынушыларына энергияның бірқатар түрленулері болады.
Ток көзінде энергияның табиғаты электрлік емес (Мысалы, механикалық, химиялық) энергияның электр өрісінің энергиясына, басқаша айтқанда, электр энергиясына алмасуы болып жатады. Электр энергиясы сыртқы тізбекте электр тогының жұмысы есебінен энергияның басқа түрлеріне: өткізгіштің ішкі энергиясына, сәулелену энергиясына, химиялық реакцияның энергиясына айналады.
Тогы бар тізбектегі электр энергиясының энергияның басқа түрлеріне айналуының өлшеуіші ток жұмысының, яғни өрістегі зарядтарды орын ауыстырғандағы электр күші атқаратын жұмыстың шамасы болып табылады. Өздеріңе белгілі
U = A/q формуласынан A = qU
U – тізбек бөлігіндегі кернеу;
A – электр өрісіндегі зарядты орын ауыстырғандағы
жұмыс;
q – заряд;
t уақытта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы q = It заряд өтсін. Сонда A = Iut
Электр тогының жұмысы – ток күші, кернеу және жұмысты істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең.
Si жүйесінде жұмыстың өлшем бірлігі [Дж]
Ом заңының өрнегін пайдалана отырып, мынадай өрнектерді алуға болады: I = U/R; A = I2Rt; A = U2/Rt
Уақыт бірлігінде өндірілген токтың жұмысы электр тогының қуаты болып табылады.
P – қуат, [Вт] P = A/t; P = A/t = IUt/t = IU; P = IU
Токтың қуатын табу үшін өткізгіштігі ток күшін және кернеуді өлшеп, олардың көбейтіндісін табу керек.
Ом заңының өрнегін пайдалану арқылы
I = U/R P = I2R P = U2/R

1гВт = 102 Вт 1 кВт = 103 Вт 1мВт = 106 Вт

Жылулық әрекетке кететін токтың қуатын пайдалы қуат деп аталады.
Pпай = I2/R Pтол = Аб/ t = ɛI
Толық және пайдалы қуаттың сыртқы кедергіге тәуелділігі
Pтол = ɛI = ɛ2/ R+r ; Pпай = I2/R = ɛ2/( R+r)2 R
Әр ток көзінің ПӘК – і бар. ɳ — ПӘК, ɳ — этта.
ПӘК деп – бөгде күш жұмысының қандай бөлігін ток көзі пайдалы жұмысқа айналдырғанын көрсететін ɳ шамасын айтады.
ɳ = Апай/Атол = IUt/ ɛIt = U/ɛ = IR/I (R+r) = R/R+r
Токтың қуатын – ваттметр, ал жұмысын – электр санауыш деп аталатын құралдармен өлшейді.
Электр санауышында ток жұмысының 1кВт∙сағ (киловатт∙сағат) бірлігі қолданылады.
Қуаты 1 кВт құралда токтың 1 сағатта істеген жұмысы
1кВт∙сағат = 103 ∙ 3600 = 3,6 ∙ 106 Дж

zz

Кейбір электр аспаптардың қуаты, кВт∙сағатпен кестеде көрсетілген.

IV. Практикалық жұмыс
Жаңа сабақты пысықтау
Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау

V. Білгенімді зердеме тоқу
«Шапшаңдық сайысы»
1. Мұнай араластырғышты іске қосатын электрқозғалтқышының қуаты 1900 Вт. Электроқозғалтқыштың 2 сағат ішінде 14400 Кл зарядты өткізетін орамның кедергісін анықтаңдар.
2. Жүк шығырын айналдыратын электроқозғалтқыш 9120 Дж – ге тең жұмыс атқарады. 4 А ток ішінде 24 Клзаряд өткендегі электромотордың қуатын табыңдар.
3. Кернеуі 220 В, ток күші 3 А болатын сегіз мұнай мұнарасының электроқозғалтқыштарының 1 айда жұмсайтын электр энергиясы шығынын анықтаңдар.

VІ. «Менің ойым» кезеңі

vv

VІІ. Деңгейлік тапсырма
І деңгей:
1. Параллель қосылған тізбектің кедергісі 15 Ом, кернеуі 120 В, 3 минут ішінде осы өткізгіште өндірілетін токтың жұмысы?
2. Мұнай мен су қоспасының кедергісі 1200 Ом. Сорғыту қондырғысы 3 с жұмыс істегенде 5,5 А токтың атқаратын жұмысын анықтаңдар.
ІІ деңгей:
Әрқайсысының кедергісі 5 R болатын тізбектің толық кедергісін анықтаңдар.

rrr

ІІI деңгей:

1. Біреуі мыстан, екіншісі темірден жасалған көлденең қималарының аудандары мен ұзындықтары бірдей екі цилиндр өткізгіш параллель жалғанған. Осы өткізгіштен үшін ток қуаттарының қатынасы қандай?
ρT = 9, 8 ∙ 10-8 Ом∙м ρM = 1, 7 ∙ 10-8 Ом∙м

VІІІ. Формулалар елінде
q ∙ U = ? q = ? ∙ I = ? ∙ ? = A = U ∙ t ∙ ? = U / ? = U / ? = ɛ / r + ? = ? ∙ L / S

ІХ. Қорытындылау
Х. Үйге тапсырма беру
Оқулықтан §9,5 оқу, 19 жаттығу – 1,2.
Тапсырма: үйдегі электр санауыштың 1 күнде жасаған жұмысын анықтау.
ХІ. Бағалау

uustaz

Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық қысым.
Торричелли тәжірибесі. Барометр.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға
атмосфералық қысым туралы түсінік беру.
Торричелли тәжірибесі туралы айту, атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құралдармен таныстыру;
2. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше
ойлау қабілетін дамытып, алған білімдерін жеткізе білуге үйрету;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды жан –
жақтылыққа өмірмен байланыстыра
отырып тәрбиелеу;
Пәнаралық байланыс: География, математика
Сабақтың типі: Демонстрациялау, бақылау
сабағы
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, барометр, кубик
Сабақтың әдісі: Талдау, сұрақ – жауап, зерттеу
Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру бөлімі
А) оқушылармен амандасу;
Б) кезекші көмегімен сыныпты түгендеу;
В) оқушылардың назарын сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Қатынас ыдыстарға қандай ыдыстар жатады?
2. Кез – келген пішінді қатынас ыдыстардағы сұйық деңгейлері бірдей бола ма?
3. Тығыздығы әртүрлі сұйық бағанының биіктігі мен тығыздығына байланысты формула қандай?
4. Су құбырының қандай түрлері бар?
5. Су құбырын не үшін пайдаланамыз?
6. Тұрмыстық су құбырының қажеттілігі?
7. Өнеркәсіптік су құбырының қажеттілігі?

ІІІ. Жаңа сабақ
1. Жаңа сабақты түсіндіру.
Ауа қабаты – атмосфера деп аталады. Атмосфера грекше «атмос» — бу, «сфера» — шар деген екі сөзінен құралған.

stras

Бұл туралы келесі сабақта толығырақ айтатын боламыз. Ал, енді 17 ғасырда итальяндық ғалым Эванджелиста Торричелли жасаған тәжірибелерін қарастырайық.
Торричелли қондырғысы атмосфералық қысымды өлшеу үшін пайдаланылады. Атмосфералық қысымды сынап бағанының биіктігі бойынша есептейді. Атмосфералық қысымның бірлігі ретінде 1 милиметр сынап бағаны (1 мм сын.бағ.) алынады.

1 мм сын.бағ = 133,3 па = 1,33 гПа.
Атмосфера тарапынан біздің денемізге әрекет ететін күштің мәнін есептеп көрейік. Қалыпты жағдайда атмосфералық қысым 105 Па екені белгілі.

Берілгені: Шешуі: Шығарылуы:
Р = 105 Па Ғ = 105 н/м ∙ 1 м2 = 105 н
S = 1 м2 Ғ = PS

Т/к: Ғ – ? Жауабы: Ғ = 105 н
Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал – барометр (грекше «барос» — ауырлық, «метрео» — өлшеймін) деп аталады.

2. Физикалық диктант (Түсіп қалған сөздерді табу)
1. Қысым – белгілі бір бетке түсетін ……… нәтижесін сипаттайтын шама.
2. Атмосфера грекше …………………..
3. Торричелли қондырғысын …………. өлшеу үшін пайдаланылады.
4. Атмосералық қысымды өлшеу үшін …………….. қолданылады.
5. Атмосфералық қысымның бірлігі ретінде ……………… алынады.

3. Сиқырлы кубик.
Кубикті лақтырып бетіне түскен формуланы оқып, өлшем бірлігін айту және қандай физикалық шама.
1. P = F/S
2. Fa = mg
3. ρ = m/V
4. Fүйк = μN
5. Ʋ = S/t
6. F = kx

4. Кім жылдам?
1. 160 м2 ауданға 800 Н күш әрекет етеді. Қысымды анықтаңдар.
2. Судың 0,7 м тереңдіктегі қысымын анықтаңдар.
3. Адам суда 8 м тереңдікке дейін сүңги алады. Осы тереңдіктегі адамға әрекет ететін су қысымын есептеп табыңдар. (теңіз суының тығыздығы 1030 кг/м3)

5. Артық термин
1. Паскаль, Ньютон, метр, аудан, килограмм
2. Қысым, сантиметр, күш, жылдамдық
3. Көбейту, бөлу, қосу, өшіру, азайту
4. Тығыздық, уақыт, мегаНьютон, масса
5. мегаНьютон, килоНьютон, көлем, гектоНьютон

Сөздік домино

domino

7. Кім тапқыр?
1. Ауа қабаты қалай аталады?
2. Атмосфера қандай сөзден құрылған?
3. Эванджелиста Торричелли қай елдің ғалымы?
4. Торричелли қондырғысы не үшін пайдаланылды?
5. Эванджелиста Торричелли қай жылдары өмір сүрген?
6. 1 мм сынап бағаны қанша Паскальға тең?
7. Барометр не үшін қолданылады?
8. Барометр – анероид құрылысы қандай?
9. Барометр – анероид қандай мағынаны береді?
10. Барометрді алып жүру неліктен қауіпті?
ІV. Сабақты қорытындылау
V. Оқушыларды бағалау
VІ. Үйге тапсырма
§50, §51 24 – жаттығу «Сөзжұмбақ» құрастыру

Сабақ аяқталды.
Сау болыңыздар!
Қ о р ы т ы н д ы.

Бізді қоршаған әлемді тану жаңа білім алуға, жинақталған білімдерімізді, өмірлік тәжірибемізді дамытуға, білімдер жүйесін қорытындылауға игерілген. Білімдер негізінде тәжірибелер алуға жол табады.
Ақпараттық технологияда компьютерлерді, мультимедиялық құралдарды, интерактивті тақталарды пайдалану арқылы сабақ өткізу үрдісі жаңартылады. Физика – экспериментті ғылым.
Компьютерді пайдалану экспериментті жеңілдетеді және нәтижелерін есептеуде, қорытынды жасауда зор көмек көрсетеді.
Мұғалім сабағының тартымды, қызықты өтуі оқушылардың ғылыми дүниеге деген көзқарасының дұрыс қалыптасуына жағдай жасайды.
Физика сабақтарының тиімділігін, нәтижелігін арттыру, өздігінен білім алу, өзін – өзі терең тануы т.б саналы, сапалы, жоспарлы өтуіне мұғалім ықпалы зор.
Әр сабақтың өзіндік орны бар. Егер мұғалім оқушылардың қабілетіне қарай сол өрнекті құра білсе, сабаққа ықыласы аумайтын оқушы болмайды.
Сабақтың тартымды, түсінікті түсіндірілуі оқушылардың сабаққа ынтасын арттырудың бірден — бір жолы.
Білім алуға құштарлық мұғалімнің біліміне және әрбір сабақтың «жаңалықпен» қарулауына байланысты.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Физика» журналы №5, 2009 ж

2. «Қазіргі мектеп» журналы №1-2, 2012 ж

3. «Темірқазық» журналы №1, 2012 ж

4. «Ел ертеңі – kz» журналы №4(15) 2012 ж

5. «Физика және информатика» №3, 2012 ж

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
ErKeTai.KZ