Мен -жаңа ғасыр мұғалімімін

Ұстаздар туралы ақын-жазушылар,сазгерлер талай шығармаларын жазды да айтты және жазады да. Әрине ұстаздар туралы әлі талай шығармашылық туындылар туады, жазылады.Себебі ұстаздар барлық мамандықтың анасы.Елімізді басқарып отырған Президентіміз де, ұстаздардан білім алған.Ұстаз атана білу,оны қадір тұту,қастерлеу,арыңдай таза ұстау-әр мұғалімнің борышы.Жаңашыл және заман ағымына сәйкес ұстаз- өз кәсібін,өз пәнін,барлық шәкіртін,мектебін шексіз сүйетін адам.Осы мамандыққа деген қызығушылықтары небір қиын әрекеттерге жетелеп,іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірненше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.Ұстаздың осынша қадір-қасиет,құрметке бөленуі оның қарапайымдылығы, шәкірттеріне асқан сезімталдықпен қарым-қатынас жасауы және заман талабының ағымына ізденіспен бағытталуы.Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерісерге бейімделуді талап етуде.Н.Ә.Назарбаев 2011 жылғы қазақстан халқына Болашақтың іргесін бірге қалаймыз! жолдауында Сапалы білім беру Қзақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс деген. Сондықтан да қазіргі ұстаздардан жеке тұлғаны оқу үшін оқытуда,тәрбиелеуде зор жауапкершілік артуда. Жаңа ғасырда жан-жақты қаруланған білім мен біліктілікті меңгерген

EBK

ұстаз болу оңай шаруа емес.Елбасымыздың жолдауларында бәсекеге қаблетті дамыған мелекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек дей келіп,қазір жай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғаны қашан.Біздің азаматтарымыз үнемі озық жабдықтармен және заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс – деді. Еліміздің әлеуметтік –экономикалық даму стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып,әлемдік білім беру кеңістігіне қарай бағытталудамыз.Сондықтан да әр жеке тұлғаға қоғамның ең маңызды құндылығы өзі екенін және шығармашылық деңгейі жоғары танымдылық құндылығы бар,отаншылдық рухының мықты болып жетілуіне зор үлес қосатын да ұстаздар қауымы. Бұл талаптардың өз деңгейінде орындалуы үшін бүгінгі таңда білім беру саласында қызмет ететін әр ұстаз жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін кіріктіріп,жаңашыл ұстаз болуға бағытталуы керек.Әсіресе рухани –адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасау барысында Кембридж тәсілінің теориялық негіздерінен үйренер үлгі бар. 2011-2012 оқу жылында Тараз қаласындағы мұғалімдердің үш айлық деңгейлеп оқыту курсынның үшінші деңгейін оқып келдім.Сегіз ғасырдан астам тарихы бар Кембридж университтетінің іс-тәжірибесін меңгеру арқылы білімнің мәнін,жауапкершіліктің салмағын ұғынумен қатар шығармашылықпен жұмыс

істеуге үйренудемін.Педагогтік шеберлік-дарынды талант емес, үйренудің, ізденудің нәтижесі.Мұғалімнің шеберлігі туралы жазылған дайын қағида жоқ және болған да емес. Ізденуші мұғалімнің алдында әрдайым бір сұрақ тұрады.Ол жақсы ұстаз болу үшін не істеу керек? Яғни XXI ғасыр ұстазы қандай болмақ? Мұғалімнің негізгі басты мақсаты- әр жеке тұлғаның рухани –адамгершілігі бай адамды қалыптастыру. Біріншіден- әр жеке тұлғаның жасына қарамай өзіңмен тең ұстау және оның көзқарасымен санасу.Екіншіден әр ұстаз өз пәнін жетік білуі тиіс.Үшіншіден оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде меңгеру керек.Қазігі дамығын заманда өзің дамымай ізденбей артта қалсаң ,шәкірттерің де Ш.Айтматовтің Найман ана романындағы мәңгүрттік кейіпке енуі анық.халық даналығы бекер айтпаған тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас дегендей мұғалім оқу үшін оқытуда интербелсенді әдіс-тәсілдерді ізденіп, сабақтың құрылымына сәйкес кіріктіріп, оқушыға өздігінен білім алуға бағыттап отыруы керек. Әр сабағына дайындық үстінде Сабақты қалай қызықты өткізуге болады ? деген сұрақ көкейден кетпеуі керек.Қытайдың ғұламасы Конфуций маған айтып берсең –ұмытып қаламын,көрсетсең –есімде сақтаймын,өзіме жасатсаң-үйренемін. Бұл идеяны деңгейлік оқу барысында алған білімімді,өз шәкірттеріме сабақ беру барсында қолданамын. XX ғ. басында Мария Монтессори өзінің тамаша үйрету жүйесінің негізгі қағидасы ретінде қайталаған: Менің өзім жасауым үшін көмектес! ( мені үйрет емес) деген екен.Яғни өзімнің шәкірттерімді адамгершілігі бар,ұлттық тәрбиені бойына сіңірген,отаншылдық рұхы жоғары тұлға ретінде тәрбиелеуде, оқу үшін оқытуда бар күш жігерімді жұмсаймын.Себебі өз мамандығымды, шәкірттерімді жақсы көремін.Жаңашыл мұғалім еңбек ету үшін жаңашылдыққа ұмтылып,ізденуі керек.Әлемдік білім беру жүйесі де, тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Кейбір ұстаздар біздің жасымыз ұлғайған,сондықтан жастар ізденсін, жаңашылдықты солар меңгерсін дейді.Өзінің заман ағымына ілесе алмай тоқырауға ұшырағанын білмейді де. Мен оған келіспеймін. Қазақстанның жаңашыл ұстазы , жас ерекшелігіне қарамай үнемі жаңашылдыққа ұмтылуы,ізденуі ,шығармашылыққа бағытталуы керек.XXI ғасыр – білімділер ғасыры.Мәңгілік ел атануымыз үшін ой-өрісі жоғары дамыған,зерделі,парасатты ұрпақ тәрбиелеп жатқанымызды бір сәтте естен шығармауымыз керек.

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,

Сырлары көп әлі сыртқа шықпаған.

Шаршасада осы жолдың бойында

Қандай рахат,шын бақытын тапса адам.

   
Пікірлер5
  1. Айгерим

    Осындай мұғалімдердің бар екенім ойыма алсам қуанамын! Артында әз қалдырар керемет ұстаздар!

  2. Беспаева Айнаш

    Әрине бұл туындыда мұғалімдер еңбегі жақсы жазылған. Өйткені, ұстаздар әрқашанда құрметке ие жандар!

  3. Нурмухаметова Карлыгаш

    Мақалаңыз жаңа буын жас ұстаздарға мотивация берері сөзсіз! Бірақта ұстаздарда кездесетін проблемалар артылып жетіледі соны көрсетіп өз тарапыңыздан әдістеме ұсынсаңыз тамаша болар еді. Жалпы мақалада қаралып отрған міндеттің ғылыми негіздемесі немесе әдістемесі берілгені жөн. Сонда ғана оқырманың жүрегіне бірден жол табатыны сөзсіз.

  4. Зарема

    Мақалаңыз жақсы жазылған. Жалпы қазіргі заманда өзін мұғалім ретінде ұсына алатын мұғалімдердің өзі аз. Бірақ сіздікі жақсы екен, және мына мақаланызды оқып отырып жас мамандарға шабыт алуға болады.

  5. жумагул

    өте керемет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ