Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп

Тізбектелген сабақтар топтамасына

Бағдарламаның  бір  модулі  қалай  және  неге  енгізілгені  туралы   рефлексивтік  есеп                              

  Менің курстан алған әсерім. Біз ауылдан үш мұғалім әр  группада оқып, әр  тренерден  дәріс  алып,  елге барып  алған тәжірибемізді мектепте қолданған кезде, оқушылар сабақтан алған әсерлерін көру мен үшін кішігірім  педагогикалық тәжірибемде үлкен жетістік болды. Себебі курстан үйренген жаңа әдіс-тәсілдерді сабақ барысында қолданған  сәттерімде  оқушылардың пәнге, сабаққа деген қызығушылықтары артып, әр жаңа тақырыпты өздерінше қуанышпен қарсы алды. Оқушы тарапынан мұғалімге алда өтетін тақырыпты қандай түрде өтетінің білгісі келіп қайта-қайта менен   ертеңгі  сабағымыз қандай түрде  өтетінімізді, қандай  қызықты  ойындар ойнайтынымызды, қалай бір-бірімізді бағалайтынымызды  сұрап өз ұсыныстарын білдірген сәттер мені қатты толғандырды.  Сол себепті  осы Көкшетау қаласына мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру аясында  үш айлық курсқа келгеніме өкінбеймін. Себебі, егер мені басшылар  курсқа баруға өтініш бермесе, мен қайдан осы оқуды білер едім. Себебі курста алған жаңалықтардың жаңа белестері ынталандырып, жаңа қадамға ықпал етті. Соның барысында өзіме сыни тұрғысынан ойлау модулі бойынша диалогтық оқыту  тиімді болды.

Осы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту модулі бойынша сабақ барысында жұмыс жасағанда оқушылар  өз алдына қойған сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отырды. /Не іcтеу керек? Дэвид Клустер Сыни тұрғысынан ойлауды қалай анықтауға болады деген  анықтамасының  бірінде «сыни тұрғыдан ойлау әлеуметтік ойлау болып табылады. Барлық ойлар ортаға салынғанда тексеріліп, өткірлене түседі дей келе, басқалармен таласып оқып,  талқылап,  қарсы пікір айтқанда ой тереңдей түседі.

       Выготский айтқандай  білім беру моделі оқушының диалог құру нәтижесінде білім  алады деп жорамалдайды. Сондықтан, оқушының  білім алу деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары болмақ. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болғанымен, ЖАДА  аясында қарастырылғандықтан білім беру табысты болмақ. Мерсер мен Литлтонның сөзіне сүйене отырып және  осы курсты оқу барысында сабақта диалогті оқытудың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты  үлкен пайда келтіретіндігін көрсеткен жеткілікті дәлелдер бар. Олар:

  • Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруге мүмкіндік береді;
  • Басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;
  • Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;
  • Мұғалімдерге  оқушыларға  білім  беру барысында олардың оқушыларды қандай    деңгейде  екендігін  түсінуге  көмектеседі.

Мен өзімнің қол жеткен жетістіктерімен және оқушылардың нәтижелі жұмыстарымен өз тобымдағы құрбыларыммен бөлісуге де мүмкіндік туып отырдым.  Әрине,  жұмыс барысында әр түрлі жағдайлар кездеседі:

  • Балалардың бәрі бірдей жұмыс жасамауы;
  • Бірін-бірі тыңдамауы;
  • Бірінің  айтқанын  екіншісі  қайталауы;
  • Уақыттың жетпей қалуы т.б.

Сабақтар топтамасын  жоспарланған кезде жұмыс түрлерін енгізген жағдайда міндетті түрде төмендегідей талаптарға мән беруді ескеріп отырдым:

1. Барлығы өз ойларын айтуға мүмкіндік беру.

2. Бірінің айтқанын екіншісі қайталамау.

3. Басқаның пікірін сыйлау.

4. Шыдамды болу және бірін- бірі асықтырмау.

5. Өз пікірін айта отырып,  қорытынды жасай білу.

Оқушылар аталған жүйеге үйрене бастағаннан-ақ жұмыс нәтижесін  бере бастады, яғни, мен сабақ мақсатына   жеткендігімді   дәлелдей   алатындай дәрежеге жеттім.

Мен  жоспар  құрып  жатқанда   бірге  оқып  келген  әріптестерім  маған  сіздің  информатика  пәнінде  қызықты, мағыналы  бірдене  алуға  бола ма,  қайдан  сіз  қалай  өткізесіз  деген  сыбдыр  сөздер  болды. Сіздің  тақырыбыңыз  қандай  дегенде,  мен «Жүйенің  параметрін  баптау» деп  айтқаным  сол  екен олар  маған  күліп,  айттық  қой  қандай  сұрақ  деп  күлді.  Сосын мен  әлі  көресіздер  шықпайтын  тұғырық  болмайды  ойласаң,  келтіруге  болады  деп бақтым. Міне, кейде тіпті қызық емес тақырыптың өзі белсенді жұмыс түрлерімен байланыстырған жағдайда қызықты түрде баяндалатынын да байқадым.  Жоспар құрудың орнына оқушылар «Осы тақырыпты естігенде, сізге қандай ой келді?» сұрағына ассоциация құрып, топтастырған   кездерде   оның   қызықты   орындары   бөлініп  талданды. Мәтінді оқу барысында оқушылар негізгі ойды бөледі,  өз көзқарасын дәлелдейді. Мұндай жұмыстарды жүргізу нәтижесінде оқушыларға эссе жазу жұмысы қиындық келтірмейтіндігіне менің көзім жетті.

Дәстүрлі оқыту оқушыларға көбінесе жаттанады, есте сақтау бағытында білім берсе, дамыта оқыту оқушыларды өз беттерімен білім алуға итермелеп, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға үйретеді. Жоғарыда айтылған философия бойынша жүргізілетін жұмыстарды жүйелі жүргізу, мектеп оқушыларының шығармашылық пен ізденушілік қабілеттерін дамытып,  өз көзқарастарын дәлелдеу мен дәйектеуге үйретеді. Яғни, айтқым келгені дәстүрлі сабақта мұғалім ораторлық қызметін атқарды. Ол оқушылардың сыни ойлауын  тежеуге, ойын ашық түрде жеткізе алмауына, жасқаншақтыққа әкеліп  отыр. Осы орайда, қазіргі заман талабына сай жаңа әдіс-тәсілдерді сабақ беру барысында пайдаланып, оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы арасындағы диалогтық қарым-қатынаста орнату керек  деп ойлаймын. Сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын ғылыми зерттеу нәтижелері көрсеткендей,  Мерсер мен Литлон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап өтті. Ал, Выготский білім беру моделі оқушының  диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдаған. Оқушылардың көбірек білетін  басқа  адамдармен, әрине,  бұл  рөлдерде  сыныптастары  мен  мұғалімдері  болуы  мүмкін,  диалог  жүргізу  мүмкіндігі  болған  жағдайда,  білім   беру  жеңіл  болмақ.

Дәстүрлі сабақ кезінде  қол көтерген оқушыдан сұрап, үндемей отырса отырсын деп қозғамай, соған бола шашымды ағартам ба? оқыса өзі үшін, оқымаса және өзі үшін деп  балаға  мән бермедік. Менің  пайымдауымша диалогтық оқыту әрбір мұғалімнің, әрбір сабағында жүзеге асырылып жатқан жайы бар, ашығын айтатын болсам, мұғалім өз сабағына қатысып отырған оқушыны жансыз бейне ретінде қарамай, жеке тұлға ретінде қарап, оқушының ойымен санасуға және ойын ашық түрде жеткізе білуге мүмкіншілік берсе, диалоготық оқыту осы жерде көрініс табады. Ал осы оқуды оқып ауылға барғанда мектепте оқушы мен мұғалім арасындағы байланыс қызу жүрді. Өз  мектептегі тәжірибе  кезіндегі  диалогтық оқытудың жүзеге асырылуына мысалдар келтіріп кетейін бірінші сабағымды (10-сынып. Информатика) (жүйенің  параметрлерін баптау) оқушының сыни ойлауын қалыптастыру үшін екі топқа бөлуден бастадым. Осы жерде оқушыларға ашық сұрақтар (жадының параметрлері туралы, жадының түрлері туралы базалық білімдерін айқындауға)  қойдым. Оқушылар  өз ойларын айта бастады. Оқушылардың бірі дұрыс, бірі  қате жауаптар беріп жатты, мен  «дұрыс емес» деген жауапты айтқан жоқпын, себебі оқушының ойын толық не айтпақ екенің тыңдағым келді. Оқушылардың жауабын толық тыңдап болғаннан кейн толықтырдым. Осы жерде мұғалім  мен  оқушы  арасында  диалогтық  оқытуды   өз практикамда пайдаланғанымды байқадым. Одан әрі оқушылар емін еркін сөйлей бастады. Жаңа тақырыпты ашу мақсатында ортаға  ашық сұрақтар тастадым. Мен байқағаным  мұғалім мен оқушыға қарағанда, оқушы мен оқушы арасындағы диалогтық оқыту өте қызықты өтті. Себебі, оқушылар үшін өз сыныптасына түсінбегендігі туралы сұрақ қоя білу оқушылар бойындағы еркіндікті көрсетті. Ой қозғау әдісін қолданған сәтте (жүйенің параметрлерін баптау) дегенімізді кластерге түсір деген топтық жұмыс тапсырылды. Оқушылар топта өзара ойларын ашық айтып диалог құра бастады. Екі топта екі оқушы  лидерлік қызметті атқарып, оқушыларға өз ойын білдіріп және топта талқылап, баяндамашылар ортаға шығып қорғап берді. Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында жеке жұмыс ретінде берілген «операциялық жүйенің аттарынан олардың әртүрлі параметрлері  бойынша кластарға бөлу» болатын жұппен тексеріп, талқылау жүргізіп екі оқушы арасында диалог жүргізілді. Диалогтік оқыту мұғалімнің оқушылармен ынтымақтаса жұмыс істеу тәжірбесін кеңінен ашып көрсетті. Сабаққа дайындығы жоқ  оқушыларды, дайндалып келген оқушылармен топқа қосып, диалог өткізу арқылы мәтінді игертуге көмегі зор. Оқушылар өзара тығыз қарым-қатынаста болады. Жанындағы жолдастарынан өздерінің қажетті көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алады. Сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді, басқа да адамдардың өз идеялары болатындығын түсіндіруіне көмектеседі. Сабақтың тақырыбы көлемді болғандықтан, оқушылардың игеруіне де жеңіл болды.

Екінші сабағымды «Антивирустар. Архивтеу. Архивтеу программалары» деген сабағыма  мен  басыма шаян, денеме қоңыз құрттар  тағып  кіріп  келдім. Мысалы «Антивирустар. Архивтеу. Архивтеу программалары»  деген сабағымда бала кірісімен мұғалім сабаққа неге осылай киініп келдіңіз деп сұрақ қойды. Міне осы кезде мен оқушы мен мұғалім арасында диалогті іс-әрекетті байқадым. Осы  теорияны ескере отырып, өткізген сабақтарымда дарынды, талантты және деңгейлік тапсырмаларды ескере отырып тапсырмалар бердім.

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Сыни тұрғыдан ойлау–бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және  синтездеуге бағытталған  пәндік  шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алды. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни  ойлауға баулуды білдіреді. Осы әдіс тәсілге сүйене отыра сабағымда мен  диалогтік оқытуды және сыни тұрғыдан ойлауды үйретуді тиімді қолдана білдім.

Эйр Выготский және Катцтың еңбектерінен дәйексөздер келтіре отырып, теория мен зерттеулерді табиғатты зерттейтін «міндеттер» ретінде қарастырды. Міндет қоя отырып, жұмыс істеу оқушыларды жайлылық аймағынан аздап шығатын деңгейде  жұмыс  істеуге міндеттейді. Эйр ойлаудың, білікті даму және міндеттерді шешудің аса жоғары деңгейін ұсына отырып, дарынды балаларға арналған оқу жоспарына өзгеріс енгізу жөніндегі ұсынымдары  теорияның  осы  бөлігінде пайдаланған.

Келесі сабағымның  тақырыбы:  «Компьютердің пайдасы мен зияны» «Сонымен солай дейік» бағдарламасы бойынша өткіздім. Сонымен солай дейік деп кіріп келдім. Осы сабағымда  оқушыларымның жасерекшеліктерін ескере отырып, дарынды балалармен диалогті оқытуда қасындағы досына ықпал етіп отырғанын көрдім. Оқушылар мен бүгін «Сонымен солай дейік» бағдарламасынан  келдім? Балалар топта өзара қызу ойларымен алмасты. Сонда балалардың берген жауаптары. Қанат  деген оқушым неге, Гүлзада  бүгін біз Сонымен солай дейік   туралы пікір талас  өтетін болғандықтан, Расында да сол Гүлзада  берген жауабына келісуге болады. Оқушылардың берген жауаптарына келісе отырып, балалар барлықтарыңның жауаптарын дұрыс менің осы сабақты Сонымен солай дейік бағдарламасы бойынша өткізгім келіп отыр деп,  көшбашылықты өзім жүргіздім. Бірақ Ерлан  мен  Гүлзада  өз топтарында лидерлікті өз колдарына алды. Қойылған сұрақтың жауабын өздерінің ойларын алдымен топқа салып, содан соң басқа оқушылардың ойын тындайтынын байқадым.   Оқушыларға енді осы «компьютердің пайдасы мен зияны» не   деген сұрақты жеке ойлануға тапсырыс бердім. Оқушылар өздері әртүрлі өздерінің ойларын айтып жатты. Осы сұраққа тек Ерлан  жауап бермей тұрып қалды. Маған неге? деген ой келді. Мүмкін қойған сұрағым  тым жеңіл болды ма? Әлде бала осы сұраққа мүлде қызықпады ма? деген сұрақ мені мазалады. Компьютердің пайдасы мен зияны деген сұрақты топқа тастадым. Сол кезде оқушылар өздері  топпен кластер құрастырды. Азбек деген ұл балам топқа араласпай, тек  сырттан бақылаушы болып  қарап  отырды. Екі топтың оқушылары сұраққа жауапты дұрыс жазды. Мен оларға жазғандарынды оқып қорғандар деген ұсыныс білдірдім. Сол кезде топқа араласпай отырған Аязбек тапсырманы қорғаймын деп тақтаға шығып, тапсырманы дұрыс қорғады. Топтағы оқушылар кезкетесіп сөйлейміз, сен ғана  шыға бересің бе? деп өзара дауласып жатты. Өздері топта келісіп, кезектесіп шығуға келісті.  Мен оқушыларға тақтадағы слайдқа қараңдаршы? суретте не көріп тұрмыз деген сұрағымды аяқтамай балалар өздері топ ортасына салып  жатқанын байқадым. Осы сабақтағы ең соңғы сұрағым сонда бүгін біз не өттік? Тақырып не болды?  деген  сұрақты оқушыларыма қойған кезде әр оқушым әртүрлі ой айтты. Мысалы: Аязбек «ХХІғасыр — ақпараттандыру ғасыры», Гүлзада  «компьютер біз және әлем», Маржан «компьютер ғаламторда» деген ойлар айтты. Бірақ мен оқушы берген жауаптарды қате демей, балалар барлықтарыңның жауаптарыңа келісем. Үйге тапсырманы келесі сабақпен байланыстырып беріп отырдым. Сонымен қатар сабақта диалогті оқыту барысы мына кездерде көрінді.  Сұрақ қойылған мәтіндерден түсінгендерін бір-біріне түсіндіруі, қорытынды ойды топта  келісе отыра шығаруы, өздері топ ішінде келісе отырып, бір оқушының шығып сөйлеуі, яғни оқушылар бір–бірімен өз ойларын жұбына, тобына, мұғалімге  баяндау арқылы түсінді. Сабақ қорытындысындағы интеллектуалдық  шеңбермен сабақта алған білімдерін айта білуі және бақылаушылардан сабақ соңында бағалау парағындағы бағаларын түсіндіріп баяндауы болды. Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында жеке жұмыс ретінде берілген жұмыстарды жұппен тексеріп, талқылау  жүргізіп екі  оқушы  арасында  диалог  жүргізілді. Қалған сабақтарымда да диалогтық оқыту осылай жүзеге асырылды, және алдағы уақытта да жүзеге асырылады.

Тәжірибе кезінде ұстаздық өнерім шыңдалып, осы модульдерді  қолдану барысында өз шеберлігім артылып, білім берудің сапасына жаңа көзқарас пайда болғанын сездім. Осы  технологияларды қолданған кезде оқушыларға өздері ойланып, өздері мәселені шешіп, өздік білім алудың маңызы аса зор болып отырғанын практика барысында байқадым. Мұның өзі заман талабы, заман сұранысы. Осы сұранысты қанағаттандыру, оқушылардың мәселені шешу құзіреттілігін артыру мақсатында мұғалімдердің осы біз сияқты курстарға  барса тиімді болар еді. Осы  модульдерді  қолдану барысында оқушылар мәселені тиімді, нақты, әрі дұрыс шешу жолдарын қарастырумен қатар аталған мәселені шешуде ізденпаздық, алғырлық, білімділік біліктілік, шапшаң ойлау, мәселенің логикалық байланыстарын анықтай білу қабілеттерінің артқанын байқадым. Сонымен қатар,  менің байқағаным мұғалім оқуды дайын түрде айтпайды, ол оқушының алдына белгілі бір мәселе қояды. Іс -тәжірибе кезінде оқушының көңілін аудару, ынталандыру үшін оның ізденісін, ниетін қалай тудырамын деген оймен біраз қиналдым. Сонда да болсын сабақ өткізу барысында  модуль идеяларының тиімділігін байқадым. Сабақ барысында оқушыларымның сабаққа белсенділігін, өздерінше ойлауын, дамуын сездім. Бұл орайда сабақтың ең негізгі деген  сабақтың барлық мазмұнын қамтитын мәселелі сұрақ қоя білу деп ойлаймын. Себебі, сабақтың жаға модуль негізінде жүрілу барысында ең негізгі алғашқы қадамы  мәселені көтере білу болып табылатындықтан, сабақтың ең алғашқы кезеңдерін дұрыс бастау керек деп ойладым. Өзім сабақ беру барысында оқушыларға сұрақты қойғанда төмендегідей талаптарды қатаң ескердім.

1. Қойылған мәселелі сұрақты оқушы аса күрделі екендігін бірден сезінетіндей болуы қажет.

2. Көтерілген мәселе өте қызықты, әр оқушының ынтасын өзіне тартатындай болуы шарт.

3. Мәселелі сұрақ  оқушыны еріксіз өзіне тартатындай, бей-жай қалдырмайтын, бірден елең еткізетіндей етіп қолайлы болу талаптардың бірі.

4. Оқушы  бірден  «неге олай?» — деп ойланатындай қызығушылығын тудыратын мәселелі болу деген ойдамын.

Қорыта келе әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жетеміз.
Мұндай технологияларды қолдану-біріншіден оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады,  яғни, бір-біріменен  диалогтық  оқыту  арқылы  оқушының сөйлеу қоры  және оның тақырып бойынша танымы кеңейді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы арта түспек деп ойлаймын.
Қолданлған әдебиеттер  тізімі:

  1. Мұғалімге арналған нұскаулық   38-39  бет.
  2. Мұғалімге арналған нұсқаулық 48-50 бет
  3. (Дауыс Көрініс. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау журналы  №4, бет27)
  4. (Сыныптағы  диалогтың  маңыздылығы,  38  бет.

 

   
Пікірлер2
  1. Айжан

    Маржан Ескейқызының мақаласы өте ұнады, өзіме керек жерлерін түртіп алдым, сізге көп рахмет, тағы сабақтарыңызды жіберсеңіз.

  2. Мейрамгуль

    жаксы жазыпсыз сізге шығармашылық табыс тілеймін

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ