ТҰЛҒАҢДЫ АРМАНЫМА ҰҚСАТҚАНМЫН

«Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,

Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.

Есімде әліппені жаттатқызып,

Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның», — деп шырқалатын Әбілахат ағаның әсем әнін естігенде барлық жанның көз алдына алтын ұя мектебі, аяулы ұстаздары келері анық. Ардақты апайларымыздың қалдырған іздері жадымызда әлі күнге дейін жаңғырып тұр. Бүгін білім теңізінен сусындатып, бөбектердің зердесіне нұр құйған мейірімді жан туралы сөз қозғамақпын.

«Ұлылықтың басында ұстаз тұрар әрқашан» деп тегін айтылмаған. Мемлекетіміздің болашағын анықтайтын маңызды салалардың бірі – білім беру саласы. Осы саланың үздік маманы – Жалғасбаева Гүлмира Шәмшатқызы. Үлгілі ұстаз еңбек жолын Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болудан бастады. Ал қазіргі таңда Аудандық әдістемелік орталықта эксперттік комиссия мүшесі, мектепте бастауыш сынып мұғалімі, психолог, кәсіподақ комитетінің төрайымы қызметтерін тиянақтылықпен атқарып келеді.

Ұстаздық ұстанымы: «Жақсы ұрпақ тәрбиелеймін десең, ең алдымен сол ұрпақтағы жүрек жылуын зертте, одан кейін сол жүрекке мейірімділік пен ізгіліктің отын жақ».

Әріптестерінің бетке ұстарына айналған ұлағатты ұстаз аудандық, облыстық жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанып мектеп мерейін асқақтата білді. 1992 жылы аудандық «Жыл мұғалімі – 92» байқауында Бас жүлде иеленген Гүлмира Шәмшатқызы облыстық байқауға қатысып, С.Шаумахановтың қабылдауында болды. Осы жылы Ә.Мүсілімовтың бұйрығымен санаты жоғарылады.

Білім беру мен тәрбиені ұштастыра жүргізу арқылы оқушылардың шығармашылық икемділігін, еркін ойлау қабілетін, интеллектуалды мәдениетін дамытудағы елеулі еңбектері бағаланып, аудандық, облыстық білім басқармаларының, ҚР білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің Мадақтама, Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен марапатталды:

1992ж – Облыстық халыққа білім беру басқармасының «Құрмет грамотасы»

2001ж – Республика Тәуелсіздігінің 10 жылдығына «Алғыс хат»

2004ж – Білім қызметкерлерінің аудандық «Наурыз шапағаты» өнер фестивалінің лауреаты, «Диплом»

2005ж – Аудандық білім бөлімінің «Құрмет грамотасы»

2006ж – Аудандық бастауыш үздігі «Мадақтама» (І орын)

2006ж – Аудан әкімінің құттықтауы

2006ж – ҚР білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының «Құрмет грамотасы»

2007ж – Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының «Дипломы», «Үздік кәсіподақ» байқауы ауданда – Бас жүлде, облыста – І орын, 15 000тг ақшалай сыйақы

2008ж – Аудандық білім бөлімінің «Алғыс хаты»

2008ж – Облыстық білім беру департаментінің «Құрмет грамотасы»

2008ж – Облыстық шығармашыл педаготардың «Зерттеу әлемі шексіз» форумында «Алғыс хат»

2009ж – Аудандық білім бөлімінің 8 наурыз мерекесіне байланысты «Алғыс хат»

2010ж – Аудандық пәндік олимпиадада оқушысы І орын алғаны үшін «Мақтау қағазы»

2011ж – Аудандық «Озат тәжірибе» орталығының «Педагогикалық калейдоскоп» байқауынан Бас жүлде, «мақтау қағазы»

2012ж – Аудандық «Үздік әдістемелік және дидактикалық материалдар» байқауынан ІІ орын, «Мадақтама».

Оқушылары – аудандық пәндік олипиаданың бас жүлдегерлері, облыстық ғылыми жоба байқауларының, Тұрмағамбет, Абай, Шәкәрім оқуларының жеңімпаздары.

Ұстаздың іс – тәжірибесі «Шығармашылық еңбегімен ерекшеленген ұстаз» тақырыбында кітапша болып жарық көрді. Көкшетау, Қарағанды облыстарында 12 жылдық білім беруге байланысты біліктілігін көтеріп, сертификат алды.

Ұстаз болу әркез ізденімпаздықты, жаңашылдықты қажет етеді. Жаңалыққа жаны жақын ұстаз халықаралық желіде де өте жақсы жұмыс жасайды. Ұстаздың жеке еңбектер жинағы  www 45minut kz Республикалық Ұстаздар сайтында жарияланды. Республикалық қашықтық олимпиадасына «психология» бойынша қатысып, аудан, қала бойынша «ең үздік нәтижеге» қол жеткізді.

«Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға», — дегендей ұстаз оқушыларымен ерекше, бақытты, құрметті болары хақ.

Гүлмира Шәмшатқызының «өмір» теңізіне «білім» кемесімен аттандырған шәкірттері Қазақстанның түкпір – түкпірінде әр салада абыройлы қызмет атқарып жүр. Ал ұстаз жолын жалғаған шәкірттері Мәншүк мектепте тарих пәнінен, Ермек денешынықтыру пәнінен сабақ берсе, Мамыр бағдарламашы болып қызмет етуде.

Білім көкжиегіне жол аша білген ұстазға болашақта қуаныш пен шаттыққа толы ғажайып ғұмыр тілеймін.

 

Мыңжасарова Светлана Кенбайқызы,

Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі

 

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ