Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Әр түрлі

 

«Ауылым алтын бесігім»


“Әркімнің өз туған жері- Мысыр шаһары,” дегендей бүгінгі менің мақалама арқау болғалы отырған біреулерге кішкене болып көрінгенімен, мен үшін Мысыр шаһарындай тарихы тереңге бойлаған, небір ғұламаларды, дүлділдердің кіндік қаны тамған жері Қараөзек ауылы жайлы болмақ. Атап айтар болсам ауылдан шыққан –дара тұлға, зор тұлғалар күйші Ысыламбек Ысқақов және барлық балалық шағы осы ауылда өткен ақын Әбілда Тәжібаевтай ұлыларды дүниеге әкелген Қараөзек ауылы туралы болмақ.

Күйші атамыз Ысыламбек Ысқақов отыз шақты күйдің авторы, бүгіндері “Ұлытау тобы арқылы “Күрішшілер” биі деп аталатын күйі бүкіл әлемге тарлып, Қазақстанның атын шығарып жүрсе, Ұлы ақын атамыз Әбілда Тәжібаев Қазақ халқының жүрегінде орын алған. Сыр өңірінің дара перзенттерінің туған жері туралы білу ұрпақ парызы. Қараөзек ауылының тарихы негізінен көнекөз қария аталарымыздың айтуы бойынша Ташкент-Орынбор шойын жол салынып жатқан кезде қара сұйық майдың ағуына байланысты “Қараөзек” деп атанып-ты деседі.

Тарихи деректерде Қараөзек ауылы 1926 жылы Қараөзек болыстығында 34 ауылдық Кеңес, 4 мыңдай шаруашылық, 25 мыңнан астам адам болды, олар егін және мал шаруашылығымен айналысты. Осы өңірде 1928 жылы “Қызылөзек” 1939 жылы “Көкпан колхоздары ұйымдастырылған. Кейінірек бұл колхоздар 1950 жылы “Жаңарық” “Ақарық” колхоздарына қосылып жаңадан қосылған ірі министірлер Советінің қаулысы бойынша өз алдына “Қараөзек” ауылдық кеңесі құрылып орталығы 1981 жылға дейін “Жаңа-арық ” учаскесі, 1981 жылдан кейін “Қараөзек” кеңшары болды.

туған жерім, ауылым!Округ Қараөзек ауылы Қараөзек станциясы Айнакөл елді мекендерінен тұрады 1962-1966 жылдары Сырдария 1966-1997 жылдары Тереңөзек ауданының құрамына еніп, 1997 жылдан баста “Қызылөзек” ауылдық округ әкімінің апараты мемлекеттік мекемесі Қызылорда қаласына қарайды.

Халық саны: 3250,Қараөзек станциясы, біздің ауылымызда 603 халық тұрады. Кішкене ғана ауыл болсада бұл елді мекенде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Атап айтсақ татар, молдаван, чували қырғыз, қарақалпақ, орыс. Бұл ата-аналарымыз бірі қара жұмысшы бірі темір жолда жөндеуші, бірі аспазшы болып еңбек етіп, қазіргі кезде еңбек демалысында отыр.

Ол кісілерді мен сөзге тартып сұрағанымда алғашқы кезде қазақ тілін білмей қатты қиналса кейін қазақ тілін үйреніп, отбасылық өмірлерінде тапаға нан жауып, сиыр сауыпты . Менің ауылымда 1931-1933 жылдардағы ашаршылық 1937-1938 жылы қуғын-сүргін уақыттарын 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына куә болған ата-әжелеріміз де бар. Ұлы

Отан соғысына 50 ер азамат алынса, сол соғысты көзімен көрген бір соғыс ардагері, 6 тыл ардагері, 8 батыр ана алтын, күміс алқа иегерлері, бір анамыз 2 дүркін алтын алқа иегері атанған. Ауылымыздың тарихи көне жәдігерлерінен сыр шертетін болсақ Ескі көпір 1904 жылы салынса, Темір жол желісі, су құбыры да, осы жылдары салыныпты.

Бұл тарихи жәдігерлер 1 ғасырдан астам уақыт жұмыс істеуде. Темір жолда әкелеріміз, аналарымыз күннің ыстығына қарамастан еңбек етуде. Су құбыры Кеңес үкіметі кезінде поездарды сумен қамтамассыз етсе, қазір халықты ауыз сумен қамтуда.

Қараөзек станциясынан 2,5 км жерде Сауранбай көпірі, Сауранбай каналы бар. Бұл каналды Сауранбай атамыз болыс болып 30 жылдай қызмет атқарған уақытында бұрынғы “Өгіз кеткен” арнасын қайтадан кетпенмен канал етіп қаздырып және оның үстінен салынған темір жол көпірін өзінің қаражатымен салдырған. Бұрынғы Сауранбай арығы аталған канал Орынбор-Ташкент темір жолының аяқталғаннан кейін Сауранбай атамыздың құрметіне Сауранбай каналы, оның үстінен өткен темір жол көпірі

Сауранбай көпірі атанып, күні бүгінге дейін халыққа қызмет көрсетуде

Біздің ауылымызда көптеген көлдер болған деседі. Яғни Жолбарыскөл, Жаманкөл, Қарсыбай , Қораскөл, Талдыкөл, Еркекөлдері. Осы көлдердің ішінде Талдыкөл көлі ғана бар, қалғандары құм болып қалған.

Қараөзектегі дария бетінен барж катер Целюлоза –картон заводына қамыс тасыған. Одан кардон шығарыпты. Қазір заводттың ірге тасы құлатылған.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Жаңа заманғы педагог
  • Педагог портфолиосы
  • Қоғамдық игіліктер
  • Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп
  • Жұлдыздай жарқыраған жеті модуль (эссе).

Пікірлер 10 Пікір қосу

  • Туктыбаева Ляззат 05.12.2024 күні 15:59 уақытында

    Мақалада Қараөзек ауылының тарихы мен мәдениеті өте бай әрі терең сипатталған. Бұл ауыл тек белгілі тұлғаларды дүниеге әкеліп қана қоймай, сондай-ақ оның тарихы мен ата-бабалардан қалған мұралары ерекше мәнге ие екені айқын көрінеді. Ысыламбек Ысқақовтың күйі мен Әбілда Тәжібаевтың шығармашылығы арқылы ауылдың аты Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде танымал болды.

    Қараөзек ауылындағы тарихи оқиғалар мен ауылдың қалыптасу тарихы да қызықты. Ауылдың атауының шығуы мен оның шаруашылық құрылымдары туралы мәліметтер ауылдың мәдени мұрасын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Бұл деректер болашақ ұрпақ үшін ауыл тарихын білу мен құрметтеу қажеттігін көрсетеді.

    Жауап беру
  • Балжан 30.11.2021 күні 12:09 уақытында

    Ауыл әрқашанда ыстық?Ауылым есіме салды?сағынып жүрмін?рахмет керемет жазылған?

    Жауап беру
  • Фариза Маратова 26.08.2021 күні 21:29 уақытында

    Ауылым алтын бесігім!!! Ауылымды сагындым! Мына ны оки отыра ауылыма барғым келип кетти!!!!

    Жауап беру
  • Аида 13.02.2021 күні 09:13 уақытында

    Ауылым алтын бесігім АУЫЛЫМДЫ САҒЫНЫП КЕТТІМ

    Жауап беру
  • Зейнегуль Касымбекова 25.08.2020 күні 00:25 уақытында

    Керемет. Мақаланы оқимын деп ауылымды сағынып кеттім.

    Жауап беру
  • Алия 06.08.2020 күні 11:05 уақытында

    Караозек деген жерди биринши естуим. Осындай макалаларды коптеп шыгарсаныздар, коптеген малиметтер билип танитын боламыз. Рахмет!

    Жауап беру
    • Элмира 23.09.2021 күні 13:03 уақытында

      Ауыл деген жақсы ғой! Өз ауылыңның түтіні де ыстық деуші еді

      Жауап беру
  • Асемгул 18.11.2019 күні 21:39 уақытында

    Керемет жазылған.Маған ұнады!

    Жауап беру
  • Aknur 23.04.2019 күні 13:30 уақытында

    шынымды айтсам Қызылорда облысында тұрсам да Қараөзек деген жерді білмейді екем. енді осы материал арқылы біраз нәрсені оқып білдім. рахмет

    Жауап беру
  • Аманкелді 14.03.2017 күні 18:21 уақытында

    өзімде іздеп жүргем дәл осындай жоспар түрін.
    маған ұнады.
    тамаша.керемет.ғажап.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.