Әріптеске тәлімгерлік ету үдерісі туралы есеп

Екінші деңгей бағдарламасы берілген мазмұнға қосымша,өз әріптестеріне ықпал етуге қажетті тәлімгерлік дағдыларын дамытуды мақсат етеді (Мұғалімге арналған нұсқаулық,8 бет).Сондықтан мен өз әріптестеріме барынша ықпал етуге тырыстым.

Тәлімгерліктегі басты ұстаным қызмет емес,қарым-қатынас болып табылады,оның барысында тәлімгер объктивті тыңдаушы және бағыттаушы болады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық  , 80 бет).

Мен өткізкізген коучингтерден кейін әріптестерімнің арасынан екі мұғалім тәлімгерлік етуіме ұсыныс жасады.Бірі жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімі болғандықтан , өзімнің бағыттыма қарай тарих пәнінің мұғалімін тәлімгерлік етуге қолайлы деп ойладым.Ал информатика пәнінің мұғалімі Б.Аленоваға уақыттың тығыздығын,болашақта онымен де жұмыс істейтінімді,өз білгенімді үйретуден жалықпайтындығымды айттым.

«Мұғалімдерге көшбасшылық арқылы өкілеттік берілсе,олардың өз күшіне деген сенімі арта түсетіндігін» тәлім алушымен жұмыс барысында байқадым.

ah1

Тәлім алушым Жұмағалиева Сағыныш Балмырзақызы –екінші санатты ,тоғыз жыл еңбек өтілі бар тарих пәнінің мұғалімі.Тәлім алушым менің курс туралы,одан үйренген оқытудың жаңа тәсілдері туралы әңгімемді қызыға тыңдады.Өзінің болашақта осы курсқа барғысы келетінін,оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді өз бетінше оқып,ізденіп жүргендігін айтты.Осындай пікірлесулерден кейін арамызда жақсы қарым-қатынас орнады.Әріптестер арасында сенімділік пен өзара түсіністік болғанда ғана жұмыс алға жылжитыны белгілі.Білім дәрежесіне қарамастан әрбір тұлға дамуында өзінің үздік нәтижесін өз бетімен үнемі ұстап тұра алмайды,осы ретте екінші деңгей бағдарламасы арқылы әріптестеріне жаңа тәсілдерді пәнге енгізуүшін жұмыс істеуге мүмкіндік беретін дағдыларды ұсынады.Мектептегі тәжірибе кезеңінде тәлімгердің тәлім алушының мүмкіндіктерін ашу,стратегиялық деңгейде жаңалықпен алмасу,мақсат қою мен оған жету жолдарын жоспарлауға көмектесу міндетін атқарып шығуға тырыстым.Мен тәлім алушымның дәстүрлі бір сабағына қатысып,оқытудағы өзекті мәселесін нақты қоюына ықпал жасадым.Екеуіміз ақылдаса келе, 6а сыныбына сабақтарын өткізу туралы шешімге келдік.Бұл сыныпқа өткізген дәстүрлі сабағы бірсарынды өтті.Оқушылардан үй тапсырмасын сұрауға 20минут уақыт кетті.Сабақ тек бес оқушыдан ғана сұралды.Оқушылар сабаққа түгел қатыспады.Мұғалім тарапынан қойылған сұрақтарға оқушы кідіріп қалса,өзі жауап беріп отырды.Сабақта Блум таксономиясы бойынша талдайтын болсақ,білу мен түсіну деңгейіндегі сұрақтар ғана қойылды.Одан әрі мұғалім тақтаға бормен жаңа сабақтың тақырыбын жазып,түсіндіруге кірісті.Сөйтіп қалған уақытта да өзі сөйледі.Сабақ соңында тек бес оқушыны ғана бағалады.Сабақ аяқталысымен «Сабағыңыз жоспар бойынша өтті ме,мақсатыңызға жеттіңіз бе?»деген сұрағыма тәлім алушым сабағының ойындағыдай өткенін,тақырыпты жақсылап түсіндіріп бергенін айтты.Мен оған балалардың қалай білім алатынын ескеру жайттарын түсіндіріп,өзінің іс-тәжірибесіне өзгеріс енгізу керектігін айттым.Осыдан келіп «Неліктен біз оқыту тәсілдерімізді өзгертуге тиіспіз?»деген сұрақ туындады.

Кембридж бағдарламасына сәйкес мұғалімнің басты мақсаты-оқушыға білімді өздігінен игеру амалдары мен тәсілдерін үйретіп ,оның өзіндік түсінік қалыптастыруына тиімді жағдай жасап,бағыт-бағдар сілтеу болмақ.

Өзім құрған орта мерзімді жоспарымды көрсетіп,осыған ұқсатып жоспарлау үшін күнтізбелік жоспарымды көрсетіп,осыған ұқсатып жоспарлау үшін күнтізбелік жоспар бойынша сағаттарын қарауға тапсырдым.Сабақты дұрыс жоспарлауды түсіндіріп, түрлендіріп, интерактивті тәсілмен өткізу үшін бірнеше әдістерді ұсындым.Келесі күні мұғалімнің көзқарасы өзгергені байқалды.Өткізетін сабақтарын көп ойланып, жоспарлағанын айтты.Өзіне әлі де болса сенімсіздігін, бұрын-соңды топтық жұмыстар жүргізіп көрмегенін айтып, ой бөлісті. «Бәрі жақсы болады,сенің қолыңнан бәрі келеді, жұмыстарды бірлесіп жасаймыз» деп оған өзімнің сенім артатынымды білдірдім.Тәлім алушымның жоспарлаған төрт сабағын да «Блум таксономиясы» арқылы жоспарлауға ықпал жасадым.Сабақтарында жаңа әдістермен қатар формативті бағалаудың түрлерін тиімді қолданып, сабақ соңында кері байланыс жасап отырды.Алғашқы өткізген сабағында екі оқушысы топқа қосылмай,оқшауланып қалды.Мұғалім оны елемеді.Тапсырмаларын одан әрі беріп,сабағын өткізе берді.Топ басшысына бағалауға берген парақшаны қадағаламады, оқушыларды қорытынды бағаларымен таныстырмады.Әрбір сабақтан кейін сұхбаттасып, кеткен кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталып отырдым.Әрбір сабақты жоспарлау барысында мен тәлім алушының пікірін сұрап отырдым.Сол кезде ол өз ісін жауапкершілікпен қарап, өз бетінше ізденуді үйренді. «Келесі сабақта былай жасасақ  бола ма?» деген сияқты ұсыныс-пікірлерін айтты.Бұл өзгерістерден мұғалімнің өсуін байқадым.Тәлім алушым Сағыныш Балмырзақызы мектептегі тәжірибе жұмыстарыма үзіліссіз қатысуының арқасында болар, маған өзге мұғалімдерден бөлек жақын болды.Сағыныш бірнеше жыл бірге жұмыс жасап келе жатырмыз,бұрыннан да қарым-қатынасымыз жақсы болатын.Бірақ осы 5 аптаның ішінде екеуміз жақын дос болып кеттік.Бізді жалғастырған бірден-бір жол тәлімгерлік үдерісі болатын.Тәлім алушымның сабақты ұйымдастырудағы шеберлігі келесі сабақтарында көріне бастады.Әйтсе де екінші өткізген сабағында мұғалім топқа бөлуді ұмытып,оқушылар қалаған жерлеріне отыра салды.Сабағында мұғалім өзі сұрақ қойып,жауабын күтуге шыдамы жетпей өзі айтып берген тұстары қайталана берді.

ah2

Сондықтан мен осы сабақты талдағанда «Сіздің өзекжарды мәселеңізді қай әдістер шешеді?» деген сұрақ қойып, қателігін түзетуге түрткі болдым.Әр сабақтан кейін «Сіздің пікіріңізше сабақ жақсы өтті ме?», «Жоспар сізге қаншалықты көмектесті?», «Мақсатыңызға жеттіңіз бе?», «Сіздің оқытудағы проблемаңызды қай әдіс-тәсілдер шешуге көмектеседі деп ойлайсыз?» деген сұрақтар қойып, өзінің жіберген қателігін ой-елегінен өткізуге мүмкіндік беріп отырдым.Өз ойын еркін жеткізе алмай тұрған оқушыға «сынақтан өткізуге арналған» сұрақ қойып жібергенде, ол оқушы ойын жинақтап, жеткізе алар ма еді деген ой болды.Себебі,мұндай сұрақтар оқушылардың толық жауап беруіне,өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылады.Осы орайда мен тәлім алушыма оқушылардың білім алуын қолдап,өз ойын еркін айтуы үшін сұрақ қоюдың әр түрлі тәсілдерін пайдалануға болатынын айттым.

Тәлім алушымның әрбір өткізген сабағын бақылап,сұхбаттасу кезінде сұрақ беріп,кері байланыс орнатып отырдым.Мұғалімнің нені жіті меңгермей жүргенін, тағы нені үйренгісі келетінін біліп, кеңес беріп отырдым.

Тәлім алушым өткізген сабақтары барысында әдіс-тәсілдерді тиімді қолданды деп ойлаймын.Бұл әдіс-тәсілдердің оқушы қызығушылығы мен білімін арттыруда маңызы зор.Зерттеулер нәтижесінде байқағаным тәлім алушымның оқушылармен ара-қатынасы өзгерді,сабақты бұрынғыдай өзі түсіндірмей, оқушылардың өздері түсінуі үшін жағдай жасау керектігін ұғынды      .Сабақты ұйымдастырудағы әдіс-тәсілдері өзгерді.Оқушылардың сын тұрғысынана ойлауын дамыту үшін сұрақтардың маңызды екенін түсінді.Бағалаудың түрлерін тиімді пайдалана білді.

ah3

Тәлім алушым оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өз ойларын толық жеткізуіне мүмкіндік жасауға үйреніп,өз іс-тәжірибесіне көптеген өзгерістер енгізді.Әлі де болса әдіс-тәсілдерді тиімді қолданудың жолдарын меңгеруі үшін мұғалімге ізденіс қажет.

Бұл тәжірибені қайталар болсам,бірлескен сабаққа тәжірибесіз жас ұстаздардың және мектеп әкімшілігінің  қатысуын ұйымдастырар едім.Себебі жас мұғалімдердің жаңаша бағытта жұмыс жасауы мектебімізде төменгі деңгейде Алдағы уақытта тәлім алушымның және жаңалыққа құмар мұғалімдердің тәжірибесін жақсартып, қолдау үшін Lesson Study тәсілін іске асыруды жоспарлар едім.

Болашақта оқыту сапасын жоғарылату үшін, оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру үшін пән мұғалімдері кәсіби бағыттағы білімдерін толықтыруы тиіс.

Қосымша

ah4

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер4
  1. Бекпенбетов Жаркынбек

    Тәлімгерлік жасау арқылы тәлім алушы да, тәлімгер де кәсіби тұрғыдан дамуда болады. Үйрете отырып, үйренетін де сәттер кездеседі.

  2. Галия

    Тәлімгерлік ету де ,оңтайлы әрі жауапты іс.

  3. Карменова Бахытжамал Базылрахмановна

    Жас мұғалімдердің жаңаша жұмыс жасауына үлес қосатын құнды дүние жазыпсыз.Жұмысыңыз алға өрлей берсін!

  4. Фарида.

    Реф.есеп жақсы жазылған, рахмет!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ