Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ағза

 

Жүйке жүйесі


Жүйке жүйесі

Ағзаның тіршілік ету қабілеті мүшелердің бір-бірімен үйлесімді қызмет етуіне, яғни, мүшелердің өзін қоршаған ортаның өзгерісіне дұрыс және уақытында жауап беруіне тікелей байланысты болады.

Жүйке жүйесі мүшелерге импульстар жібереді және олардан импульстар қабылдап, мүшелердің қызметін бақылап реттейді. Жүйке жүйесі орталық және шеткі бөліктерден тұрады. Орталық бөлікке ми және жұлын, ал шеткі бөлікке — ми, жұлын және вегетативті (ішкі мүшелерге қатысты) жүйкелер жатады. Адамның жүйке жүйесі тітіркендіргіштерге ғана жауап беріп қоймайды, ағзадағы мүшелердің қызметі мен олардың бір-біріне байланысын басқарады.

Сонымен қатар жүйке жүйесі ми арқылы адамның ішкі рухани сезімін, көңіл-күйін және әлеуметтік жағдайын қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде адамның ойлау әрекеті, сөйлеу және өзінің ісіне жауап беру қабілеттілігі қалыптасады.

Жүйке клеткасы

Барлық жүйке жүйесінің жұмысы, олардың ең кішкентай бөлігі — жүйке клеткасы немесе нейрондары арқылы іске асады. Адам денесінде 40 миллиардқа жуық жүйке клеткасы болады, олардың алатын орны және әрқайсысының атқаратын қызметі бар. Нейрондардың пішіні сопақша, жұлдызша немесе көпбұрышты болып келеді.

Одан екі түрлі өскіндер тарайды. Қысқа және бұтақты өскінді – деңдрит, ал ұзын және тек ұшына қарай бұтақталған өскінді аксон деп атайды. Аксонның сыртын жүйкені қоректендіріп, қорғайтын және жүйке импульстерін жақсы өткізетін миелин қабықшасы жауып жатады.

Аксондардың ұзындығы 1,5 метрге жетеді, олар жүйке талшықтарын, ал бір бөлігі шоғырланып жүйкені құрайды. Жүйке талшықтары адам денесін шырмап, орап жатады. Орталықжүйке жүйесінің сыртында жататын нейрондар жүйке түйіндерін түзеді. Жүйкелер мен жүйке түйіндері қосылып, шеткі жүйке жүйесін құрайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Орталық жүйке жүйесі туралы қызықты ақпарат.

Ми дегеніміз не және ол қаншаға бөлінеді.

Жұлын және оның сұйықтығы жайлы не білеміз.

Адамның тітіркенгіштік қасиеті туралы не білесіз?

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Ферменттер
  • Сіңір
  • Көктамыр (вена)
  • Шап
  • Эпифиз

Пікірлер 5 Пікір қосу

  • Айгуль 28.08.2023 күні 12:57 уақытында

    Жүйке жүйесі ең бір нәзік азға. Оны күтіп ұстау қажет.

    Жауап беру
  • Ермек Канатович 25.10.2021 күні 06:12 уақытында

    Жүйкені де күтіп ұстау керек

    Жауап беру
  • Эльвира 15.04.2021 күні 04:49 уақытында

    Жақсы жазылған, бірақ аздау екен

    Жауап беру
  • Мергул 27.01.2021 күні 23:21 уақытында

    Жүйке жүйесі жайлы өте көп мағлұмат алуға болады екен.

    Жауап беру
  • Айнур 08.12.2020 күні 11:45 уақытында

    Бұл сайттан биология пәнінен көп маглұмат алуға болады екен. Рахмет сіздерге

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.