Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ағза

 

Тұқым қуалау


Баланың өзінің әке-шешесіне сыртқы келбеті немесе мінез-құлқы ұқсас болатыны жиі байқалады. Атап айтқанда, біреуінің көзінің түсі, шашы, бойының ұзындығы, дене бітімі, ал екіншілерінің қабілеттілігі, алғырлығы және дарындылығы ұқсайды. 1856—1865 жылдары австриялық ғалым

Ян Грегор Менделдің жүргізген зерттеу тәжірибелерінің нәтижесінде тұқым қуалаушылықтың негізгі зандылықтары ашылды. Ғалым тәжірибе үшін бұршақтың әр түрлі сорттарын таңдап алып будандастырды.

Мысалы, тұқымы сары немесе жасыл, тұқымы тегіс немесе бұдыр, тұқым қабығы сұр немесе ақ, бойы биік немесе аласа. Будандасудан кейінгі бірінші ұрпақта (Ғ) тек сары немесе жасыл түс, жұп белгінің біреуі ғана көрініс берді. Мұны Мендель басымдылық деп атады. Бұл Менделдің бірінші заңы.

Тұқым қуалау

Ғалым бірінші ұрпақтың өздігінен тозаңданудан алынған екінші ұрпағында (Ғ2 ) сары және жасыл түсті тұқымдары бар өсімдік пайда болған. Бір жұп белгілерінің ажырауын Мендель ажырау заңы деп атап, бұл оның екінші заңы болды.

Бұдан кейін ол сырты тегіс және түсі сары өсімдікті, сырты бұдыр және жасыл түсті өсімдікпен будандастырды. Бұдан бірінші ұрпақтың барлығының тұқымдары сары және сырты тегіс болып шықты. Осы буданнан өсірілген өсімдіктің өздігінен тозаңдануының нәтижесінде екінші ұрпақтың тұқымдарында төрт белгі де айқын көрінген. Олардың ішінде тегіс сары, бұдыр сары, тегіс жасыл және бұдыр жасыл тұқымдар болды. Сонымен екі жұп белгі бір-бірінен тәуелсіз ажырайды.

Мұны Мендель тәуелсіз тұқым қуалау заңы деп атап, бұл оның үшінші заңы болды. Менделдің ашқан тұқым қуалаушылық заңдары генетика ғылымының негізі болып табылды. Генетика ғылымында әлі талай жаңалықтар ашылатынына ешкім күмән келтірмейді. Бүгінгі таңда тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі — нуклеин қышқылдары екені бізге белгілі. Олар клетка ядросындағы ерекше құрылымдар — хромосомаларда орналасады.

Тұқым қуалаушылықтың арнайы бір белгісін таситын, нуклеин қышқылдары молекулаларының бір бөлігі — ген деп аталады. Жыныс клеткаларында (аталық сперматозоидта және аналық жұмыртқа клеткасында) сақталатын тұқым қуалаушылық белгілер, жыныс клеткалар ұрықтанғаннан кейін болашақ ұрпаққа беріледі.

Кей жағдайда бұл қасиеттер адамды қоршаған ортаның әсер етуіне байланысты өзгеруі мұмкін. Табиғатта болатын кейбір сәулеленудің түрлері мен химиялық заттар ағзаның тұқым қуалайтын белгілері мен қасиеттерін өзгеріске ұшыратады. Мұны мутация деп атайды.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Тұқым қуалайтын аурулардың белгілері мен түрлері.

Тіршілік немесе өмір қалай пайда болды?

Адамның дамып жетілу процесі.

Туа пайда болған аурулар мен ақаулардың негізгі себебі.

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Жұтқыншақ
  • Аяқ қол
  • Тамыр соғуы
  • Ферменттер
  • Түс көру

комментария 10 Пікір қосу

  • Гульнара 30.01.2025 в 01:43

    Басқа халықтарға қарағанда тқұым қуалайтын аурулармен хал,ымыз аз ауырадыү Жеті атаға дейін қыз алыспаудың тигізген шарапаты

    Ответить
  • Салтанат 14.01.2025 в 15:19

    Тұқым қуалау — ата-ана гендерінің баласына берілуі, яғни ұрпақтар арасында сипаттамалардың берілуі процесі. Бұл биологиялық процесс жасушалардың бөлінуі мен генетикалық ақпараттың берілуі арқылы жүреді. Тұқым қуалау арқасында ұрпақтарда ата-аналарының дене құрылымы, мінез-құлқы, ауруларға бейімділігі және басқа да ерекшеліктері сақталады.

    Ответить
  • Айдана 04.11.2022 в 23:33

    Көп немесе бір ауруды зерттей келе тұқымдарыңызда осындай аурумен ауыратын адам бар ма деп медицинада сұрайтынын білемін

    Ответить
  • Эльмира 19.01.2022 в 18:59

    Анасының денсаулығы қыз балаға, әкенің денсаулығы ер балаға тұқым қуалаушылық заңдылығы бойынша беріледі.

    Ответить
  • Жакупова Улжалгас 03.12.2021 в 11:31

    керемет жазылған

    Ответить
  • Ақманат Мерекеевна 22.11.2021 в 20:46

    Тұқымқуалау арқылы атадан балаға ерекше қасиеттері беріліп отырады

    Ответить
  • Жанна Кудайбергенова 25.08.2021 в 22:59

    Тағы естігенім ДНК жібінде сатылар болады.Сол сатылар ата-анасының гендерін алады.Солай бала екеуіне де ұқсайды.

    Ответить
  • Жұлдыз 26.01.2021 в 21:53

    Сіздердің сайттарыңыздан аларым, түйерім көп.Тұқым қуалаушылық туралы өте жақсы ақпарат алдым. КӨП РАХМЕТ.

    Ответить
  • Шолпан 25.01.2021 в 21:36

    Тұқым қуалаушылық ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан үрдіс.Генетика ғылымы пайда болып,ғылыми түсініктемелер берілді.Қазіргі кезең — белгісіз ген ауытқуларының уақыты,себебі табиғи заттардан алыстап,химиялық қоспа түріндегі көптеген тағамдарды қабылдаймыз.Мутацияға ұшырамаудың жолы-таза қоршаған орта,таза өнім,салауатты өмір.

    Ответить
  • Ажар 06.01.2021 в 01:37

    әр баланың әке-шешесіне сыртқы келбеті немесе мінез-құлқы ұқсас болатыны жиі байқалады

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025
  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері
  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!
  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • ЕРКЕТАЙ ЖАЙЛЫ
  • МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ
  • САЙТ КАРТАСЫ
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.