Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Өлеңдер мен Тақпақтар

 

Тақпақтар жинағы


Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл!
Өз тіліңді құрметте!

Қ.Мырзалиев

КӨЖЕК

Мен кішкентай көжекпін,
Қорқақ емес өжетпін.
Маған зорға тигені-ай
Үлкендерден кезектің.

Менмін нағыз сұр көжек,
Тыңдаңыздар бір мезет.
Тұрмын сыйлық алғалы,
Ортаңызда тіл безеп.

АЛА ДОП

Ұнайтын шығар қалайда,
Құмар ғой барлық бала деп.
Бір жастан асқан Арайға,
Әкелдім үлкен ала доп.

Қуана жайды құшақты,
Қалыпты оны қарбыз деп.
Дайындап табақ, пышақты,
Шығарды шатақ жарғыз деп.

Төндірді допқа қауіп көп,
Қой десек көнбей оқталып.
Табанда қарбыз тауып кеп,
Қатерден қалдық допты алып.

takpaktar-okushiga

ӘЛЕМДЕ ЖОҚ БАЛА

Ажар келіп ауладан,
Мәз боп бізге қарады.
-Тура Арайдан аумаған,
Көрдім,-деп,-бір баланы,

«Мұның қалай?» дегендей,
Арай кенет бұртиды.
Қалды да ана елеңдей,
Деді;-Саған кім тиді?
Қайталады анасы;
-Айт,жазасын берем,-деп.
Таңдандырды баласы;
-Барлығы да сенен,-деп.
-Мен жазып ем саған не?-
Деп анасы ойланды…
-«Сендей бала әлемде
Жоқ»,-дейтінің қайда әлгі?!

ТҮСПЕЙ ҚОЙДЫ ЕСІМЕ

Бір ініміз үйленіп,
Келініміз үйге еніп,
Тойда тұтас болуға,
Ләйлаға да тиді ерік.

Шаттығының шегі жоқ,
Дамыл тапқан кезі жоқ.
Ән салып, би биледі,
Сұрағы да тегі көп.

-Әке, үйленген уақтыңда,
Кеудеңе гүл тақтын ба?
Үлбіретіп мама сен,
Басыңа ақ жаптың ба?

Көздеріңді сәл ашып,
Бір-біріне қарасып
Анау аға, тәтедей,
Тұрдыңдар ма жарасып?

Ойладым кеп ойладым,
Ойлап таба қоймадым.
Ұқсамайды бұған түк,
Менің қалған ойдағым…

АЛАТАУ

Балконнан Біржан самарқау,
Кірді үйге күн бұлт шақта.
-Көрінбейді Алатау,
Кетіпті,-деп,-бір жаққа.

Күн ашылды бақша-бау,
Алтын нұрға көміліп.
Көз тартты Алатау,
Балконнан анық көрініп.

Балконда Біржан балақай,
Қуанды жер тепкілеп.
-Алақай-ау, алақай,
Алатау қайтып кепті,-деп.

БОЛАМ

Балаң болам,
Ұлың дейтін байтақ ел.
Адал болам,
Тапсырмаңды айта бер.

Қадам болам,
Тек ілгері басатын.
Санаң болам,
Сәулелі нұр шашатын.

Алаң болам,
Жер шарының қамы үшін.
Адам болам,
Жібермейтін намысын!

ҰЛЫМ ЖАТЫР ҰЙЫҚТАП

Батырындай баяғы ертегінің,
Жатуынды-ай ұйықтап,тентек ұлым.
Сарбаздарай сақтықты серік еткен,
Қысып ұстап сабынан семсерінің.

Сынып мылтық,
Майысып қылыш жатыр,
Тұрмастай боп құлапты қрысты піл.
Арыстан да айырылып айбатынан.

Үркіп барып,
Бұғып бір бұрышта тұр.
Машиналар жұрдай боп дөңгелектен,
Сыры көшіп, өзінен өң де кеткен.
Шашылған зат,айнала аңғартады,
Кішігірім шайқасты бөлмеде өткен.
Төңкеріліп бір шетте жатыр танкі,
Аюдыңда көкке ұшқан атақ-даңқы.
Шақырам деп тәртіпке титықтаған
шешеңнің де басы әне әңкі-тәңкі.

Жайлы төсек іздемей, жасырынбай,
Алаңында ойынның жатуыңды-ай.
Демін алған жеңістің майданында
Ертегінің байырғы батырындай!

Оразақын Асқар

ҚҰЛЫНШАҚ

Құлдыр, құлдыр құлыншақ,
Тентек емес, ұрыншақ.
Құлыншақпен ойнаймыз,
Ойнаймыз қуыршақ.

МЫСЫҚ

Мынау тұрған мысық,
Екі көзін қысып,
Ұйықтап отыр маужырап,
Сүт көжесін ішіп.

ЛАҚ

Мынау тұрған лақ
Салпаңдаған құлақ.
Су ішетін жері
Сылдыраған бұлақ.

БҰЗАУ

Мынау тұрған бұзау,
Алдында тұр-ожау.
Ұнататын тамағы,
Шекер емес,тұз-ау!

Өтежан Нұрғалиев

КӨКЕК

Ұя салып жылылап,
Балапанын бақпайды.
Сөйте тұра бұл көкек,
Өзін-өзі маұтайды.

КЕКІЛІК

Кекілік-ау,кекілік,
Тастан-тасқа секіріп,
Жүре берсең, тұяғың
Кетеді ғой кетіліп?

ТҮЙЕ

Желсе желдей еседі,
Күшінің жоқ есебі.
Соңдықтан да адамдар,
«Жер қайығы» деседі.

БІРЛІК

Жалғыздықты қойыңыз,
Жалғызда күш болмайды
Біз-дегенің бірлік қой,
Достық гүлі солмайды.

Істегенде бір істі,
Жұмылайық бәріміз.
Әрі жұмыс тез бітер,
Бірігеміз әрі біз.

ҚАРҒА
Қарға неге баласың,
«Аппағым» деп мақтайды?
Кірпі неге баласың,
«Жұмсағым» деп ақтайды?

Бала деген бауыр ет,
Отқа салма, күйеді,
Құс екеш те осылай,
Өз баласын сүйеді.

БАЛ АРАСЫ

Гүлден сорып бал жинап
Терлеп жанын қинайды.
Және өзіне жиғанын,
Адамдарға сыйлайды.

ТЫШҚАН

Тышқан, тышқан, тышқандар,
Ойбай, «оны ұстаңдар».
Қоймай бәрін өлтіріп.
Далаға алыс тастаңдар.

Қап, қалтаны теседі,
Ұн, күрішті шашады.
Жойылмаса уағында,
Тиеді оның кеселі.

ҚҰМЫРСҚА

О, құмырсқа, құмырсқа,
Шебер-ақсың жұмысқа
Азық жинап қуысқа,
Қол жаймайсың «туысқа».

Сағидолла Мұсақынұлы

БІЛМЕЙ ТҰРСАҢ, НЕ ШАРА?!

Әдет, дағды, ишара,
Білмей тұрсаң, не шара?!
Түсінгендер-бағытты,
Түсінбегендер-бейшара.

АРҚАДАН ҚАҒУ

Аға сені байқаған,
Қағып қойса арқадан,
Ырзалықтың белгісі,
Жақсылыққа бұл қадам.

БӨРІК АТУ

Аспанға атып бөркімді,
Білдіріп ем еркімді.
Шексіз шаттық белгісі,
Орындасаң сертіңді.

ТІС ҚАЙРАУ

Таусылса да күш мүлде,
Ешқашан да тістенбе.
Сабыр қыл да, айла тап,
Бір жақсылық істеуге.

ЖАҚ ТАЯНУ

Қиын істен аянба,
Жақтарыңды таянба.
Торыққанша құр текке,
Не болғанын баянда.

МҰРЫН ШҮЙІРУ

Алға тастап бұрымды,
Шүйірмеші мұрынды.
Менсінбеген түрің бе?
Қалған әдет бұрынғы.

БАС БАРМАҚТЫ КӨТЕРУ

Өнерпазға ардақты
Көтерсең бас бармақты,
«Бұл-тамаша!»деген сөз,
Берген бағаң салмақты.

ҚОЛ СОҒУ

Ырза болсаң, балақай,
Дегің келсе: «Алақай!»
Ауырғанға қарамай,
Соқ қолыңды аямай.

ҚОЛ ҚЫСУ

Төңірегің нұрланып,
Блса бәрі бір қалып.
Қолын ұстап қысқанның-
Жолдасыңы ырзалық.

ҚОС ҚОЛДЫ ЖАЮ

Ата жолын жалғаған
Бата бермес бар ма адам?!
Жайғаның қос қолыңды-
Тілек тілеу Алладан.

ҚОЛ БҰЛҒАУ

Бірін-бірі сағына
Көп күткендей сарыла,
Қолды бұлғау-қоштасу
Жолыққанша тағы да.

ҚОЛ СОЗУ

Созсаң досқа қолыңды,
Жалғағаның жолыңды.
Қолдың ұшы-қолғабыс
Көп болғаны орынды.

ҚОЛ ҚУСЫРУ

Жеткің келсе мәреге,
Еңбек ету-өнеге.
Қол қусырып отырсаң,
Тамақ өзі келе ме?!

ҚОЛ УҚАЛАУ

Бар шаруаны бітір де,
Жан-жағыңды бүтінде.
Қолдарыңды ысып қой,
Алақанға түкір де.

Ақылбек Шаяхмет

АУЫЛ ӘУЕНДЕРІ

ТҰМАН

Тұмшалаған көк тұман,
Көрсетпейді маңайды.
Ығырыңды шығарған,
Тұман қашан тарайды.

Күннің көзі көрініп,
Жарық нұрын шашса екен.
Қуған желден желігіп,
Қырдан асып қашса екен.

Сергіп сыртқа шығатын,
Үйде қалмай қамалып.\
Кле жатыр алақай,
Көк күмбезі ағарып.

ҚЫЗЫЛЖАР

Гүл өспеген кәделі,
Бауы да жоқ мәуелі,
Басқа жерден сонда да,
Көрінеді әдемі.

Алдым сапар-жол басын,
Кіндік қаным тамғасын.
Осы жерде таныспен
Туған-туыс, қандасым.

Шағын ауыл шап шағын,
Көл көмкерген қапталын.
Ұиытпаппын қырат қыр,
Бел белестің аттарын.

Жырлар жазсам көшелі,
Туған жердің әсері.
Жақсы жерге түскен дән,
Жайқатылып өседі.

БІЗДІҢ ҮЙДІҢ БАҒБАНДАРЫ

Атам екті бір түпті,
Әжем екті бір түпті.
Көкем еккен тұқымнан,
Қызыл, сары гүл шықты.

Мен де қарап тұрмадым,
Шарбақтарды сырладым.
Өсіреміз осылай,
Бау-бақща мен гүл бағын.

ШЕЖІРЕШІ

-Жеті атаңды білесің бе, балақан?
-Өз әкемнен бастап түгел, таратам.
-Шатастырмай айтасың ба, аттарын,
-Қайта-қайта қайталаумен жаттадым.
-Үйренгенің дұрыс болған, қарағым,
Жеті жұрттың қамын жеуге жарадың.

БАТҚАН КҮН

Есеп емес сақтығың,
Құлақтанып батты күн.
Деміне нан піскендей,
Баса алмай тұр аптығын.

Ұясына енгені,
Түннің таяп келгені.
Күн көзіне тәуелді,
Бар тіршілік жердегі.

БҰЛАҚ

Болған бұрын бұлақ,
Аққан басын құрап.

Жерге тиіп себі,
Қаулап белден көгі.

Құмның шөлі қанып,
Сылдырап ән салып

Аңдар болды үйір,
Дәндер өсті түйір.

Шапқыламай шаппай,
Қалды неге ақпай.

Көзін аштым аршып,
Атты көкке шапшып.

ТЕҢІЗ

Дақпыртына, даңқына,
Ел таңдайын қаққандай.
Асығады жағаға.
Бұйра толқын ақ маңдай.

Пәті сұмдық күшті екен,
Дауылдың бұл желіккен.
Қай бағытта ұшты екен,
Қасқалдақтар үріккен.

Жеткерген Әбдірайұлы

ОРАМАЛ ТАСТАМАҚ

Ойыншылар айнала
Алқа-қотан отырар,
Аралары әр бала
Бір-екі адым бос тұрар.

Қолыңда бар орамал
Жетекші ойын бастайды.
Жасап жүріп жорамал,
Бір жерге оны тастайды.

Жұртты айналып сыртынан
Сездірместен жүреді.
Орамалды ал артынан
Тауып бірі, біледі.

Тұра сала орнынан,
Бастаушыны ол қуады.
Қашуға одан
Бұрыннан
Анау дайын тұрады.

Қуғыншы да уысына
Орамалды жасырып,
Тастап біреу тұсына,
Кетпек қулық асырып.

Осылайша, орамал
Әрқайсысына тасталар.
Аңқау,
Жалқау
Балалар
Тым жиірек ұсталар.

Ермек Өтетілеуов

Қош келдің жаңа жыл!

Біздің бүгін шыршаға,

Ыстық күн бұл біз үшін,

Аяз болып тұрса да.

Көптен күттік бұл күнді,

Санап өткен, әр күнді,

Жаңа жылдан күтеміз.

Мол қуаныш сәттерді.

Ән айтайық айнала,

Сұлу әсем шыршаны,

Жаңа жылда, шаттанып,

Қуанбайды қай бала.

Аяз ата, ақша қар

Төрлетіңіз келіңіз,

Дайын біздің сіздерге

Ән-жырымыз биіміз.

Жаңа жылдан күтеміз

Қуанышты сәттерді,

Ғажайыпқа сенгендер,

Ғажайыпты көреді.

Бәрімізде озатпыз,

Біз үлгілі баламыз,

Еліміздің ертеңгі,

Қорғаушысы боламыз.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Балаларға Базарлық
  • Уақыттың қадірі және енжарлық салдары
  • Санамақтар жинағы
  • Даярлық тобына арналған тақпақтар
  • Әжем айтқан ертегі

Пікірлер 27 Пікір қосу

  • Акерке 14.02.2022 күні 10:00 уақытында

    Қазақша қысқа жеңіл тақпақтар іздеп жүрген едім. Тапқаныма қуаныштымын. Рахмет сіздің ұжымыңызға!

    Жауап беру
  • Эльвира 28.10.2021 күні 14:27 уақытында

    Жыр шумақтарының топтамалары нағыз балабақшаға қажетті дүние.Бірақ жыр шумақтарын алуға болады екен.Топтастырған адамға рахмет

    Жауап беру
  • Гулжан 22.09.2021 күні 23:33 уақытында

    Осындай жинақтар көп болса жаксы болар еди

    Жауап беру
  • Орынгүл 26.05.2021 күні 11:06 уақытында

    Өте керемет таптырмайтын тақпақтар. АЛға баса беріңіздер!

    Жауап беру
  • Ляйла 02.09.2020 күні 12:29 уақытында

    Өте тамаша тақпақтар, алға өрлей беріңіздер.

    Жауап беру
  • Зейнегуль Касымбекова 25.08.2020 күні 07:43 уақытында

    Жаттауға жеңіл тақпақтар үшін рахмет

    Жауап беру
  • Уміт 04.08.2020 күні 18:31 уақытында

    Баланың тіліне жеңіл тақпақтар екен.

    Жауап беру
  • Насихат 29.04.2020 күні 00:38 уақытында

    Рахмет такпактарыныз унады
    Сайттарыныздан озиме керекгин таптым

    Жауап беру
  • Мулдир 15.03.2020 күні 18:56 уақытында

    Балаларга соткамен ойнап уакыт откізгенен горі осы сайттагы такпактарды жаттату керек деп ойлаймын

    Жауап беру
  • Жаныл 23.01.2020 күні 17:45 уақытында

    Еркемай сайтына рахмет. Барлық тақырыпта іздеген материалдарымды таптым.

    Жауап беру
    • Erketai 23.01.2020 күні 17:50 уақытында

      Рақмет, бірақ сайтымыздың аты Еркетай.

      Жауап беру
  • Сабира 06.12.2019 күні 00:13 уақытында

    Тақпақтар өте жақсы жазылған. Бірінші сынып оқушыларына да қолдануға жақсы.

    Жауап беру
  • Ляззат 04.12.2019 күні 00:14 уақытында

    Өте тамаша, кез-келген тақырыпқа қажетті тақпақты табуға болады. Әрі қысқа, нұсқа, тілге жеңіл

    Жауап беру
  • Ляззат 04.12.2019 күні 00:13 уақытында

    Өте тамаша, кез-келген тақырыпқа қажетті тақпақты табуға болады

    Жауап беру
  • Айжамал 14.10.2019 күні 14:03 уақытында

    оқушыларға да ұнады бізге де ұнап жатыр

    Жауап беру
  • Балжан 06.12.2015 күні 22:15 уақытында

    сәлеметсиздерме,маган ф әріпі туралы тақпақ керек еді

    Жауап беру
  • Аслима 08.12.2014 күні 14:40 уақытында

    Салеметсиз бе? Маган спорт туралы такпак керек еди биринши сыныпка жаттау депти

    Жауап беру
  • agnia 09.09.2014 күні 17:20 уақытында

    еркетай сайтына балалардын шагармалары кабылдана ма?

    Жауап беру
    • Erketai 09.09.2014 күні 17:22 уақытында

      Ия қабылданады. Бірақ ақылы түрде емес.

      Жауап беру
  • акико 03.05.2014 күні 15:52 уақытында

    жақсы сайт екен

    Жауап беру
  • акико 03.05.2014 күні 15:52 уақытында

    мағанда осы сайт унады

    Жауап беру
  • назерке 16.02.2014 күні 21:24 уақытында

    маған керектің бәрі бар алақай

    Жауап беру
  • назерке 16.02.2014 күні 21:24 уақытында

    жақсы екен көбін алдым оқушыларға да ұнады

    Жауап беру
  • тахмина 12.01.2014 күні 21:34 уақытында

    маган міндетте ана тілі туралы өлең кажет пожалуста тауып беріндерші())((((())))))))))))))))))))))(()(((((((((((((((((

    Жауап беру
  • тахмина 12.01.2014 күні 21:33 уақытында

    magan mindette ana tili tural olen kawet

    Жауап беру
  • erjanbei 06.04.2013 күні 00:26 уақытында

    Оқасы жоқ! Сізге де рахмет. Сайтқа кіріп тұрыңыз.

    Жауап беру
  • elvira_81 06.04.2013 күні 00:14 уақытында

    маған бұл сайт өте ұнады. орысша әндерді тез тауып алатынбыз сондықтан балабақшада орысша әндерді қолданатынмын. енді міне осы сайттан тегін көшіруге болады көп-көп рахмет!

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.