Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Бастауыш сынып

 

Жеке бастың тазалығын сақтау


Сабақты мақсаты: оқушыларға жеке бастың тазалығы мен оны күту туралы білім беру.
Дамытушылығы: оқушылардың біліктілігін тереңдету, тазалыққа деген көзқарасын қалыптастыру.
Тәрбиелік: әдемілікке, сымбаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер (жеке бас гигиенасына арналған, шаштың, терінің құрылысы туралы кесте), карточкалар.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
А) тақырыппен таныстыру.
Ә) оқушыларды екі топқа бөліп, тапсырмаға байланысты мәтін беру.
І топқа тапсырма «Тері, оның құрылысы, терінің күтімі».
ІІ топқа тапсырма «Шаш, оның құрылысы, күтімі»
Екі топ берілген мәтіндермен танысып, тапсырма бойынша жауап беруге дайындалады.

І топтың жауабы.
Адамдағы тері қабатының жалпы ауданы 1,5-2 м². Терінің жалпы түс күңгірт, дене түстес. Мүйізі қабаттың пигментіне байланысты теріні әр түске ажыратады. Тері ағзаның басқа мүшелерімен тығыз байланысты. Эпидермис – терінің үстіңгі бөлігі. Дерма немесе дәнекер ұлпа жасушаларынан тұрады. Тері асты жасушалары май жасушаларынан тұрады. Теріде жеткілікті мөлшерде су бар. Ол дене мүшелерін түрлі жарақаттан, үсуден, күюден қорғайды. Қорғаныштық қызметтен басқа жылу шығару, тыныс алу қызметтерін де атқарады.

Терінің саңылауларынан тыныс алып, тері бөлінеді. Термен бірге сыртқа зиянды заттар да бөлінеді.
Теріні таза ұстап, күтпесе, терінің бетіне шаң қонып, тері ластанып, түрлі микробтар түсіп ауруға ұшырауы мүмкін. Тері зақымданғанда дәрігердің көмегімен немесе үй жағдайында таза ұстанған дұрыс. Тері аурулары әсіресе түрлі жарақаттар, жыртылған, қажалған, зақымдалған жерлерден ауру тудыратын түрлі стафилококктардың түсіп, олардың өсіп-өніп, тері мен тер асты еттерін зақымдаудан пайда болады.

Терінің саңырауқұлақты аурулары: қышыма (чесотка), теміреткі (лишай). Терінің іріңді аурулары: сыздауық (фурункул), карбункул.

Алдын алу.
1. Тазалық, дене тазалығын сақтау.
2. Бөтен адамның жеке заттарын пайдаланбау.
3. Душ, бассейн, моншада әркімнің өз гигиеналық жеке заттары болу керек.
4. Өздгінен ем қолданбау.
5. Түрлі жаралар мен тер ауруларын тек дәрігер-дерматологқа қарату керек.

тазалық.Шаш оның күтімі, құрылысы

Шаштың өзегі тері беткейінде, ал түбірі дермада, тері асты жасушаларында орналасады. Түп жағы біршама жуандау болып оны шаш пиязшығы деп атайды. Шаштың түсі меланин пигментіне байланысты. Зат алмасудың бұзылуына байланысты қартаң адамдарда пигмент синтезі бұзылып, шаша ағарады. Қалыпты жағдайда шаш айына 1 см өседі.

Қылшық шаштар жақ, иек пен мұртта тез өседі. Өсу ұзақтығы тұқым қуалауға, гипофиз, қалқанша және жыныс без гормонына байланысты. Шаштың өсуіне рентген, гамма сәулелер, күшті эмоциялық стресстер, дұрыс тамақтанбау кері әсерін тигізеді.

Шаш күтімі

1. Әр адам өз шашының жағдайын білуі керек (майлы, қалыпты, құрғақ)
2. Шаштың жағдайына қарай жуғыш заттар таңдалады.
3. Шашты ыстық күн көзінен, химиялық жолмен күйдіруден сақтау керек.
4. Шаштың жағдайына қарай аптасына 2-3 рет жуып отырған дұрыс.
5. Жыл мезгілдеріне қарай шашты күту қажет (аязды күн суықтан, жаңбырлы күні судан, шаң-тозаңнан, ыстықтан т.б.)

Сабақты қорыту үшін сұрақ-жауап.
І топқа сұрақ.
1. Тері қандай қабаттардан тұрады?
2. Эпидермис қабаты қандай?
3. Дерма қабаты жайлы не білесің?
4. Тері аурулары туралы не айтуға болады?
5. Ол аурулардың алдын алу үшін не істеу керек?
6. Тері гигиенасы туралы не білесіңдер?

ІІ топқа сұрақ.
1. Шаштың неше түрі бар?
2. Шаштың түсі неге байланысты?
3. Шаштың құрылысы қандай?
4. Шаштың өсуіне не кедергі жасайды?
5. Шаш күтімі жайлы, гигиенасы туралы айт.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • 4 – сынып оқушы қыздары арасындағы мерекелік байқау
  • Тест (бөлімді қайталау) 4-сынып
  • Бейнелеу өнері – шығармашылықпен оқытудың бір түрі
  • Орта мерзімді жоспар 3 сынып
  • Сын тұрғысынан ойлауды дамыту

Пікірлер 19 Пікір қосу

  • Сраждинова Мухадас 24.01.2024 күні 14:59 уақытында

    сабақ жақсы жоспарланған

    Жауап беру
  • Зине 01.03.2022 күні 09:33 уақытында

    сабақта қолдануға болатын мәлімет

    Жауап беру
  • Шолпан 05.01.2022 күні 15:32 уақытында

    Мақалаңызды оқып шықтым өте жақсы жазылған екен. Оқушыларды кішкентай кезінен бастап тазалыққа үйреткен дұрыс. Біліп жүргендері артық етпес?

    Жауап беру
  • Гулнара 26.12.2021 күні 14:09 уақытында

    Балалар ға денсаулық туралы жеке бастың тазалығы мен күтімі туралы мәліметтер бар?

    Жауап беру
  • Риза 13.10.2021 күні 10:33 уақытында

    Тазалық денсаулық кепілі.Әдемілікке,сымбаттылыққа, таза жүруге тәрбиелеуге өте пайдалы сабақ екен

    Жауап беру
  • Айнұр 16.09.2021 күні 16:22 уақытында

    Тазалық денсаулық кепілі.

    Жауап беру
  • Увалиева Жанна 26.08.2021 күні 21:06 уақытында

    «Тазалық-денсаулық кепiлi «-демекшi әр адамның тазалық сақтауы қолынан келеді. Тақырып жақсы жасалған екен!

    Жауап беру
  • Замзагуль 18.08.2021 күні 13:57 уақытында

    Балаларды кішкентай кездерінен бастап жеке гигиенаны сақтауға үйреткен дұрыс.Сабақта жеке бас гигиенасын сақтауға көптеген маңызды мәліметтер берілген.
    Рахмет ?

    Жауап беру
  • Айнур 16.07.2021 күні 10:11 уақытында

    Балаларға қажетті материал мазмұны өте қызықты формада ұсынылған

    Жауап беру
  • Мадина 14.04.2021 күні 08:22 уақытында

    балалардың жеке бастың тазалығы өте маңызды. кішкентай кездерінен бастап тазалыққа үйрету өте дұрыс

    Жауап беру
  • Баян 12.04.2021 күні 15:03 уақытында

    Сабақ өте қызықты, балаларға түсінікті, жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.

    Жауап беру
  • Стэлла 27.01.2021 күні 19:59 уақытында

    Бастауыш сыныптарға өз жеке басын күту қажет мағлұмат

    Жауап беру
  • Акмолдир 17.11.2020 күні 21:39 уақытында

    Балаларды кішкентай кездерінен бастап жеке гигиенаны сақтауға үйреткен дұрыс.Сабақта жеке бас гигиенасын сақтауға көптеген маңызды мәліметтер берілген.

    Жауап беру
  • Айнур 10.11.2020 күні 09:00 уақытында

    Дұрыс айтасыз. Тазалық денсаулық кепілі

    Жауап беру
  • Сауле 18.10.2020 күні 22:17 уақытында

    Балаларды кішкентай кездерінен бастап жеке гигиенаны сақтауға үйреткен дұрыс.Сабақта жеке бас гигиенасын сақтауға көптеген маңызды мәліметтер берілген.

    Жауап беру
  • Aknur 23.04.2019 күні 13:42 уақытында

    менің шашым өте ұзын болғандықтан бұл мқаланың маған берері өте көп екен. енді шаштың шатасын қалай жазамыз деген тақырыпта мақала шығарсаңыздар.

    Жауап беру
  • Айгерим 20.04.2019 күні 19:23 уақытында

    жеке баска оет қажет мағулматтар коп екен.

    Жауап беру
  • Жакиянова Назым Сагдоллаевна 17.04.2017 күні 15:31 уақытында

    Сабақта жеке бас гигиенасын сақтауға көптеген маңызды мәліметтер берілген, сабақ ұнады.Рахмет!

    Жауап беру
  • Изетова Арай Мұратқызы 15.04.2017 күні 12:10 уақытында

    Мақала оқушыларға өте қызықты деп ойлаймын, маған ұнады.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.