Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Бастауыш сынып

 

Жасөспірімдердің музыкалық мәдениетін қалыптастыру


Адамның рухани өміріндегі терең өзгерістер жасөспірім шағында жүзеге асып, оның көптеген танымдық қылықтарынан (іс-әрекеттерінен), достарымен қарым-қатынасының, эмоционалдық, эстетикалық және моральдық дамуының фактілері тәрбиелеушіге түсініксіз әрі құпия көрінеді. Тәжірибелі педагогтар жасөспірімдермен жұмыс жасау ауыр, оларда қандай да бір құпиялы түсініксіз жайттар жүріп жатыр деген ойды айтады.
Балаларға қарағанда жасөспірімдер жаман мен жақсыны, ақ пен қараны айыра біледі. Жасөспірім шағында олар бала кездеріндегідей емес басқаша ойлап, басқадай түсінеді. Сонымен қатар, жасөспірімдер баланың көре алмайтынын көріп, байқайды. Өзін-өзі танып білуге, түсінуге, көре білуге үйретпеу жасөспірім шақтағы тәрбиелеу жұмысының негізгі қиындығы болып табылады. Оқушы бала кезінде жақсы болған, ал балалық пен жасөспірім кездері жылдарында оғаш әсерге еліктеп жаман адам болыпты дегенді неліктен көп естиміз? Жаман әсер дегеніміз не? Ол қайдан негіз алады? Тәрбиелеу жұмысында ең басты болып жасөспірімдерді жаман қылықтарды қорғау емес, керісінше, оғаш қылықтарды бойына қабылдамауға үйрету болып табылады. Айтылғандарды қалай жүзеге асыруға болады? Міне, тәрбиелеудің шеберлігі мен өнері де осында жатыр.
Жасөспірім – бұл әдемілігі күтуден тәуелді болатын гүл тәрізді. Гүлдің әдемілігі жайлы, ол гүл жармай тұрып ойлану керек. Шын мәнінде «бала – өмірдің қызығы» – терең мағына, сонымен қатар, терең қарама-қайшылық. Бала өз алдына қуаныш көзі болып табыла алмайды. Ата-анасын жаңа негізде қайталайтын адамдағы нағыз қуаныш көзі болып әке-шешесінің бере алған тәрбиесі саналады.
Әлеуметтік факторлардың ішінен қоғамның алғашқы негізі ретіндегі, ата-ананың жанұялық жағдайы, оның іс-әрекеті, материалдық деңгейі, ата-аналардың білімі – белгілі бір мөлшерде баланың өмірлік жолын анықтап береді. Ата-анасының саналы түрдегі беретін тәрбиесінен бөлек балаға бүкіл ішкі атмосфера әсер етеді, әрі уақыт өте келе бұл әсердің эффектісі жинақталып, тұлғаның қалыптасуына әсерін тигізеді. Сонымен бірге, жасөспірімдер мен жеткіншектердің тағдырына жанұя құрамы мен оның мүшелелерінің арасындағы қарым-қатынас және оның ата-анасымен қарым-қатынасының стилі көп әсер етеді. Қолайсыз жанұялық жағдай әдетте «қиын жасөспірімдерге» тән болып келеді.
Жоғары сынып оқушыларының ата-аналарымен жақсы қарым-қатынасы тәрбиелеудің демократиялық стилінде қалыптасуы белгілі. Бұндай стиль көбінесе өз бетінше жұмыс істеуге, белсенділікке жауапкершілікке тәрбиелеуге жағдай жасайды. Бұл жағдайда баланың қылықтары мен іс-әрекеті бірізділікпен, әрі анық және тиімді бағытталып отырылады:
– ата-аналары қойатын талаптарының себептерін түсіндіріп отырады;
– үстемдік қажет болған жағдайда ғана қолданылады;
– балада тәртіптілік қана емес, сонымен қатар өз бетінше жұмыс жасау бағаланады;
– ата-аналары тәртіп орнатып, оның орындалуын қадағалайды;
– ата-аналары баланың тілегімен ғана емес оның ойларымен де санасады.
Тұлғаны қалыптастыруда ата-анасы мен мұғалімдердің әсері неғұрлым елеулі болғанымен, шарықтау шегі бала өмірінің алғашқы жылдарына қарағанда өтпелі кезеңіне сай келеді. Жоғарғы сыныптарда ата-аналармен қарым-қатынас ендігі қалыптасып, өткен «тәжірибені» сызып тастау мүмкін болмайды. Осы орайда жасөспірім бір жағынан тәртіпті болып, жақсылыққа ұмтылғысы келеді, екінші жағынан оны тәрбиелегенін қаламайды.
Бұл периодта сыртқы басқарудан өзін-өзі басқаруға көшу жүреді. Бірақ, кез-келген басқару объект туралы ақпараттың болуын ұйғарады. Бұдан келіп, өзін-өзі басқаруда субъектінің өзі жайлы ақпараттың, яғни өзін-өзі танудың қажет екенін көруге болады.
Орта жастағы мектеп оқушыларының өзін-өзі тануының жоғарғы даму деңгейі өз кезегінде өзін-өзі тәрбиелеуге әкеледі. Жасөспірімді тәрбиелеулің нағыз шеберлігі – жасөспірімді қиыншылықтарды жеңіп, жетістіктердің қуанышын бөлісе отырып, өзін-өзі қалай тәрбиелеу керектігін, қалай жақсы болуды, өзі үшін қалай күресу керектігі жайлы ойлануға мүмкіндік бере отырып тәрбиелеу болып табылады.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Бақылау жұмысы 4-сынып
  • Бала сұлтан
  • 1-сыныптың жылдық тәрбие жоспары
  • Қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру
  • Қысқы ойындар

Пікір жазу жабық.

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.