Ашық тәрбие сағаты «Құстар-біздің досымыз»
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Құстар-біздің досымыз»
Мақсаты:
1.Жабайы және үй құстары туралы білімдерін кеңейту. Олардың тіршілігін, ортақ қасиеттерін, айырмашылығын ажыратуға үйрету.
2. Балалардың ой-өрісін, сөздік қорларын дамыту. Сұраққа толық жауап беруге, 2-3 сөйлем құрастыруға қалыптастыру. 3. Балаларды дала, үй құстарына қамқор болуға баулу
Білім саласы: қатынас.
Бөлімі: қазақ тілі. Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын. Сабақтың көрнекілігі:суреттер, ойыншықтар, кластер, үнтаспа, карточкалар.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. * Балалар бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Ендеше, бүгінгі келген қонақтарымызбен амандасайық, өзіміздің білімдерімізді көрсетейік.
l. “Шаттық шеңбер”
Сылдыр-сылдыр шапалақ,
Міне, менің қолым.
Міне, менің жүрегім,
Сені жақсы көремін.
Негізгі кезеңі. 1. Кіріспе әңгіме: -Балалар бүгін аптаның қай күні? -Жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? -Ендеше, балалар осы өзгерістерді бақылау үшін “Орман патшалығына” саяхатқа барайық. Келе жатқан жолымыздың жан-жағы сары алтынға боялған, ауасы таза, күн ашық. Айнала сайраған құстардың дауысы естіледі.
Балалар қандай құстардың дауыстарын естіп тұрсыңдар?
(Құстардың дауыстарын тыңдату мелодия)
— Иә, бұл құстардың дауысы. Олай болса бүгінгі
тақырыбымыз құстарға арналады. Онда бүгін біз
сіздермен жұмбақтар, жаңа сөздер, қызықты ойындар
ойнап, суреттер бойынша әңгімелесеміз
-“Орман патшалығында” қандай құстарды танисыңдар? — Осының ішінде қандай құстар қыстап қалады? — Құстар ағаштарды неден қорғайды? — Балалар сендерге ормандағы саяхат ұнады ма? — Ал енді “Орман патшалығынан”” сыныпқа оралайық. 2. Ойын: ”Қандай құсты білеміз?” 3.Көрініс «Құстарды аялайық» 3. Жұмбақтарды шешу:
* Шықылықтап тұрмайды,
Құйрығы ұзын, өзі ала.
Бұл қандай құс? (Сауысқан)
* Таң азанмен оянды,
Елдің бәрін оятты. (Әтеш)
* Түрі көмірге ұқсайды,
Қарқылдап ұшады. (Қарға)
* Шарлап келіп даланы,
Үйіме, үйін салады. (Қарлығаш)
4. Сергіту сәті.
Кәне, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
5. Оқулықпен жұмыс.
Тапсырма. Суреттегі құстарды
көрсетіп, олардың қалай
дыбыстайтындығын айтқызу.
6. Сурет бойынша жұмыс.
-”Орман патшалығындағы” көрген құстарды есімізге түсіріп, атап шығайық.
— Олар қандай құстар?(жабайы құстар)
— Ал, мына берілген суретте тағыда қандай құстарды көріп тұрсыңдар?
— Осы құстарды басқаша қалай атауға болады? (үй құстары) 7.Қорытындылау Тиым сөздер.
1.Құстың ұясын бұзба,
Жұмыртқасын жарма.
2.Жұмыртқасы мен балапаны бар ұяны бұзба.
3.Аққуды атпа.
8.Мақал -мәтелдер.
Қаз келсе, жаз келер,
Қарға келсе, қатқақ келер.
Шағала келмей жаз болмас,
Шаңқан келмей, боз болмас.
Жапалақ мақтанса,
Жардан қоян алдым дер.
Жаман мақтанса,
Жақсының жағасынан алдым дер.
