Халық педагогикасының қағидалары- тәрбие саласында

Мазмұны:

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

2.1 «Сегіз қырлы,бір сырлы», «толық адам» тәрбиелеу

қағидаларының негізгі мазмұны

2.2 Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың

қағидалар үндестігі

2.3 «Сегіз қырлы,бір сырлы», «толық адам» тәрбиелеу

қағидаларын тәрбие саласында қолдану арқылы

жеткен жетістіктерім

III.Қорытынды

 

Кіріспе

 

Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып,саяси,әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы білім беру саласында-қазақ ұлттық мектебін жасау,оқушыларға ұлттық тәрбие беру қажеттігін қойып отыр.

Жалпы білім беретін қазақ мектебінің оқушыларына ұлттық тәрбие берудің және оған болашақ мұғалімдерді дайындаудың бағдарлы идеялары еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» халыққа Жолдауының «Қазақстан мұраты» бөлімінде былай айтылған: «…Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып,қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады.Олар… күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы,өз елінің патриоттары болады… Олар ұрпақ тәрбиесінде дана болады: оның саулығына, біліміне және дүниеге көзқарасына қамқорлық жасайды»

Ұлттық мектептің қажеттілігі-қазіргі елімізде орын алып отырған иммунопсихологиялық проблемаларды болдырмаудың негізгі жолы екендігі, ал сол мектептерде ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, иманжүзді, еңбекқор, сұлу да сымбатты, ұлтжанды болып өсетіндігінде.Сондықтан да ұлттық тәрбие ел болашағы.

Сонау 2004-2005 оқу жылын бастағанда 5 б сыныбының жетекшілігін өз мойныма алдым.Сыныпта 20 оқушы бар.Жергілікті жердің оқушыларымен қатар 5 елді мекеннен жиналған оқушылар.Әр баланың мінезі әрқалай,бірі орысша тәрбие алса;енді бірі қарапайым ауыл баласы және әрқайсысы бір-бір үйдің еркесі.Сынып ішінде келіспеушілік басым,тіпте баласының арасына түсіп мектепке келіп шу шығарған ата-аналарда болды.Кезектен тыс ата-аналар жиналыстары болып тұрды.Сыныптағы тәрбиені бір жүйеге келтіру қажеттігі туды. «Не істеймін?» -деген сұрақ көкейде тұр.Өзім қазақы ортада тәлім-тәрбие алғандықтан бұл сұрақтың жауабы ұлттық тәрбиеде жатқанын білдім.

Сынып ішінде алдымен әртүрлі сауалнамалар жүргіздім.Сауалнама нәтижесінде

g1

анықтадым.

 

Ол жылдары біздің мектеп таза қазақ мектебі болса да сабақ үстінде қазақша,ал үзілісте орысша шүлдірлеген балалар көп болатын.Үзіліс уақыттарында мұғалімдер қауымы оқушыларды қадағалап қазақша сөйлеуге үндеп жүретінбіз.Мұнан басқа оқушылар арасында кездесіп жататын келеңсіз тәртіпсіздіктерді,киім кию үлгілеріне қарап отырып

«Мені толғандырған мәселелер» деген сызбанұсқа жасадым.

g2

Жоғарыда аталған халық педагогикасының негізгі қағидалары мен ерекшеліктерін ескере отырып,қазақ этнопедагогикасын ғылыми жүйе ретінде қарастырсақ,мынадай схема шығады.

g3

 

Гипотеза :

Бұл қағидаларды тәрбие жұмысының негізіне алу  әрбір сынып жетекшісі үшін таптырмас қазына.Алдағы істелінетін жұмыстарға айқын бағыт-бағдар беретін ережелер.Болашақта мектептің тәрбие жұмыстарын осы қағидалармен қабыстырып,ұлттық мектептің моделін жасауға болады

Сегіз қырлы,бір сырлы азамат тәрбиелеу қағидаларын атап өтер болсам

g4

Ал,енді осы балалардың пікір айтуына мүмкіндік ашқан «Оқу мен Жазу арқылы Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы.Осы жобаның сертификатын алған соң тәрбие жұмыстарына қолданамын деп шештім.Бұл жоба арқылы бала топта жұмыс істеуді үйренеді,өз пікірін ашық айтып,өзгелерді тыңдауға дағдыланады.

2.2    Халық педагогикасы ғылыми педагогиканың ережелері мен заңдылықтарының қалыптасуына бастау бұлақ болған.

Халық  педагогикасы бүгінде ғылыми зерттеулердің тек объектісі ғана емес,сонымен қатар ол педагогикалық теориялардың,әсіресе отбасындағы тәрбиенің дамуына үлкен әсер ететін ынтымақтастық педагогиканың іргетасы болып табылады.

Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың қағидалар үндестігі

g5

2.3 Енді осы қағидаларды қолдану арқылы мен қандай жұмыстар алып бардым.Қысқаша тоқталып өтсем:

Мектеп және аудан көлемінде,ата-аналармен біргелікте сынып сағаттары,тәрбие сағаттары,дебаттар өткізілді.Солардың ішіндегі маңыздыларына тоқталып өтейін.

1.«Бақыт деген не?»

2.«Сенде бір кірпіш дүниеге…»,

3. «Дін-имандылық негізі»

4.«Отанды сүю иманнан»

5.«Қараталдан жарқырап еді бір жұлдыз!» А.Шәжімбаевтың 60 жылдығына арналған ашық сынып сағаты

6. «Қош келдің,әз Наурыз!»

7. «Жеті атасын білген ер,жеті жұрттың қамын жер»

8.«Мақтанышым,қуанышым,қасіретім-Желтоқсан» ашық сынып сағаттары

9. Ұлы Жеңістің 68 жылдығына арналған «Отан үшін от кешкендер» тәрбие сағаты

10. «Бірлік түбі береке» 1 мамыр мерекесіне арналған тәрбие сағаттарын айтуға болады.

Жоғарыдағы қағидаларды қолданып алып барған жұмыстарымның нәтижесінде төмендегілерге қол жеткіздім.

g6

«Ескісіз жаңа болмайды,есепсіз дана болмайды» дегендей осы балаларымның өз пікірін ортаға салып ашылуына  «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан дамыту » жобасы көмекке келді.Осы жоба сертификатын алған соң тәрбие саласындағы жұмыстарым жандана түсетініне сендім.

Тәрбие жұмыстарында отбасы үлгісін көбірек қолдандым.(М: сыныптағы «Бозбала» ұлдар мектебі мен «Бойжеткен» қыздар мектебінің отырыстарын өткізгенде жеңге ролінде болып,сырласамын.Барлығына қазақтың келіндерінің салтымен ат қойдым.Бұл балаларға ұнайды.Қазақта қайын сіңілдері мен қайнылары жеңгелерімен сыр бөліскен)

«Бабаларыңның даңқына тәу ету қажет қана емес,міндет те,ондай сый-құрметтің қолыңнан келмеуі масқара ынжықтық болмақ»,-деп жазыпты А.С.Пушкин

Шындығындада өткенсіз бүгін жоқ.Тәрбиенің тал бесігін тербеткен ата-баба мұрасын кенже қалдыру бізге сын.Сондықтан да,бәріңізді ұлттық тәрбиені қолдауға шақырамын!

Қасымның қасқа жолы,Есімнің ескі жолы,Абайдың қара сөзі,Мағжанның педагогикалық ойлары бізге әрқашанда бағыт-бағдар берер таптырмас қазына.

Ал, қазіргі таңда сынып жетекшілік ететін сыныбым, 8 сынып.  Бұл сыныппен жұмыс жасау мен үшін өте жеңіл болды, бұл күндері мектебіміздегі таңдаулы сыныптардың бірі. Білім сапасы 67%. Метептегі кез келген қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын, өнерлі, тәртіпті оқушылар.

Ұлттық тәрбиені бүгінгі күн талабына негіздеу әрбір ұстаздың шеберлігіне байланысты.Сөзімді елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келеді

«…Мәртебелі болашақ туралы армандай отырып,мерейлі өткенімізді де жадымызда сақтағанымыз жөн болар.»

«Біз ұлы жолға шықтық,арманды сапарға аттандық.

Қолымызда – тәуелсіздіктің көк туы.

Елтаңбамызда-бар халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз.

Арманымызды алға апарар қанатты пырақтарымыз бар!

Лайым бетімізден жарылқасын!

Үлкен жолдың үстінде ата-бабаларымыздың аруағы желеп-жебеп жүрсін!»

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030-Алматы.Білім,1997.-256 б

2.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы// Егемен Қазақстан,1999 ж,11 маусым

3.Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы.Атамұра,2003 -78 б

4.Серғазы Қалиұлы. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. Алматы «Білім» 2003,53-64 БЕТТЕР

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Айнур

    Халық педагогикасынан сабақтарда қолдану барысындағы тәрбиелік мәнге тигізер керемет үлес

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ