Сандар сыры

Талас ауданы Білім бөлімі
«Талапты» орта мектебі

Сандар сыры

Көмекші құрал

Құрастырып дайындаған:
Байназар Айнұр

Талапты ауылы

Әр нәрсенің бар ғой шіркін мөлшері,
Бал шырынды балалықтың өлшемі,
«Он үш» деген ең алғашқы есею,
Әлі талай межелерге жетелейді ол сені.

«Жиырма бесте» жігіт болып өсерсің,
«Отыз жеті» қиындықты қылыштайын кесерсің
«Қырық тоғыз» ағалық жас мүшелі,
«Алпыс бірді» ата, әже мәртебесі деседі.

Одан әрі «жетпіс үш» те көрінер,
«Сексен беске» кімдер жетіп сүрінер ?!
Жеті мүшел қатерлі жол сапардан,
Аман өтсең, төрі жұмақтың көрінер.

Майра Жылқыбаева

bastauishsinipmuglimis1
Құрастырушыдан

Мақсат: сандар мен оның сырларын терең ұғындыру арқылы ұлттық дәстүр, салтты әрбір оқушы назарына жеткізе отырып фольклорлық ой-пікірдің дамуына ықпал жасау.
Еліміз егемендік алғаннан бері халқымыздың өз тарихын, этникалық ерекшіліктерін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрін оқып білуге, ұстануға молынан мүмкіндік туды. Сандарға байланысты айтылған аталы, киелі сөздердің өзіндік орны мен болмысы бар.
ХҮ — ғасырда қазақ хандығы орнап, дербес ұлттық мемлекетті Керей мен Әз Жәнібек хан басқарады. Елдің, Ханның ақылшысы болған Жиренше шешен бірде ауырып қалады. Нелер емшілер шақырылып емдей бастайды. Өтей — бойдақ деген емшінің емі қонып Жиренше шешен жазылады. Емшіге Әз-Жәнібек сұрақ қояды:
— Емшілікті кімнен үйрендіңіз?
— Ұрпақтан ұрпаққа дәстүр болып келеді. Әкемнен үйрендім.
— Қандай еммен емдейсіз ?
— Әрбір адамды өз мекен еткен жердің шөбімен емдеймін.
— Қандай ауруды жазу қиын.
— Тұқым қуалайтын ауруды жазу қиын.
— Оның алдын қалай алу керек?
— Жеті атаға толғанша тұқымдас адамдарды үйлендірмеу керек.
Осыдан кейін Әз-Жәнібек өз халқына жеті атаға толғанға дейін үйленуге тиым салып, Жарлық берді. Міне осы дәстүр бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып, жеті атаға толғанға дейін үйленбеуді берік ұстап келеміз.
Халықтың қасиетті киелі дәстүрінде сандардың алатын өзіндік орны бар. Оқушыларға білім беруде олардың ой-өрісі мен тілдік байлығын дамытуда кітапқа енген, баспасөз беттеріне жарияланған, әр алуан дерек көздерінен жиналған сандарға байланысты аталы сөздер мен мақал-мәтелдер, табиғи құбылыстар мен өнер туындылары туралы сөз тіркестері беріліп отыр. Құралда берілген нақыл сөздер мен аталы сөдерді оқи отырып өзіңіздің пайымдық білім парасаттылығыңызға сандар сыры мағынасынан дәйек аласыз. Құрал қызығушылық танытқан кез-келген оқырман назарына ұсынылады.

2

Бір санына байланысты
мақал — мәтелдер:

Ауыз біреу,
құлақ екеу.

Бір адам — самал,
Екі адам — амал,
Үш адам — жамал,
Төрт адам — қамал.

Бір аяғым төрде, бір аяғым көрде.

Бір аяқ қымыздың, екі аяқ желі болды.

Бір елі ауызға, екі елі қақпақ.

Бір жылға
Қоян терісі де шыдайды.

Бір ит көріп үреді,
Екі ит еріп үреді.

Бір көрген біліс,
Екі көрген таныс.

Бір күн дәм татқанға,
Қырық күн сәлем.

Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді,
Бір жақсы мың қолды ерітеді.

Бір түлікке бай болғанша,
Әр түлікке сай бол.

Бірінші байлық — денсаулық,
Екінші байлық — ақ жаулық,
Үшінші байлық — он саулық.
3
Бір үй толған жансың,
Бір-біріңе меймансың.

Біреу, біреуге сүйеу.

Көңіл бір атым насыбайдан қалады.

Мың жаудан бір жансыз жаман.

Мыңның жүзін білгенше,
Бірдің атын біл.

Мың малың болғанша,
Бір балаң ғалым болсын.

Туыстың бізі бір,
Түлкінің ізі бір.

Үш бие бұлақ басы,
Екі бие ел асы,
Бір бие жоқтың қасы.

Теңеу сөздер:

Бір бет — айтқанынан қайтпайтын қайсар.
Бір елі — саусақтың қалыңдығындай.
Бір жеңнен қол,
Бір жағадан бас шығару — ауыз бірлік, ұйымшылдық.
Бір қайнауы ішінде — шала піскен.
Бір орайда — реті келген кезде.
Бір тоға — бір мінез.
Бір тұтам — қысқа, келте.
Бір ішек — тамақты аз ішетін.
Екі санына байланысты
мақал — мәтелдер:

Бас екеу болмай,
Мал екеу болмас.
4

Пайдаланған әдебиеттер:

Ақ жол, 2006, 16 қараша,- 7,8 бет.
Бабаңнан саған не қалған! Әдеби — этногра
Исабаева Р. Сандардың құдіреті // Отбасы және денсаулық.- 2007. — № 4. — 7 б.

Исаева Б. Сандардың құдіреті // Республика Ұстаздары.- 2007. — № 4-5. — 20 наурыз. — 8 б.

Кенжеахметұлы Жеті қазына: Жиған-терген. 1 кітап. — Алматы, 2002. — 26-34 б.

Қазақ және әлем әдебиеті. — 2006. — № 6. — 27-28.

Қазақ мақал — мәтелдері. / Құраст.: Ж.Малайсарин. — Алматы: Ана тілі, 2003. — 184 б.

Қазақтың мақал — мәтелдері / Құрастыр. Ө.Тұрманжанов, К.Ахметбекұлы — Алматы, 2004. — 440 б.

Қазақтың мақал — мәтелдері / Құрастыр. А.Т.Смайлова — Алматы, 2005. — 400 б.

Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: Аруна Ltd. ЖШС, 2005. -656 б.

Қазақстан мектебі, 2005, №9-10, 24-25

Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Т. 7 . — Алматы: Қазақ энциклопедиясының бас редакциясы, 2001. — 671-676 б

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі,Т.9, Т-Ү. — Алматы: Ғылым, 1986. -156,171,243-244 бет.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, Т.10, Ү-Я.- Алматы: Ғылым, 1986. — 17 бет.

100 тағлым // Кенжеахметұлы С. Жеті қазына: Жиған терген. — Алматы, 2000.- 75-80 б.
28
Баста мый жоқ болса,
Екі аяққа күш түсер.

Екі аяқ қымыздың
Екі аяқ желі бар.

Екі аяқтыда бажа тату,
Төрт аяқтыда бота тату.

Екі жақсы қосылса,
Ай мен Күндей жарасар.

Екі жақсы қосылса,
Айрылысуға қиыспайды,
Екі жаман қосылса,
Кең дүниеге сиыспайды.

Екі жаман қосылса,
Ырылдасып таласар.

Екі жаман ауыл болмас,
Ауыл болса қауым болмас.

Екі жасты қосқанның сауабы бар,
Дос арасын ашқанның обалы бар.

Екі жүзді пышақтан сақтанба,
Екі жүзді адамнан сақтан!

Екі кеменің басын ұстаған суға кетер.

Екі кісі ығысса,
Бір кісіге орын бар.

Екі қатын алғанның дауы үйінде,
Жаман қатын алғанның жауы үйінде.

Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды.
5
Екі молда бір кісі,
Бір молда жарты кісі.

Екі ұштыны бір күшті қосады.

Жер астынан жік шықты,
Екі құлағы тік шықты.

Емен ағаштың иілгені — сынғаны,
Ер жігіттің екі сөйлегені — өлгені.

Тауда туған баланың,
Екі көзі таста болар.
Ашаршылықта туған баланың,
Екі көзі аста болар.

Үйіңде екі қатының болса ойран болар,
Екі сиырың болса айран болар.

Үш санына байланысты
киелі, аталы, теңеу сөздер:

Үш ақиқат
Қымбат — шындық
Арзан — өтірік
Дауасыз — кәрілік

Үш алыс
Жермен көк аралығы,
Жаспен кәрі арасы,
Жақсы мен жаман арасы.

Үш анық
Мінсіз сөз
Кірсіз ақыл
Адал еңбек

6
Алпыс санына байланысты
түсіндірме теңеу сөздер:

Алпыс екі айлалы — алуан түрлі қулығы бар

Алпыс екі тамыр — адамның жүйке саласы, жан жүйесі

Сексен санына байланысты мақал мәтел

Сексен шықпай тоқсан кірмейді.

Сексенде сегіз байлық, сегіз жарлылық.

Тоқсан санына байланысты

Теңеу сөздер
Тоқсан тоғыз — сансыз көп
Тоқсан толғанды — көп ойланды
Тоқсан түрлі — сан қилы,өте көп
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні — қысқартып айтқандағы тоқ етері

Жүз санына байланысты
аталы түсіндірме сөздер:
Жүз жылда қазан.

Мақал — мәтел
Жүз адам мақтаған кісі — жүз адамға татиды.

Жігіттің құны жүз жылқы,
Ары мың жылқы.

Адам өміріне байланысты атаулы кезеңдер

Қырық күнде нәрестені қырқынан шығару.
Бес жаста ұлды сүндетке отырғызу.
Мүшел жастар — 13, 25, 37, 49, 61, 73, 85 деп жалғаса береді.
Қырық жас — кемел жас.

27
Қырық санына байланысты:
Аталы сөздер
Қыз — қырық шырақты.

Қырықтың бірі қыдыр.

Ханда қырық кісінің ақылы бар.

Мақал -мәтел

Қырықта қылау түсер,
Сақал — мұртқа қырау түсер.

Қырықта қылаң, елуде елес.

Қырқында қыры кеткен.

Қырық кісі бір жақ,
Қыңыр кісі бір жақ.

Қырық атан ұстама,
Қырық тамыр ұста (Қырық ата-байлық, бедел, алайда байлықтан да артық
алыс-жақын ағайын, дос арасындағы алыс-беріс).

Елу санына байланысты
мақал-мәтел:
Елу жас ел ағасы.

Елу жылда ел жаңа.

Ел құлағы елу.

Елде елу түрлі адам бар.

Елу ердің жасы, алпыс пәленің басы.

Елудегі еркек қыз алады,
Елудегі қызды кім алады.
26
Үш апат
Ғалымдар мен қарттарды силамау
Өкіметті силамау
Асты ысырап ету

Үш арсыз
Күлкі
Ұйқы
Тамақ

Үш артық
Адалдық
Еңбек сүйгіштік
Өнерпаздық

Үш асыл
Көз
Тіл
Көңіл

Үш байлам
Ақыл — арқан,
Ой — өріс,
Адам – қазық.

Үш байлық
Денсаулық
Ақ жаулық
Он саулық

Үш бақытсыздық
Жаман ат
Жаман қатын
Жаман көрші

Үш бәйтерек
С.Сейфуллин
Б.Майлин
І.Жансүгіров

7
Үш белгі
Бала — артта қалған із
Бақыт – ұзатылған қыз.
Мал – қолға ұстаған мұз

Үш би
Үйсін — Төле би
Арғын — Қаздауысты Қазбек би
Алшын — Әйтеке би

Үш биік
Билік
Дәулет
Даналық

Үш болмыс (Адам өзін-өзі тану үшін өзінің үш болмысын білуі керек):
Бірінші — рухани болмысын
Екінші — психологиясын
Үшінші — тән физиологиясын

Үш ғайып
Қонақ
Несібе
Ажал

Үш дана
Абай
Шоқан
Ыбырай

Үш дауасыз
Тумақ — өлмек
Тағдыр
Кәрілік

Үш жамандық
Нақақ қан төгілу
Кісі малын алу
Ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу

8
Тоғыз жолдың торабы — Көп жолдың түйіскен, тоғысқан жері
Тоғыз саққа жүгіртті — әр түрлі пікірлер мен болжамдар

Ойын
Тоғыз құмалақ — Ертеден келе жатқан тоғыз ұялы ұлт ойыны

Мақал-мәтел
Тоғыз ауыз сөздің,
Тобықтай түйіні

Тоғыз қабат торқадан
Тоқтышақтың терісі артық

Тойған жерге
Тоғыз бар

Он санына байланысты:
мақал-мәтел
Он адам жүрген жерде із қалады,
Жүз адам жүрген жерде — соқпақ
Мың адам жүрген жерде жол қалады.

Теңеу сөз
Он саусағынан өнері тамған

Он үш саны байланысты мақал-мәтел

Он үште отау иесі.

Отыз санына байланысты мақал-мәтел

Отызында оқ атпаған,
Қырқында қылыш шаппас.

Отызында орда бұзбаған,
Қырқында қыр аспайды.
25
Жеті шелпек — тұрмыстық дәстүрге байланысты қуаныш пен
сын жағдайларда таратылатын жеті күлше нан.

Жетіасар — б.з.б. 3-1-ғы қаңлы тайпалары қоныстарының
орны.
Жетіген — шертпелі жеті ішекті аспап
«Жеті муза» — эстетикалық тәрбие клубы
Жетітөбе — Жамбыл обл. сақталған ежелгі обалар тобы

Мақал-мәтел
Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл

Жеті рет пішіп,
Бір рет кес.

Сегіз санына байланысты
аталы сөздер мен атаулар:
Баланың сегізінде тісі түседі,
Сексенінде ісі түседі.
Сегіз сал — Жетісудың өнерпаздар тобы
Еркекте сегіз түрлі қасиет болсын, олар:
игі мінез
ізгі қасиет
әйелмен сөйлескенде әдепті
сыпайылылық
жауының алдында жүректі
үлкендерге кішіпейіл
халық салтын қадірлейтін
осал жандарға жұмсақ, сұмырайларға қулық жасау

Теңеу сөздер
Сегіз қырлы, бір сырлы
Сегіз өрім

Тоғыз санына байланысты
Дәстүр

Тоғыз — Қазақтың дәстүрі бойынша үлкен жиын-тойда ат бәйгесіне берілетін сыйлық немесе әр түрлі дау-шарда төленетін айып.

24
Үш жұрт
Өз жұртың – күншіл
Қайын жұртың – міншіл
Нағашы жұртың – сыншыл

Өз жұртың – ағайын
Бар болсаң – көре алмайды,
Жоқ болсаң – бөліп бере алмайды.
Жақсы болсаң – күндейді,
Жаман болсаң – жүндейді.

Қайын жұртың
Қолыңның ұзындығына қарайды,
Жағаңның қызылдығына қарайды.
Берсең – жағасың,
Бермесең – дауға қаласың.

Нағашы жұртың
Жақсылығыңа сүйінеді,
Жамандығыңа күйінеді.
Әрқашан тілеуіңді тілейді,
Тілеуқорлық ниеті билейді.

Үш жүз
Ұлы жүз
Орта жүз
Кіші жүз

Үш кедейлік
Кежірлік
Еріншектік
Ұйқы

Үш кемдік
Надандық
Еріншектік
Зұлымдық
9
Үш көз
Бұлақ – су анасы,
Тұяқ – жол анасы,
Құлақ – сөз анасы

Үш қадірлі
Ырыс
Бақ
Дәулет

Үш қалып
Саусақтар жайылса – алақан,
Жұмылса – ішкі жағы жұмырық,
Сыртқы жағы – жұдырық.

Үш қасиет
Өліде — әруақ
Малда — кие
Аста – кепиет (қасиет)

Үш қат
Жоғарғы қат (аспан)
Орта қат (жер үсті)
Төменгі қат (жер асты)

Үш қуаныш
Алғыс алу
Өзіңді көптің іздеуі
Ісіңнің өшпеуі

Үш қуат
Ақыл
Жүрек
Тіл

Үш мұрат
Қыз мұраты — кету
Жол мұраты — жету
Дау мұраты — біту

10
Жеті қат көк — жеті жарық шығыс астрономиясында жеті қат
көк деп аталады: («шырқау биік, шексіз аспан» деген мағынадағы
астарлы сөз)
Ай
Меркурий
Шолпан
Күн
Қызыл жұлдыз (Марс)
Мүштари (Юпитер)

Жеті құбылыс —
Күншығыс
Күнбатыс
Түстік
Терістік
Аспан әлемі
Жер орта
Жер асты

Жеті мүшел — адам жасын мүшелмен өлшеу
Сәбилік мүшел — 13
Жігіттік мүшел — 25
Ағалық жас мүшел — 37
Орта жас мүшел — 49
Ақсақалдық мүшел — 61
Қартаң тартқан мүшел — 73
Кәрілік мүшел — 85, одан әрі «Жеті мүшелден асқан», —
делінеді

Жеті шәріп (Жеті әулие)
Меке шәріп
Мәдина шәріп
Бұхар шәріп
Шам шәріп
Қатым шәріп
Құддыс шәріп
Кәләм шәріп
23

Жеті керемет
Біздің жыл санауымызға дейінгі үшінші ғасырда адам
қолымен жасалған кереметтердің үлгілері:
Мысырдағы Хеопс пирамидасы
Вавилондағы Семирамиданың аспалы бағы
Эфестегі Артемида ғибадатханасы
Галикарнас мавзолейі
Родостағы Гелиостың алып мүсіні
Александрия маягі
Олимптегі зевс мүсіні

Аптаның жеті күні
Дүйсенбі
Сейсенбі
Сәрсенбі
Бейсенбі
Жұма
Сенбі
Жексенбі

***
Бүгін
Ертең
Бүрсүгіні
Арғы күн
Ауыр күн
Соңғы күн
Азына

Жеті қазына
Ақыл, білім
Берен мылтық
Ер жігіт
Жүйрік ат
Жүйрік тазы
Қыран бүркіт
Сұлу әйел

Жеті қарақшы — шөміш пішінді шоқ жұлдыз

22
Үш нәрсенің қадірі
Денсаулық
Жақсы жар
Жігіттік

Үш тағылым
Мейірімнен — сауап
Жақсылықтан — шарапат
Жамандықтан кесапат

Үш тәтті
Жан
Мал
Жар

Үш тоғыз (этногр.) — тоғыз түрлі заттан тұратын үш топ сыйлық

Үш тоқтам
Ой
Ақыл
Шешім

Үш тұл
Қайратсыз – ашу,
Тұрлаусыз – ғашық,
Шәкіртсіз – ғалым.

Үш ынтық
Еркін өмір
Құрметке бөлену
Пайдалы еңбек ету

Үш із
Бала
Байлық
Бақыт

11
Үш фактор
Тұқым қуалаушылық
Орта
Тәрбие

Үш ынтық
Еркін өмір
Құрметке бөлену
Пайдалы еңбек ету

Үш санына байланысты теңеу сөз тіркестері:

Үш қайнаса сорпасы қосылмайды — ешбір байланысы жоқ, мүлде басқа

Төрт санына байланысты түсіндірме
теңеу сөздер:

Дүниенің төрт бұрышы — дүние жүзі.
Екі көзі төрт болды — күте-күте зарығу.
Төрт амал — арифметиканың қосу, алу, көбейту, бөлу амалдары.
Төрт аяғын тең басқан — мінсіз, кемшілігі жоқ.
Төрт бұрыш — төрт бұрышты болып келген фигура.
Төрт жолдан тұратын өлең формасы – рубаят.
Төрт көзі түгел — тегіс бас қосқан.
Төрт қанат — төрт керегеден құралған киіз үй.
Төрт құбыласы түгел – болып толған.
Төрт тағандады — төрт аяғымен жер тіреп тұру, әлсіздену.
Төрт түлігі сай — малды-жанды.
Түн ұйқысын төрт бөліп — маңдай термен тапқан табыс,
баққан бала.
12
6 — Жарғы. Төбелесте мертігудің түріне қарай құн төленсін: а) көзін шығарса, айыпқа қызын береді, қызы жоқ болса, қыздың қалың малын береді.
7 — Жарғы. Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін.

Жеті жетекші
Адамның басшысы — ақыл
Жетекшісі — талап
Жолаушысы — ой
Жолдасы — кәсіп
Қорғаны — сабыр
Қорғаушысы — мінез
Сынаушысы — халық (Саққұлақ би)

Жеті жетім
Тыңдаушысы жоқ сөз — жетім,
Иесіз қалған жер — жетім,
Басшысыз қалған ел — жетім,
Аққу құссыз көл — жетім,
Жерінен кеткен ер — жетім,
Киюсіз тозған бөз — жетім,
Замандасы қалмаса,
Бәрінен де сол- жетім.

Жеті жоқ
Аққуда сүт жоқ
Аллада бауыр жоқ
Аспанда тіреу жоқ
Жерде өлшеуіш жоқ
Жылқыда өт жоқ
Тасбақада талақ жоқ
Таста тамыр жоқ

Жеті жұт
Зілзала (Жер сілкінуі)
Құрғақшылық
Жұт (Мал қырылу)
Оба, Сүзек (Ауру)
Өрт
Соғыс
Топан су
21
Жеті байлық
Әуелгі байлық — денсаулық
Екінші байлық – еркіндік
Үшінші байлық – тіл байлық
Төртінші байлық – қайрат күш
Бесінші байлық – ақ жаулық
Алтыншы байлық – балаңыз
Жетінші байлық – жүз саулық

Жеті ғалам — дүние жүзі
Күншығыс
Күнбатыс
Түстік
Терістік
Жоғарғы ғалам — аспан
Орта ғалам — жер
Төменгі ғалам — жер асты

Жеті ғашық
Ләйлі — Мәжнүн
Жүсіп — Зылиқа
Фархат — Шырын
Таһир мен Зұхра
Еңлік — Кебек
Қозы Көрпеш — Баянсұлу
Қыз Жібек пен Төлеген

Жеті жарғы — Тәуке хан тұсындағы қазақ халқының әдет-ғұрып заңдары.
1 -Жарғы. Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісіге өлім жазасы бұйырылсын.
2 — Жарғы. Түрік халқының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын.
3 — Жарғы. Мемлекет ішінде жазықсыз кісіні өлтірген адам өлім жазасына бұйырылсын.
4 — Жарғы. Зинақорлық жасап, ақ некені бұзушыларға өлім жазасы бұйырылсын.
5 — Жарғы. Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын.

20
Киелі, аталы сөздер:
Төрт күнә
Аллаға күмән келтіру
Нақақтан қан төгу
Ата-анаға тіл тигізу
Өтірік куә болу (Мұхамбет пайғамбар)

Төрт кітап
Тәурат — Мұсаның кітабы
Зәбүр — Дәуіттің кітабы
Інжіл — Исаның кітабы
Құран — Мұхамбеттің кітабы

Төрт қорлық
Шақырылмаған жерге бару
Бейбастық сөйлеу
Дұшпаннан жәрдем күту
Сараңнан қажет сұрау

Төрт құбыла
Шығыс
Оңтүстік
Батыс
Солтүстік

Төрт қылыш
Хәмхам
Сәмсам
Зұлпыхар
Зұлқажа

Төрт маусым:
Қыс
Көктем
Жаз
Күз

Төрт мұрат
Дау мұраты — біту
Саудагер мұраты — ұту
Қыз мұраты — кету
Жол мұраты — жету

13
Төрт мүлік
Бас — сандық
Тіл — кілт
Қол — мүлік
Аяқ — азамат

Төрт періште
Жебірейіл
Әзірейіл
Мекайіл
Исрафил

Төрт пір
Жарлының пірі — қалтаң ата
Ұрының пірі — жалтаң ата
Шебердің пірі — тепшем ата
Кәрінің пірі — кекшіл ата (Доспол шешен)

Төрт тұлға
От
Су
Жел
Жер

Төрт түлік
Түйе пірі — Ойсыл қара
Жылқы пірі — Қамбар ата
Сиыр пірі — Зеңгі баба
Қой, ешкі пірі — Шопан ата, Шекшек ата

Төрт халифа
Әбубәкір
Омар
Оспан
Әли

Мақал-мәтел:
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.
14
Жеті амал
Жеті амал атауын байырғы кезде, есепші (астрономдар) қолданған.
Айдың тоғамы — Үркер мен айдың тоғысуы
Тоқсанның кіруі — қыстың түсуі
Мұздың қатуы — қарашаның қары деп аталады
Үркердің батуы -«Үркер төмен туса, қыс жайлы болады, жоғары туса қыс қатты болады» деп есептеуіштердің есебі бойынша есептелінген
Киіктің матауы — киіктің үйірге түсуі
Қарашаның қайтуы — қараша айының аяқталып, желтоқсанның кіруі
Күннің тоқырауы — түннің қысқаруының, күннің ұзаруының аяқталуы
Жеті ата — адамның ата жағынан тегінің таралуы
Әке
Бала
Немере
Шөбере
Немене
Жүрежат
Туажат

Сонымен қатар
Аталар
Әке
Ата
Әз ата

Бабалар
Баба
Тектін
Төркін
Түпқиан
Бесінші байлық — ақ жаулық
Алтыншы байлық — балаңыз
Жетінші байлық — жүз саулық
Екінші байлық — еркіндік
Үшінші байлық — тіл байлық
Төртінші байлық — қайрат күш

19
Алтыбақан — алты бақанның басын үш-үштен біріктіріп,
арқан байлап, әткеншек теуіп ойнайтын ойынның аты.

Алты батпан — зілдей ауыр

Алты игілік
Денсаулық
Қазына
Дос
Әйел (жар)
Білім
Бала (ұрпақ)

Алты парыз
Адамдар бір-біріне деген алты парызы бар.
Бір-біріне сәлем беру
Шақырса — бару
Кеңес сұраса — ақыл қосу
Сұрағына жауап беру
Ауырып қалса — көңілін сұрау
Қайтыс болса — жерлеуге қатысу (Мұхамбет пайғамбар)

Азуы алты қарыс — азулы, күшті
Алты айлық — алыс жол
Алты аласы, бес бересі жоқ — өте-кеткені жоқ
Алты ауыз болды — бірінің сөзіне бірі көнбей араздасты
Алты батпан — зілдей ауыр

Жеті санына байланысты: Жеті саны өте киелі сан.
«Жеті өлшеп, бір кес» деген сөз — сабырлылыққа,
ыждағаттылыққа шақыратын сөз.
Киелі, аталы, түсіндірме сөздер мен атаулар
Жетелі жұрттың жеті белгісі:
Ту
Елтаңба
Әнұран
Елұран
Елтеңге
Төл құжат
Ұлттық жазу
18
Бес санына байланысты: Бес санының құдіреттілігі салт
дәстүрімізде жетерліктей дәріптелген. Бес жаста ұл баланы
сүндетке отырғызып, бәсіресіне мінгізіп, ауыл аралатқан.
Ислам дінін мойындайтын мұсылмандар бес уақыт
намаз оқиды.

Киелі, аталы, теңеу сөздер:

Бес арыс:
А. Байтұрсынов
М. Дулатов
М. Жұмабаев
Ж. Аймауытов
Ш. Құдайбердиев

Бес борыш
Аллаға, пайамбарға байланысты борыш
Адамның өзіне байланысты борыш
Мемлекет пен халыққа борыш
Үй-іші, жақындарға борыш (Мұхамбет пайғамбар)
Адамгершілік әлеміне борыш

Бес жаратылыс
Күн
Ай
Жұлдыз
Күндіз
Түн

Бес қару
Садақ
Мылтық
Найза
Қылыш
Айбалта

15
Бес өсиет
Топасқа сенбе
Жауға иілме
Әрқашан сақ жүр
Аш үйге қонба
Жарлыдан сый алма

Бес саусақ
Бас бармақ
Балаң үйрек
Ортан терек
Шылдыр шүмек
Кішкентай бөбек

Бес уақыт намаз
Таң намаз
Бесін намаз
Аср намаз (екінді намаз)
Ақшам намаз
Құтпан намаз (Жашиық намаз) (үтір намаз)

Нақыл сөздер:

Бес асыл, бес дұшпан
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз…
Өсек, өтірік мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ —
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рахым ойлап қой —
Бес асыл іс көнсеңіз. (Абай).

Мақал-мәтел
Бес биенің сабасындай
16
Бес парыз
Құдайдың бірлігі мен Мұхамбеттің пайғамбарлық қасиетін
мойындау
Намаз оқу
Ораза тұту
Қайыр садақа беру
Хажылыққа бару

Түсіндірме теңеу сөздер:
Бес батпан — баттасқан кір
Бес биенің сабасындай — толық денелі, кең пейілді
Бес тал — сирек, селдір
Бес тас — ұлттық ойын

Алты санына байланысты
киелі, аталы, түсіндірме теңеу сөздер:

Алты алаш
Қазақ
Қарақалпақ
Өзбек
Түркімен
Қырғыз
Жайылған (Төле би)

Ұлы жүз
Орта жүз
Кіші жүз
Қарақалпақ
Қырғыз
Қазақтың құрама рулары (М.Тынышбаев)

Алты асқар
Ақыл
Білім
Әділдік
Жомарттық
Шыншылдық
Кең пейіл

Алты ауыз — араздасу, келіспеу.

17

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер2
  1. Айгерім

    Сандарға байланысты айтылған аталы, киелі сөздердің өзіндік орны мен болмысы туралы керемет келтірілген!?

  2. Мақташ

    Халықтық педагока негізінде сандардың сырын пайдалануға өте тамаша материал екен.Сандарды мақал-мәтелдерде, ырымда қолдануға тапсырмас материалдар жинақталған. АВТОРҒА РАХМЕТ!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ