Менің отбасым. М дыбысы мен әріпі

М әріпін үйрену бастауышқа.

Сынып: 1

Пәні: Сауат ашу

 
Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. М дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа  әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері  Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, дүниетану сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік М дыбысы мен әрпі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

3 минут

Психологиялық дайындық Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

 

 

 

Ширату жаттығулары

Сабақтың ортасы

8 минут

 

 

№1Сызбаның және сөздердің көмегімен өз атаң туралы оқы.

№2 Оқы

1топ: бір оқушы отбасы туралы айтады.

2 топ: буыннан сөз құрау.

3топ: м дыбысы бар сөздер жазу

4топ: сызбаның және сөздердің көмегімен өз аталары туралы оқу..

Жұппен жұмыс

№2 Оқылымды жұпта оқу.

Мата   Марал  алма     мал    адам    маса    томар   шама   мол  Марат  Арман   ал   алма   отыр  отырма  сула  сулама

 

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

Музыкалық сергіту сәті

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш ті

 
Қызықты тапсырма

8 минут

 

Аяқталуы

 

16 минут

«Адасқан әріптер» ойыны

1.Алдына әріп қосып айтыңдар.
… аға, …ауа, …апа, …ақта, …ана.
2.Артына әріп қосып айтыңдар.
Қол…, алаш…, шаш…, шар…, монша…
«Сөз ойла, тез ойла» ойыны

Сөзге буын жалға.
Ой-…, мал-…, ай-…, қар-…, ақ-…, ара-…, ал…

Дәптермен жұмыс: көркем жазуға м әрпіне байланысты сөздер жазғызу (мата, маса, мақта)

 

 

 

 

Оқулық, дәптерлер.

 

Сабақтың соңы

2 минут

 

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді  бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім      Сұрағым бар        Түсіндім

 Менің отбасым. М дыбысы мен әріпі

 

Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

 

Оқушылар өздері жасаған  бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пікірлер36
  1. Сраждинова Мухадас

    өте керемет,жақсы ойластырылған

  2. Бибинур

    Жақсы құрастырып жан жақтама ойластырылған сабақ тамаша

  3. Бибинур

    Сабақтың негізгі идеясы тамаша келешекте тура осылай жасауға болады екен бәрі нық и орынды жасалынған

  4. Гулнара

    Сабақ жоспарының маған құрылуы ұнады

  5. Дина

    Жақсы жасалынған сабақ жоспары. Маған сабақты қорытынды бөлімі ұнады яғни стикермен бағалау.Өзіме де қолданамын деп шештім…

  6. Бактыгуль

    Сабактың құрылымы мен мақсат міндеттері айқындалды

  7. Айдана

    Жаңартылған мазмұнда құрылғанба? өзгеше құрылған кен.

  8. Айгерім

    Өте керемет ұйымдастырылған сабақ?

  9. Мақташ

    М дыбысы мен әрпін өтуде осы жоспарды басшылыққа алдым. көрнекіліктер макеті болса жақсы болар еді.

  10. Shahoni

    Өте қызықты сабақ үшін рахмет

  11. Мадина

    жоспар өте жақсы жоспарланған, сабақ мақсаттары керемет белгіленген

  12. Баян

    САБАҚ ЖОСПАРЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАҒА САЙ ҚҰРЫЛҒАН. САБАҚ МАҚСАТЫН АШАТЫН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҰТЫМДЫ ҚОЛДАНА БІЛГЕН.

  13. Ырысжан

    Бұл мақала өте жоғары деңгейде жазылған десемде болады. Мағынасын аша алған,өте түсінікті жазылған.Жаңартылған бағдарлама бойынша жазылған ?

  14. Гулбарам

    Көрнекіліктеріңіз көрінбейді,қандай тақырыпқа әңгіме құраттыңыз?

  15. Маруза

    Жоспарда қолданылған әдіс-тәсілдер, баланың сабаққа деген қызығушылығын арттырады

  16. Ботагөз

    абақ жоспары жаңа білім бағдарлама талаптарына сай жазылған. Балалардың сөздік қорын дамытуға арналған ойындар қосылған . Сабақ жоспары түсінікті әрі тиімді. РАХМЕТ!!!

  17. Майра

    Өте қызықты сабақ үшін рахмет

  18. Жалын

    Тамаша!М әрпінің қысқа мерзімді жоспары.Осындай қмжларыңыз көп болса ғой шіркін.Рахмет көп- көп.Еркетай сайтына алғысым шексіз

  19. Айжан

    Осы сабақта қолданылған көрнекіліктер қайдан қарауға болады?

  20. Гулайша

    Сабақ жақсы жоспарланған. Әріпті үйрету арқылы басқа да тың мәліметтер берілген. Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруда үлесі зор.

  21. Кулаш Ергазиева

    балаға жақсы ұғындырып түсіндіру үшін әр сабақтың тақырыбын отбасымен байланыстырп отқан жөн.

  22. Кулаш Ергазиева

    жалпы балаға жақсы ұғындырп түсіндіру үшін әр сабақтың тақырыбын отбасымен байланыстырп отқан жөн.

  23. Айсулу

    Осы тақырып арқылы тек М дыбысын түсіндіріп қана қоймай отбасы жайлы оның үлкен ұғымды білдіретінің түсіндіріп кетті!

  24. Айнур

    Қаншама көп қызықты, оқушыға ой салатын тапсырмалар тиімді құрастырылған. Жарайсыз!

  25. Гүлжайна

    Мағыналы құрастырылған сабақ жоспары, қызықты жаттығулары бар екен. М әрпі ұмытылмайтындай сабақ екені сөзсіз!

  26. Гаухар

    осы сабағыңыздың қорытындылау бөлімі өте ұнады. алатын жерлері бар екен. осы сайтқа өз сабақтарымды жариялағым келеді.

  27. Бакыткул

    Өте тамаша жазылған Ауқымды

  28. Бакыткул

    Өте жақсы жазылған

  29. Сауле

    Менің отбасым. М дыбысы мен әрпіне сабақ жоспары ауқымды жақсы жазылған.

  30. Айжамал

    отбасы тақырыбы ауқымды тақырып. материалдаға шаттық шеңбері, сергіту сәті барлығы жақсы жазылған. ойндар бойынша баланың қиялын дамытуға болады

  31. Aknur

    отбасы тақырыбы ауқымды тақырып. материалдаға шаттық шеңбері, сергіту сәті барлығы жақсы жазылған. ойндар бойынша баланың қиялын дамытуға болады

  32. Айгерим

    оку қызметі жанжақты жоспарланған екен.жарайсың

  33. Гүлжанат

    сабақ жаңа бағдарлама бойынша жоспарланған.Ойындар арқылы балалардың сөздік қоры дамиды.Оқушылардың қандай білім алып,көңіл-күйлерін бақылауға болады осы сабақ арқылы

  34. Асел

    Смайлктегі түсімбедім деген оқушыға қайтадан түсіндіресіз бе сол жері түсініксіздеу

  35. Балша

    Жоспар жаңартылған бағдарлама бойынша жасалған. Пайдаланған көрнекіліктерін көрсетіп тіркегенде керемет болар еді

  36. Нұрбану

    Көрнекіліктер торынды қолданылағн.Сауат ашу пәнінен балаларға тигізер әсер мол.Сабақ жақсы жоспарланған

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ