Шығармашылық есебі

Жамбыл орта жалпы білім беретін
мектеп-балабақшасының бастауыш
сынып мұғалімі Касимов Казбек
Рыскалиұлының әдістемелік тақырыбы
бойынша шығармашылық есебі

Бүгінгі күн мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көп нұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсіби шеберлікті талап етеді.

«Білім негізі – бастауышта» қағидасына сай шәкірттерді бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, тәжірибелік-сынақтық әрекеттерге дайын болуға дағдыландыру бағытында жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдана отырып, « Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу» әдістемелік тақырыбымен жұмыстанудамын. Осы тұрғыда өз педагогикалық шеберлігімді шыңдап, жетілдіру мақсатында 2010 ж. қаңтар айында
kkrБҚО педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының 12 жылдық бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған курсынан (сертификат №0133770) , 2012 ж. сәуір айында «Болашақ үшін оқыту» бағдарламасы бойынша курстан «ХХІ ғасырдың ақпараттық және білім беру технологияларына кіріспе» (2012 ж.сәуір куәлігі, Облыстық орта білім беру саласын ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығынан) 2009 ж. қарашада «ACTIVStudio 3,5 қолданбалы бағдарламалық жабдықталуын қолдау тренингтік курстарынан өттім.

Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.Осы орайда өз мектебімізден тыс аудандық, облыстық,республикалық түрлі семинар,кеңестерге қатысып, өз тәжірибеммен бөлісіп, кәсіби шыңдалу мақсатымен облыстық білім басқармасы тамыз маслихатында Онлайн режимінде « 12 жылдық мектеп мұғалімінің кәсіби тұлғасы» тақырыбында баяндама ,www.45minut.kz. сайтында «Жаңа білім-жаңа ғасыр» тақырыбында қашықтықтан өткен семинарға, мектепішілік семинарда «Интерактивті әдістің тиімділігі» тақырыбында баяндамалар оқылды.

Білім беру ісіндегі шығармашылық еңбегімнің нәтижесі мен тәжірибе алмасу мақсатында ғаламторда www.45minut.kz. сайтында «Ауа.Ауаның қасиеттері», «Ұ ұ дыбысы мен әріпі», «Абайлаңдар,балалар!», www.e-cabak.kz. сайтында «Жұрнақ пен жалғау», «Әкешім-бәйтерегім». «Қуант бізді, жаңа жыл!», www.bilim.idhost.kz сайтында «Дауыссыз дыбыстың түрлері»,www. ustaz.kz сайтында «5 санын қосу және азайту», «Біздің тегіміз-Түркі,дініміз –ислам» тақырыбында сабақтар,сыныптан тыс кештер таратылды.

Іс-тәжірибелерімді әріптестерімен бөлісу мақсатында, Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал« Тәрбие жұмысы»(мектепте және мектептен тыс мекемелерде) №5 2010 ж. 21-бетте «Қаратөбем – алтын бесігім» атты өнеге сағаты мақсаты оқушылардың туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру,өз елін,жерін қастерлей құрметтей білуге баулу;

Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «Мектеп директорларының орынбасары» №6 2010 ж. 18-бетте «Ынтымақтасу педегогикасын іске асыру» ата-аналармен өткізген тренинг мақсаты ата-анамен оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту, өткізген іс-шараларым баспасөз бетінде жарық көрді.
Аудандық ақпараттық саяси газет «Қаратөбе өңірі» №31 Жұма 3 тамыз 2012 ж.«Менің сынып жетекшім» атты оқушым Азаматов Қайсардың мақаласы жарияланды.Бұл мақала «45minut.kz» сайты оқушылар шығармашылығы бөліміне де шықты.
Аудандық ақпараттық саяси газет «Қаратөбе өңірі» №43 Жұма 26 қазан 2012 ж.«Туризм-достық мекені» тақырыбында өз қалам ұшымен жазған мақалам жарияланды.

Сонымен қатар тынымсыз еңбек пен шығармашылық ізденіс нәтижесінде түрлі байқауларға қатыстырған шәкірттерім Ақылбекова Айдана Манарбекқызы 26.04.2011 ж.Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Шөптікөл ОЖББМ базасында өткен “Intel — junijr” VIII аудандық бастауыш сынып оқушыларының интеллектуалдық олимпиадасына қатысып, ОРЫС ТІЛІ пәні бойынша І орынды иеленсе, Қазақбаева Айнара Қаршығақызы 2011-2012 ж.“Ақбота” интеллектуалдық марафонының ІІ орын, Ескайыров Самат Сапарғалиұлы ІІІ орын иегері атанды.2012-2013 ж.Ерболова Ақгүлім Ерболқызы ІІІ орынға ие болды.
«

Оқу мен тәрбие егіз» қағидасын ұстана отырып,тәрбие жұмыстары мысалы Президент күніне орай, президенттіміздің еңбегін бағалай білу, құрметтеуге үйрету мақсатында «Ел тұтқасы-Елбасы», ораза айт мерекесіне орай,имандылық тәрбиесіне бағышталған. «Біздің тегіміз-түркі, дініміз-ислам», тағы басқа тағылымы мен тәрбиелілігі мол тәрбие сағаттарын өткізіп отырамын.

Сыныптан тыс жұмыстар «Абайлаңдар,балалар!» жол ережелеріне байланысты , «Күз-береке,күз-мереке»,күз байлықтарын білу мақсатында, «Рақмет,әліппе», «Қош бол, бастауыш», «Сөз мерген» т.б жұмыстар жасалды.

Оқушының шығармашылық қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, оқулықтарда берілген тапсырмалардан басқа өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, эксперимент қою, мәтінмен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу, жекеден жалпыны шығару, жалпыны жекелей қолдану т.б. сияқты оқушыны іскерлікке, дербестікке баулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым-қатынасқа түсіретін, «жаңалық ашып», оның нәтижесінің «қызығына» бөлейтін әдіс-тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы оқушылардың білім, білік дағдыларының нәтижелі ететінін нақтылай түседі.

МАЗМҰНЫ

Аттестаттау парағы
Педагог туралы түйіндеме
Біліктілік санатын растауға немесе педагог қызмет өтініші
Жеке басты растайтын құжаттар көшірмесі
Білімі туралы құжат көшірмесі
Еңбек кітапшасының көшірмесі
Бұрын берілген біліктілік санаты туралы көшірмесі
Өтініш білдірген мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткен құжаттар
Қосымша пәндер бойынша курстан өткендігі туралы құжаттар

Мінездеме
Педагогтың әдістемелік тақырыбы бойынша шығармашылық есебі
Педагогтың тәжірибесі туралы материалдары
Республикалық деңгейдегі іс-тәжірибе
Ғаламторларға жарияланған материалдар
Республикалық,аудандық ғылыми-әдістемелік баспа
материалдары

Облыс,республика, аудандық деңгейдегі бұқаралық ақпарат
құралдар көшірмесі
Соңғы үш жылдық ашық сабақтар,сыныптан тыс шаралар туралы
мәліметтер
Республикалық,облыстық, аудандық,мектепішілік семинарларға
қатысқаны туралы
Оқушылардың оқу жетістіктері
Соңғы үш жылдық үлгерім көрсеткіштері
Педагог қызметкердің кәсіби құзіреттілігін тәуелсіз бағалау.
Ата-аналар
Оқушылар
Әріптестерге жүргізілген сауалнамалар нәтижелері

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
ErKeTai.KZ