Екіге бөлу кестесі

Математика 2 сынып
Тақырыбы: 2-ге бөлу кестесі
Мақсаты:
1)Білімділігі: Оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін пысықтап, 2-ге бөлу кестесін түсіндіру, теңдік құрып үйрету.
2)Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрістерін, жылдам есептеу, танымдық, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, білімдерін арттыру, шығармашылыққа баулу.
3) Тәрбиелігі: Оқушыларды ұйымшылдыққа, бір-бірін құрметтеуге, ұқыптылыққа, тазалыққа. білімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, қима қағаздар, шаблондар, дидактикалық үлестірмелі қағаздар.
Типі: жаңа сабақ
Түрі: аралас
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, топтық жұмыс, СТО стратегиялары, үлестірмелі дидактикалық. АКТ технологиясы.
Күтілетін болжам: Оқушылар 2-ге бөлу кестесінің шығу жолын түсініп, меңгереді. Өз беттерінше амалдары шығара алады.
Сабақ жоспары
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын сұрау
3.Өткен сабақты қорытындылау
4.Жаңа сабақ
5.Білімді бекіту
6.Сабақты қорыту
7.Үйге тапсырма
8.Бағалау

BBuzddddBB
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Психологиялық дайындық.
Математика керек әр күнге
Математика қажет өмірде
Математиканы оқимыз
Миымызға тоқимыз
-Барлығыңа бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін!
Абай атамыз айтқандай «Математика — ғылымдар патшасы», яғни математиканы білсек барлық ғылым-білімді де білуге болады.
Назарларын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру №5 268-бет тексеру №9 269-бет
1.№5
6 х2=12
8х2=16
36+48=82
462-150= 352
№9
340-х=525+30 у-213=798-244
340-х=555 у-213= 554
х= 555-340 у = 554+213
х= 215 у = 767
2.Өткен сабақты қорытындылау
1.2-нің көбейту кестесі және 2-ге көбейту кестесін пысықтап сұрап шығу
Көбейтудің компонентттерін ата
Бөлудің компоненттерін ата
Көбейту мен бөлу қандай амалдар?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тақырыбы мен мақсатын жариялау 2-ге бөлу кестесі.
Олай болса 2-ге бөлу кестесін құру үшін 2-ге көбейту кестесін пайдаланамыз.

4:2=2, себебі 2х2=4
6:2=3, себебі 3х2=6
8:2=4, себебі 4х2=8
10:2=5, себебі 5х2=10
12:2=6, себебі 6х2=12
14:2=7, себебі 7х2=14
16:2=8, себебі 8х2=16
18:2=9, себебі 9х2=18

Топқа бөлу
1-топ Көбейту 2-топ Бөлу
Топтарға сұрақ
-Қазір көктем мезгілі.Көктемгі гүлдерді атайықшы.
-Олай болса бүгінгі сабақта сол гүлдердің тапсырмасын орындаймыз.
Бәйшешек тапсырмасы
Дидактикалық үлестірме қағаздармен жұмыс

№2 Сұрақтың жауабын тауып, жаз: (үлестірмелі қағаздарға орындайды)

Жауқазын тапсырмасы Интерактивті тақтамен жұмыс
№3 Көбейтуге берілген теңдікті пайдаланып, бөлуге екі теңдік құр:
2х6 = 12 2 х 8 = 16 2 х 4 = 8
12:2= : = : =
12:6= : = : =
Бақ-бақ гүлі тапсырмасы Интерактивті тақтамен жұмыс
№4 Өрнектердің мәндерін салыстыр:
300-180*400-280 650-230*540-160
360+150*510-80 490+130*800-150
Көкнәр гүлі тапсырмасы
№5 Әр топ тапсырманы бірлесіп жасап, орындайды. Сұрақтарға жауапты шаблондарды формат қағазға орналастыру арқылы береді.
1)Асқар 6 көжекті 3 торға тең етіп орналастырды.Әрбір торға неше көжектен орналасты? Ш:6: 3=2
2)Атам 8 л балды екі литрлік банкаларға құйды.Неше банка бал болды?
Ш: 8:2=4
Сергіту сәті
— Балалар, бір сәт біз де гүл болып жайқалып тербелейікші.
Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Өсе берші нұрланып,
Өсе берші ырғалып
Сирень тапсырмасы Тақтаға бір қыз бір бала шығады. Бірін-бірі тексереді.

№6 Есепті шығар
Шарты:
Торт – 24 ж. Ш: 24+18+16=58
Тоқаш-18ж. ? ж Ж: 58 жұмыртқа болған
Қалды-16 ж

Шарты:
Бәліш-34
Тоқаш-18 ? сатылды Ш: 34+18+26=88
Бауырсақ-26 Ж: барлығы 88
№9 Ауызша шешу
1) Көк тік төртбұрыштың периметрі 16 см
2) Тік төртбұрыштың ұзындығы – 6см, ені-1 см
Нарцис гүлі логикалық тапсырмасы
№10 Ауызша орындалады.
Жауабы: Кем дегенде 4-еуін алу керек
Білімдерін бекіту
№11 Көктемгі гүлдер шоғы тапсырмасы
Оқушылар үлестірмелі қағаздарға орындайды
Жауаптарын өздері интерактивті тақтадан тексереді.
4:2 = 2 18:2 =9 12:2 = 6 14:2=7
16:2= 8 8:2 = 4 10:2 =5 6:2=3
Математикалық лездік сұрақтар (әр топқа 5 сұрақтан қойылады.)
Сабақты қорыту
2-ге бөлу кестесін пысықтау
Диаграммамен жұмыс
Венн диаграммасы

Көбейту Бөлу
Сандарды көбейтеді Сандарды бөледі
Көбейткіш Амалдар Бөлінгіш
Көбейткіш Бөлгіш
Көбейтіндінің мәні Бөліндінің мәні

Үйге тапсырма №7 №8 № 273-бет
Бағалау Топтық жұмысты бағалау. Жеке оқушыларға баға қою.

Пікірлер2
  1. Жумагул

    Бәрі күшті жасалған көрнекіліктер әдемі жасалған. Жұмыстарыңыз табысты болсын

  2. Жандабаева Несипкуль

    Керемет жасалған көрнекіліктер.Еңбектеріңіз жемісті болсын.Маған қатты ұнады.Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін.Дендеріңіз сау болсын?

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ