Әдептілік патшалығына саяхат

Әдептілік патшалығына саяхат.

Мақсаты:

а) Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, кішіпейілдікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, сыпайылыққа, өз халқының салт – дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. ә)Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділіігін арттыру. Әдісі: пікір алысу, ойын, жағдаяттарды шешу, көріністерді талқылау.

Техникалық құрал: интербелсенді тақта, ноутбук. Көрнекілігі: «Әдептілік патшалығы» презентациясы, «Әдептілік-әдемілік» газеті, шарлар, гүлдер, даналық сөздер. Даналық сөздер:

Аз жақсылық жасағанға да көп рахмет айту -парыз.

Ж.Баласағұн.

Адамға-адам, сөзге-сөз жарығын да, көлеңкесін де түсіріп тұрады.

Ғ.Мүсірепов, Әндер: «Бақытты балалық шақ», «Жақсы бала», «Жақсы көрем».

Пән аралық байланыс:Әдебиеттік оқу, дүниетану. — Бәріміз келген қонақтарымен сәлемдесіп алайық.

— Сәлеметсіздер ме? Хош келдіңіздер! — Әдептілік деген не? Әдепті бала болғыларың келе ме? — Әдептілік адам бойындағы ең асыл қасиет. Әдепті бала болғым келеді. — Әдепті бала таза, еңбекқор, адал, тілалғыш, ұқыпты болады. — Әдепсіздік дегенді қалай түсінесіңдер? — Әдепсіздік адам бойындағы ең жаман қасиет. — Әдепсіз бала қандай болады? — Әдепсіз бала лас, жалқау, өтірікші, айтқан тілді алмайды, ұқыпсыз болады. — Әдептілікті бізге кім үйретеді? — Әдептілікті бізге үлкендер үйретеді, ата – аналар, ұстаздар үйретеді.

— Дұрыс айтасыңдар, балалар. Әдепсіздік туралы білімдеріңді одан әрі толықтыру үшін, «Әдептілік патшалығына» саяхатқа барамыз. Ол үшін біз мына үстелдің үстіндегі сиқырлы сандықшаны ашуымыз керек.

— Ол үшін әдептілік туралы ән айтуымыз керек. Қандай ән айтамыз?

— «Мен әдепті баламын» әнін айту. — Керемет! Сиқырлы сандықшаның(ноутбуктың) қақпағы ашылды. — Сандықшаның ішінде не бар екен? — Балалар, сандықшаның ішінде «Әдептілік патшалығына» саяхаттың көріністері жатыр екен. Ендеше патшалыққа хош келдіңіздер!(Слайд көрсетіледі). Слайд тапсырмалары бойынша әңгіме жүргізіледі, сұрақтарға жауап беріледі, өлеңдер оқылады, жағдаяттар шешіледі. — Сонымен біз «Әдептілік патшалығына» саяхаттап келдік.

-Ол жақтан не үйрендіңдер?

— Біз мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілділік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, ұқыптылық туралы білдік.

— Ендеше, ұқыптылық туралы өз ойларыңды ортаға салыңдаршы:

2novemuzddddkbdҚарсы ал ерте күн көзін, Төсегіңді жина өзің. Асықпай іш тамақты, Жалама аяқ — табақты.

Пышақты ұста оң қолмен, Шанышқыны ұста сол қолмен. Нанды үгітпе, қадірле, Қабығымен бәрін же.

Саусағыңды сормағын, Салдыр — салақ болмағын. Салма ауызға инені, Үзбе жұлып түймені,

Ашуланбай, долданып, Жауап бергін, ойланып. Құр бекерге қылқима, Болмашыға бұртима.

Іштарлыққа жол берме, Бақталастық білдірме.

Мақсат қоймай алдыңа, Қыдырып құр қаңғыма.

Сыйла үлкен кісіні, Қамқорлыққа ал кішіні. Сақта көше тәртібін, Бағдаршамның ал тілін. Әдет қыл бұл ісіңді, Тазалап жүр тісіңді.(Е. Өтетілеуов)

* Сонымен жақсы бала қандай болады екен?

Хормен «Жақсы бала» әнін айту.

* Ал енді «Әдептілік патшалығының» суреттер еліне келдік. (Тақтадағы суреттер бойынша әңгімелесу).

* Ой, балалар, бізге «Әдептілік патшалығынан» қонақтар да келіпті, Олар бізге не айтады екен?

Көрініс «Автобустағы оқиға»

* Балалар, бұл көріністен қандай ой түйеміз?

* Үлкендерді құрметтеп, көлікте орын беру керек.

* Ал енді әдептілік туралы өздерің не айтар едіңдер?

Құс ұясын бұзбаймын,

Бүлдірмеймін жейдемді.

Қабырғаны сызбаймын,

Жинап қоям бөлмемді,

Бос шимайлап, шатпақтап,

Дәптерді де жыртпаймын.

Бір күн болмай сатпақтап,

Киімімді де құртпаймын.

Апамызды сыйлайық,

Үйдің ішін жинайық.

Бұрынғыдай егесіп,

Ерегісіп тұрмайық.

Қалмау үшін керісіп,

Кел алайық келісіп,

Атқарайық үйдегі,

Жұмысты тең бөлісіп.

* Өте жақсы , балалар.

* Ал, енді тағы бір көрініске назар аударайық, бұл оқиға бізге қандай ой салар екен?

Көрініс «Күлмеңіздер кәріге»

* Сонымен балалар, осындай оқиға өмірде кездесті ме? Балалардың қылығына не айтар едіңдер?

* Балалар дұрыс істемеді, үлкендерді сыйлау керек.

* Дұрыс айтасыңдар.

* Әдептілік туралы тағы қандай ойларың бар?

* Ата-аналарыңа, көршілеріңе қандай сый –құрмет көрсетесіңдер?

Кел, самаурын қайнатып,

Дастарханды жайнатып.

Отырайық бөлмеде,

Бөпемізді ойнатып.

Гүлдерді де суарып,

Еденді де жуайық.

Келген кезде жұмыстан,

Қалсын апам қуанып.

Сыйлап сәлем беремін,

Көршілерді көргенде.

Ізетті де білемін,

Үйге қонақ келгенде.

Әдепсіз деп сөкпесін,

Анама айтып өкпесін.

-Ата әжелеріңді жақсы көресіңдер ме?

— Ендеше солар сияқты барлық үлкен адамдарды сыйлап, құрметтеу керек. Ата-әжелерімізге арнап «Жақсы көрем» әнін айтып берейік.

* Өте жақсы балалар!

* Ал енді, ойын ойнап сергіп алайық.

Ойынның аты «Мен бастаймын, сен аяқта» деп аталады.

* Мен әдептілік туралы мақалдың басын айтамын, сенде жалғасын тауып айтасыңдар.

* Әдепті бала арлы бала…(Әдепсіз бала сорлы бала.)

* Әдептілік белгісі…(Иіліп сәлем бергені.)

* Әдепті елдің баласы…( Алыстан сәлем береді.)

* Ұлық болсаң..,(Кішік бол.)

* Жақсыдан үйрен… (Жаманнан жирен.)

* Атаңның баласы болма… (Адамның баласы бол).

* Жақсы балалар, мақалдарды жақсы біледі екенсіңдер. Мақалды тек жаттап қана қоймай, өмірде орнымен қолданып, ойға түйіп жүрейік. Сонда біздің өміріміз мәнді, тұрмысымыз сәнді болады. Отбасымызда, айналамызда береке, бірлік, татулық пен ынтымақ болады. Бір сөзбен айтқанда бақытты өмір сүреміз.

* Ендеше, бүгінгі саяхатымызды «Бақытты балалық шақ» әнімен аяқтайық.

* Қонақтарымызбен қоштасайық.

* Келгендеріңізге көп-көп рахмет! Сау болыңыздар!

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер5
  1. Мадина

    Керекті материал екен

  2. Мадина

    Барлығы жақсы

  3. Гулнара

    Сабақ жақсы құралған оқушылардың бойына түрлі қасиеттерді дамытады

  4. Жанна

    Жас мамандарға керек материалдар…. Бастауыш сынып мұғалімі жан-жақты….

  5. Құсайынова Жұлдыз Жетпісбайқызы

    Оқушыларды әдептілікке тәрбиелеуге арналған өте мазмұнды тәрбие сағаты. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік,үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу сияқты асыл қасиеттерді сіңіруге зор үлес қосады деп ойлаймын. Мақала авторына шығармашылық табыс тілеймін!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ