Бал балалық, балдырған шақ,…

Көрініс.

Қатысушылар: Ай-Ару, Жезтырнақ, Аю, Қоян, Жолбарыс, Тышқан, көңілді балалар.

Декорация: Сиқырлы орман, көңілді, көңілсіз смайликтер, сиқырлы қорап, сиқырлы таяқша,

шарлар.

Музыкалық көркемдеу: «Ертегілер», «Бақытты балалық шақ» әндері

(Сахнада көңілді смайлик таққан бабалар «Ертегілер» әнінің әуенімен шарлармен ойнап, билеп жүреді. Орман арасынан ұрлана басып Жезтырнақ шығады).

Жезтырнақ: (Көрермендерге қарап) Мына балалар неткен көңілді. Маған олардың бақытты

балалық шағы ұнамайды. Қазір мен олардың күлкісін алдап алып қоямын. Сонда олар

мен сияқты жауыз болады.

2novemuzddddkbd(Өтірік күліп балалардың жанына жақындайды) Балалар қандай көңілдісіңдер. Сендер бүгінгі мерекеге керемет сыйлық алғыларың келе ме?

Балалар:-Ия, әрине. Ол қандай сыйлық?

Жезтырнақ: Ой, ол керемет сыйлықтар. Қазір көресіңдер, бірақ сыйлықты алу үшін сендер маған

күлкілеріңді бере тұрасыңдар. Мен оны әдемі ойыншықтарға айырбастаймын(Көңілді

смайликтерді жинап алады). Ал, мен кеттім, мені осы жерде күтіңдер. Қазір келемін.

(Көңілсіз музыка ойнайды. Балалар көңілсіз күйге түсіп, ойнамай отырып қалады. Осы кезде айдай сұлу Ай-Ару шыады)

Ай-Ару: -Мына балаларға не болған? Мені «Балаларды қорғау күні» мерекесіне шақырып еді.

Өздері көңілсіз болып, мұңайып отыр.Балалар неге көңілсізсіңдер?

Балалар: -Біздің күлкімізді сыйлық әкеліп беремін –деп, Жезтырнақ ұрлап кетті.

Ай-Ару: — Ол мұнда қайдан жүр?

Балалар:-Орманнан келді.

Ай-Ару:- Мұңаймаңдар, балалар. Мен сендердің бақытты шақтарыңды

қайтаруға көмектесемін. Бірақ маған көмекшілер керек. Сендер әлі кішкентайсыңдар.

Кімнен көмек сұрасам екен?

Балалар:-Орманда біздің достарымыз бар. Соларды шақырайық(Бәрі қосылып шақырады).

Достар, қайдасыңдар?

(Сахнаға Аю, Қоян, Тышқан, Жолбарыс шығады).

Аю:-Сәлем, кішкентай достар!

Жолбарыс:-Бізден қандай көмек керек?

Ай-Ару:-Жезтырнақ бабалардың күлкісін ұрлап кетіпті. Маған соны қайтаруға көмектесе

аласыңдар ма?

Қоян:-Әрине көмектесеміз.

Тышқан:-Зұлымдыққа жол бермейміз.

Ай-Ару:-Онда жүріңдер, іске кірісейік. Алдымен жоспар құрып алайық. Аю мен Жолбарыс

Жезтырнақты үйінен алдап алып шығып, алдандырып ұстай тұрсын. Ал Қоян мен Тышқан

балаларды күлкісін алып шығуға көмектессін. Келістік пе?

Аңдар: -Әрине, келістік.

(Музыка әуенімен Жезтырнақтың үйіне келеді. Ай-Ару, Тышқан, Қоян ағаштардың тасасына тығылып тұрады)

Аю:-Жезтырнақ, халің қалай? Біз саған керемет тосынсый әкелдік.

Жезтырнақ:-Тосын сый, ол қайда?

Жолбарыс: Оны біз далада жасырып қойдық. Әйтпесе, ол тосын сый болмай қалады ғой. Жүр

көресің бе?

(Жезтырнақты алдап алып шығып, екі қолынан ұстап тұрады. Ай-Ару мен аңдар Жезтырнақтың үйіне кіріп, балалардың күлкісі салынған себетті алып шығады. Жезтырнақ жылап жібереді).

Ай-Ару: -Жезтырнақ, сен де жылай алады екенсің ғой. Не болды, жаман қылығыңа ұялып тұрсың

ба?

Жезтырнақ:-Ия, ұялып тұрмын. Бірақ мен мұны жамандықпен жасаған жоқпын. Мен де балалар

сияқты көңілді, бақытты болғым келеді.

Қоян:- Онда неге зұлымдық жасайсың? Жақсы болуға тырыспайсың ба?

Жезтырнақ: -Тырысамын, бірақ ол менің қолымнан келмейді?

Тышқан:- Неге қолыңнан келмейді?

Жезтырнақ: -Мен де бір кезде бақытты, көңілді болғанмын. Менің көңілді күлкімді Мыстан кемпір

ұрлап кетіп, Жезтырнаққа айналдырып жіберді. Маған көмектесіңдерші.

Ай-Ару: — Ол сиқырды мен қайтара аламын.Қане, мына сыйқырлы қораптың ішіне кір.

Енді маған көрермендердің көмегі керек. Жақсылық, мейірімділік туралы 5 мақал-мәтел

тауып айтсаңыздар, Жезтырнақ көңілді балаға айналады.

(Көрермендер мақал-мәтер айтқанша, Жезтырнақ киімін ауыстырып, көңілді балаға айналады).

Ай-Ару: — Енді, бәріміз бірге, Көңілді бала күтеміз,біз сенімен біргеміз-деп айтамыз. (Қораптың

Ішінен көңілді балақан шығады. Бәрі бірге балаларға келеді, күлкілерін қайтарады.

Сахнаға мерекеге қатысушы балалар шығып «Бал балалық» әнін орындайды. Мереке көңілді

концерттік бағдарламамен жалғасады).

Пікірлер3
  1. Гулнара

    Сабақ құрылуы мақсаты қолдануға тиімді

  2. Арай

    балабақша және 1 сынып оқушыларымен өткізуге болады. Жеңіл әрі қызықты.

  3. Ботагөз

    Сценарий тамаша құрастырылған. Түсінікті. Тиімді падалана аламыз. Көріністері де бар сөздері қиын емес. көп рахмет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ