Бастауыш сыныптарда жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану

Шеберлік сыныбының тақырыбы: Бастауыш сыныптарда жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану
Жалпы мақсаты: Бастауыш сыныпта білім беру мазмұнын жаңарту тәсілдерінің қолдану тәжірибесімен бөлісу, ой қорыту.

Күтілетін нәтижелері: Оқушылардың жетістікке жетуі үшін жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттілігін түсінеді және жаңа әдіс –тәсілдерді қолдану барысымен танысады.

Қосымша материалдар Презентация, маркер, стикер, түрлі-түсті парақтар, постер
Коучинг барысы
Іс-шаралар Коучтың және коучингкке қатысушының іс-әрекеттері

Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу 3 мин Жүрекшени алып «Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз … қайырымды адамсыз». Әр қатысушы жүректі алып, жалғастырады. Сөйтіп барлық қатысушы өз ойын айтып шығуы керек.

Бастауыш сыныптарда жаңа әдіс-тәсілдерТопқа бөлу 3 мин Өлең арқылы топқа бөлу

1 топ Қызыл өрік
2 топ Армандастар
3 топ Анашым
4 топ Ана туралы жыр
5 топ Атамекен
Қызығушылығын ояту кезеңі

10 мин 7-модуль
1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3.Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4.Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
7.Білім берудегі басқару және көшбасшылық

1. Ассоциациялық карта құру
« Модуль идеялары»
2. Топтық жұмыс. Әр топ 1 модулден таңдап, кластер құрастырады
Мағынаны тану кезеңі 10 мин Әр топқа тапсырма таратып, топта акылдасып постер арқылы корсетеді және бір сабақтағы қолдануды жоспарлайды (сабақтың үзіндісі)

1 топқа Дарынды және талантты балаларды калай анықтауға болады.
2 топқа Оқушылардың оқу белсенділіктерінін арттыру үшін қандай бағалау түрлерін қолдануға болады?
3 топқа Оқытудың сапасын арттыруда диалогтік оқытуды пайдалану
4 топқа Топтық жұмысты сабақта қолданудың тиімділігі неде?
5 топқа Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ой толғаныс кезені
7мин 1.Видео презентация «Жаңа әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдану»

2. Видео «Бәрі өз қолыңда»
Видео ролик көрсету. Топ мүшелері бейне таспаны көру арқылы ой бөліседі
Кері байланыс 5 мин Екі жұлдыз, бір тілек арқылы стикерге ойларыңызды жеткізіңіздер.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер32
  1. Сраждинова Мухадас

    өте жақсы,келешекте сабақта пайдалануға болады.

  2. Бибинур

    Сабақтың құрылыма тамаша екен мақсаты мен тапсырмалары нақты әрі өте тиянақты

  3. НАФИСА

    Бастауыш сынып оқушыларына көптеген әдіс- тәсілдермен сабақты одан әрі нығайтып өтуге мүмкіншіліктер жетерлі екен

  4. Шолпан

    Осы әдіс тәсілдерді пайдалану арқылы балалардың зейіні ашылады және сабаққа деген қызығушылығы оянады ? Сіздерге көп рахмет

  5. Гулнара

    Бастауыш сыныпқа қолдануға жақсы әдіс тәсілдер

  6. Тамара

    Қазіргі кезде балалар естігеніне емес көзбен көріп,ұстағанға сенетін болды.Сабақты да әр түрлі тәсілдермен қызықты етіп өткізбесек баланың қызығушылығы төмендейді.

  7. Дина

    Жариялап отырған ақпараттарыңыз тиімді тәсіл-ақ…. Ия оқушыларды деңгейлеріне байланысты тапсырма беру керек деп есептеймін және қызығушылықтарын ояту үшін Мұғалім күнделікті ізденісте болу керек. Тиімді Әдіс тәсілдерді пайдалана алса сабақ екі жаққа да ұтымды болмақ…

  8. Арай

    қазіргі таңда жаңа әдіс тәсілдерді қолданбасаң қазіргі оқушыларға сабақ қызық емес. Сондықтан үнемі ізденіп күнде бір ойын немесе қосымша тапсырмалар дайындап апарамын. Сабақта топтық жұмысты пайдалану оқушыларды ұйымшылдық,достыққа үйретеді

  9. Гүлнұр

    Өте ауқымды тақырып. Алла разы болсын сіздерге. Шын жақсы действительно керек нәрселер

  10. Бактыгуль

    Сабақтың тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер құнды

  11. Сезім

    Өте керемет құнды дүниелер!!!

  12. Жансая

    Күшті жазылған екен прям унайды дами беріңіздер

  13. Мақташ

    Жас ұстаздарға жақсы көмек деп ойлаймын. әрбір модульды ашып өтсе жөн болар ма еді.

  14. Құралай

    Коучинг жақсы ұйымдастырылған екен. жас мамандарға тапсырмас дүние

  15. Айгерім

    Өте ауқымды тақырып. Алла разы болсын сіздерге. Шын жақсы действительно керек нәрселер

  16. Айнур

    Сабақтарға қажетті қазіргі қолданысқа ие әдіс тәсілдер кеңінен берілген, рахмет

  17. Аяш

    Бастауыш сынып мұғалімі сабақты әрі қызықты, әрі шеберлікпен өткізуі керек. Жаңа әдіс-тәсілдерді үнемі қолданып, ізденіс үстінде болғаны дұрыс. Сол үшін әрқашан мұғалімдер бір-бірімен тәжірибе алмасып отыруы керек деп ойлаймын. Білім негізі — бастауышта болғандықтан әрбір жай сабақ ашық сабақ сияқты өтілуі керек деп ойлаймын.

  18. Мадина

    өте жақсы жазылған, мұғалімдер осы жоспардан өзіне керекті мағлұматтарды таба алады екен

  19. Баян

    Жас ұстаздарға жақсы әдімтемелік көмек болады. Жаңа әдіс-тәсілдерді өз сабақтарын жоспарлауға таптырмас көмек.

  20. Шеберлік сыныбы: Бастауыш сынып

    Осындай жақсы заттарға қолым жете алмай жүр

  21. Аружан

    Кушти

  22. Маржан

    Өте керемет дүние екен. Рахмет

  23. Маруза

    Оқытуда 7 модульды қолдану өте тиімді. Олар бір-бірімен байланысты. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлана білсе , дарынды оқушы анықталады. Бағалай да алады….

  24. Айнур

    Сабақты өтудегі жаңа әдіс тәсілдер нақты әрі түсінікті жазылыпты

  25. Чеганова Мөлдір

    Өте жақсы жазылған, пайдалы аппараттар көп екен?

  26. Айжан

    Жас мамандар үшін таптырмас мәлімет. Сіздерге көп рахмет. Осының барлығын қазір сатып алып жатыр. Мүмкіндіктер үшін рахмет

  27. Кулаш Ергазиева

    осылай тағы да ақпартаттармен бөлісіп отырасыздарма бұл ұстаздар үшін өте пайдалы

  28. Айтжанова Махаббат Дауреновна

    Коучинг сабақ өте тиімді жасалған. Әр түрлі әдіс-тәсілер қолданылған бұл қазірігі жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша да тиімді. Оқушыларға тек ған дәстүрлі сабақ түрінде өткізу бұл дұрыс емес. АКТ қолданылған. Өте жақсы жұмыс.

  29. Асел

    жақсы түсінікті жазылған шәкірттерініз биіктен көрінсін

  30. Жакиянова Назым Сагдоллаевна

    Әр ұстаз оқу үрдісінде осындай әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдана білсе жан-жақты дамыған, білімді, көшбасшы шәкірттерді дайындайтынына кәміл сенемін.

  31. Изетова Арай Мұратқызы

    Коучинг өте ауқымды әрі мағыналы , оқушыларға осындай коучинг сабактар жүргізіліп тұрғаны дұрыс.

  32. Рахмеджанова Гулназа

    Коучингде мақсат дұрыс таңдалған.Қазіргі заманда адамдарға жүрек жылулығы туралы өз қасиеттерін осындай коучинг сабақтар арқылы көрсетіп,оқушыларғада үйрете алады деп ойлаймын.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ