Сюжетті рольді ойын «Аурухана»

Мақсаты: Ақ халатты абзал жандардың қамқорлығын, мейірімділігін, кішіпейілдігін таныстыру. Балаларды мәнерлеп, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Ұжымдық ойнауға тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Бізге көп қонақтар келген екен амандасайық.

Балалар: Саламатсызба
Тәрбиеші: Балалар біздер күннің 2 жартысында сюжетті рольді ойын ойнаймыз. Қандай сюжетті рольды ойын білесіңдер?
Балалар: Дәріхана, Кітапхана, Шаштараз, Дүкенші, Пошташы, Жол ережесі.
Тәрбиеші: Ендеше бугін қандай ойын ойнаймыз.

Сюжетті рольді ойын, балабақшадаБалалар: Аурухана.
Тәрбиеші: Олай болса ойынды ойнамас бұрын рольді бөліп алайық. Кім дәрігер болғысы келеді, кім медбике, кім ана, бола болғысы келеді? Кім дәріханашы болғысы келеді. Жарайды ендеше әркім өз орнына барсын.
Ана (Саяжан): Саламатсызба дәрігер
Дәрігер: Саламатсызба
Ана (Саяжан): Менің балам түнімен ауырып шықты, қарап жіберіңізші.
Дәрігер: Қашаннан бері ауырды?
Ана (Саяжан): Кешеден бері

Дәрігер: Ендеше қызуын өлшейін. Қызуы жоқ, енді аузынды аша ғой тамағынды қарап жібірейін. Тамағы қызармаған, жақсы. Енді өкпесін тыңдайын. Балаңызға салқын тиген, өкпесінде сырыл бар, емдеу керек. Мына дәріні дәріханадан алып, балаңызға ішкізіңіз.
Ана (Саяжан): Рахмет дәрігер, сау болыңы
Ана (Саяжан): Саламатсызба
Дәріханашы (Анель): Саламатсызба
Ана (Саяжан): Маған мына дәріні беріңізші
Дәріханашы (Анель): Қағазыңыз бар ма? Мына дәріні 2 мезгіл беріңіз.
Ана (Саяжан): Рахмет. Сау болыңыз.
Дәріханашы (Анель): Сау болыңыз
Ана (Даяна): Саламатсызба дәрігер
Дәрігер (Жансерік): Саламатсызба
Ана (Даяна): Менің баламның көзі ауырып жүр, қарап беріңізші.
Дәрігер (Жансерік): Қане отыр. Көзіңді шаң тозаңнан қорғау керек, теледидарды көп қарауға болмайды, компьютер көп ойнауға болмайды. Көзіңді күту керек. Мына дәріні көзіңе 2 мезгіл тамыз.

Сюжетті рольді ойын «Аурухана»Ана (Даяна): Рахмет, сау болыңыз
Дәрігер (Жансерік): Сау болыңыз
Ана (Гүлсезім): Саламатсызба
Дәрігер: Саламатсызба
Ана (Гүлсезім): Менің баламның тісі ауырып шықты, қарап жіберіңізші.
Дәрігер: Қане, аузыңды аш. Тісіңді құрт жепті, жұлу керек. Тіс ауырмау үшін 2 мезгіл тазалау керек, тәттіні көп жеуге болмайды. Қазір укол беріп, жұлам. Енді 2 сағат тамақ жеме.
Ана (Гүлсезім): Рахмет, сау болыңыз.
Тәрбиеші: Балалар бүгін ойынды жақсы ойнадыңдар, рахмет. Олай болса кім дәрігерлер туралы тақпақ біледі.

Сюжетті рольді ойын «Аурухана»1. Алина: Ақ халатты киетін
Аппақ болып жүретін
Аппақ болып жүргенді
Өзім қатты сүйемін
2. Адиет: Іш ауырса, тіс ауырса
Маман дәрі береді
Барлық бала, барлық ана
Оны жақсы көреді
Тәрбиеші: Енді өзімізді қонақтарға таныстырып өтейік.
Бала дәрігері: Нұрсауле. Көз дәрігері: Жансерік. Тіс дәрігері: Арсен.
Медбике: Ақбота, Зарина, Алина
Дәріханашы: Анель
Ана: Саяжан, Даяна, Гүлсезім
Бала: Адиет, Нұртас
Тәрбиеші: Қонақтарға сау болыңыз дейміз
Тісіңді үнемі тазалап жүруге дағдылан
Маржандай тіс адам көркі

Пікірлер42
  1. Зине

    Дидактикалық материалдарға бай керемет дүние екен.

  2. Алмагүл

    Тамаша, Маған өте қатты ұнады, еңбектеріңіз жана берсін

  3. Алина

    Сюжеттік рөлді ойындар өте жақсы ұйымдастырылған. Керемет!

  4. Эльвира

    Балабақшадағы баланың ең басты құралы ойын екенін білеміз.Соның ішінде сюжетті ойынның рөлі бөлек.Ойын барысында әр мамандықтың қыр сырын,меңгеріп,жауапкершілікті сезінетін болады.Үлкенге деген құрметті,мамандыққа деген жауапкершілікті үйренетін болады.

  5. Құралай

    Сабақ өте жақсы ұйымдастырылғаню Сайтқа тіркелсек керекті материалдарымызды тегін ала аламыз ба?

  6. Рсалды

    Ойын ойды, бойды, сананы қалыптастырады.қызықты ойындар үшін рахмет

  7. Бота

    Жас мамандарга жол сілтеп отыратын осындай сайттар көп болсын

  8. Мақпал

    Баллалардың мамандық таңдауда өте жақсы ойын екен

  9. Арай

    Бұл ойын керемет ұйымдастырылған екен .Балаларды дәрігер , медбике дәріханашы мамандықардың тіршілігімен таныстырды .

  10. Молдір

    Сюжетті рольді сабақтарыңыз керемет ұйымдастырылған екен.

  11. Ризагүл

    Сюжетті рольді ойын Аурухана, дукен, сиякты ойындар балалардың мамандықтарды жаксы біліп меңгеруге пайдасы зор. Осындай ойындар аркылы мектепке дей інгі балаларды тәрбиелеудің мәні зор.

  12. Ризагүл

    Сюжетті рольді ойын Аурухана, дукен, сиякты ойындар балалардың мамандықтарды жаксы біліп меңгеруге пайдасы зор.

  13. Рабигуль

    Сюжетті рөлдік ойындар маған ұнайды ,біз балабақшада қолданамыз.Керемет

  14. Арайлым

    Жақсы ойын екен пайдасы бар

  15. Меруерт

    Ойындарыңыз өте қызықте екен!!!

  16. Алия

    Маган унады. Осындай дидактикалык ойын бираздан бери издеп жур едим. Тапканым ушин Сиздерге Рахмет!

  17. Женис

    Бала көру арқылы жаттайды дұрыс ойластырылып жасалған ойын екен

  18. Назым

    Маған да ұнады Қалпағын тауып кигіз дидактикалық ойыны керек болып тұр маған жібересіздерме рахмет сіздерге

  19. жан

    keremet

  20. Bauka

    сайтка калай тіркелсе болады

  21. Мадина

    Маған материал өте ұнайды. Қазақша материал табу қиын. Сайт құрған адамдарға және мақала жазатындарға рахмет!!! Бірақ материал жүкте алмаймын. Тағыда қазақ ертегілеріне мюзикл болса алғысым көп болар еді. Осы материал өте қажет болып тұр

    1. Erketai (автор)

      Сайтқа тіркелсеңіз қалаған матералдарды көшіресіз.

  22. Гульнара

    а почему нельзя копировать????? для чего тогда этот сайт???????все должно быть в помощь!! казахам всю жизнь все жалко!!!

    1. Erketai (автор)

      Біріншіден бұл қазақ тіліндегі сайт сондықтан пікіріңіді қазақша жазсаңыз. Екіншіден қалай көшіруге болмайды? Егер қазақша түсінсеңіз анық жазылып тұр «Сайтқа тіркеліңіз» деп содан соң қалаған мақаланы көшіре аласыз.Сондықтанда бірден ойыңызға келген сөздерді жаза салмай пікір жазарда анықтап біліп барып жазыңыз.

  23. өте ұнады рахмет

  24. Карагоз

    маған өте қатты ұнады

  25. гулфариза

    маған ұнады

  26. маха

    tematika

  27. Сайт маган қатты ұнады, рахмет сиздерге! «аяулы анам!» шыгарма байқауына неше жас аралығында қатыса алады?

    1. Erketai (автор)

      Салем! Кез-келген жастағы адамдар қатыса алады.

  28. Сайт маган қатты ұнады, рахмет сиздерге!

  29. Қарлығаш

    сізге өтініш маған өте қажет болып тұр»Аурухана»сюжеттік рөлдік ойын

  30. асима

    қажетті мәліметтер таптық бала бақшадағы тәрбиешілерге керек мәлімет тек көшіріп алу киындау екен…… рахмет!!!!!

  31. Жұлдыз

    Сабағыңыз өте жақсы екен. Сізге көптеген жетістіктер тілеймін.

  32. Маржан

    Жаңа жыл

    Келді тағы жаңа жыл
    Қуантумен біздерді
    Құтты болсын жаңа жыл,
    Құттықтаймыз сіздерді!

  33. айжан

    сабақ жібере алмай отырмын қалай жіберуге болады?

  34. Жанагул

    Жауабыңызға рахмет көп көп сіздердің сайттарыңыздан сабақты қалай алуға болады

    1. Erketai (автор)

      Сайттың тақырыбына сай интернетте жарияланбаған бір мақала жіберсеңіз сізге сіз қалаған бір мақаланы жібереміз.

  35. Жанагул

    өте жаксы тақырыптарды кездестірдік.Сиздерге сабақтар жиберсек сертификат алуға немесе сабақтың баспаға жарияланатындығын білуге болама

    1. Erketai (автор)

      Салем! Сізге сайтымыз ұнағанына қуаныштымыз. Қазіргі таңда сертификат беріліп жатқан жоқ. Болашақта ол жағын көреміз. Біздің ешқандай баспаға қатысымыз жоқ.

  36. Ботагоз

    ;жақсы бірақ алынбайтыны жаман екен…

    1. Erketai (автор)

      Неге алынбайды сізде осы сайттың тақырыбына сай мақала жіберіңіз сізге қалаған бір мақалаңыз жіберіледі.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ