Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Балалар ойындары

 

Балаларға арналған ұлттық ойындардың маңызы


Балаларға рухани-адамгершілік тәрбие берудегі ұлттық ойындардың маңызы

Дана халқымыз, данышпан халқымыз бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Елдің, халықтың болашағы бала тәрбиесін өте маңызды екенін түсіне отыра, балаға жан-жақты рухани жан-дүниесі таза болсын деп адамдыққа үйреткен. Жас бала жас шыбық секілді, қалай исең солай майысады, қалай айтсаң солай көнеді.

Жаңадан нәрестелі болған екі жас қарияның алдына келіп: – Баламызға тәрбие берсеңіз деп едік, – дейді. Сонда кемеңгер: – Сәбилеріңнің туғанына қанша болды?» – деп сұрайды.
kazoyin

 

– Үш ай.

– Ей, құлындарым, балаға тәрбие беруден үш ай кешігіп қалыпсыңдар, – депті. Шынымен де, бала тәрбиесі бір сәтті де қалт жіберуге болмайтын ұлы да игі іс. Ал сол тәрбие беруде баланың көңіліне, ішкі жан-дүниесіне қатты тимейтіндей етіп берудің өзінде үлкен мән-мағына жатыр. Себебі, жас бала жаратылысынан ата-анасының қамқорында болып, өмірдің барлық келбетін ойын арқылы қабылдайды. Баланың негізгі іс-әрекетінің өзі – ойын. Халқымыздың баланы «ойын баласы» деп те атауы бекерден бекер болмас.

Балаға дүниенің қызығы сол – ойын, барлығын ойынға айналдыру. Сондықтан балаға тәрбие бергенде ойын мен тәрбиені ұштастырып, баланы ойната тұра, оның бойына рухани, адами құндылықтарды сіңіру ата-ананың да, ұстаздардың да, бір сөзбен айтқанда жөн сілтеушілердің міндеті. Халық даналығы да соны меңзейді.

Бала мен жеткіншекті ойнатып қана қоймай, бойына ұқыптылық, адамгершілік, татулық, намысшылдық, ептілік, шапшаңдық және т.б. секілді адами қасиеттерді сіңіретін негізгі құрал – ұлттық ойындар. Сонау ерте замандардан бері талай батырларымыз, ақын-жырауларымыз, бозбала-бойжеткендеріміз сол ойындарымызды ойнап, халық даналығынан сусындап келді емес пе?!

Педагог ретінде қысқа мерзімді даярлық топтары балаларына тәрбие мен білім беруде, құндылықтарды үйретуде халық ойындарының маңызы өте зор екендігіне көзім жетіп отыр. Себебі, бұл балалар – үйде болған, балабақшаға бармаған, мектепалды даярлықтан өтпеген биязы балалар. Ата-анасының етегінен асып көрмеген олар балабақшаға келгенде бөтен ортаға, бөтен адамдар арасына түседі. Отбасы, ошақ қасынан басқа да дүние бар екенін, балаға басқа өмірге аяқ аттап келе жатқанын аса бір педагогикалық шеберлікпен, шынайылықпен жеткізген жөн. Ойнай отыра тәрбиелеу, білім беру.

Ахмет Жүнісовтың айтуынша (Фәниден бақиға дейін, Алматы, «Қайнар», 1994), «Өзге халықтар сияқты қазақтың ертеден қалыптасқан, атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке, т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен». Ал «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық ойындары туралы былай деп жазылған: «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған», – дейді. Бұл сөздер алынып отырған әдісіме, айтылған сөзіме жан бітіріп отырғандай.

Ұлттық ойындар: айгөлек, ақсерек-көксерек, ақсүйек, алакүшік алтыбақан, ақшамшық, арқан аттау, арқан тартпақ, асық, аттамақ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, епті жігіт, дауыстап атыңды айтам, қыз қуу, күміс ілу, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, шалма, соқыр теке, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, түйілген орамал, бес асық, сұрақ-жауап, жасырынбақ, орын тап, тақия тастау, ұшты-ұшты, т.б. түрлері өте көп. Соңғы кезде қалыптасқан ойындар: әріп таңдау, нөмір, пароль, пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу. Сондай-ақ қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «қуырмаш» тәрізді жас сәбилерге арналған да ойындар бар.

Осы ойындардың ішінен сабаққа, іс-әрекетке, жағдайға, баланың жас ерекшелігіне байланысты таңдап, керектісін қолданамын. Кейде сабақтың талабына сай ойындар толық емес, элементтері пайдаланылады.

1. «Ақсерек-көксерек» ойыны. Ептілікті қажет ететін қызықты ойындардың бірі. Ойынның шарты бойынша балалар екі топқа бөлініп, араларын жиырма қадамдай ашып, тізіліп, қол ұстасып тұрады. Бірінші топ:

Ақсерек, көксерек,

Шауып алдым бәйтерек.

Ақсерек, көксерек,

Бізден сізге кім керек? – деп хормен сұрайды. Келесі топ жауап береді:

Ақсерек, көксерек,

Сізден бізге … (баланың аты) керек.

Аты аталған бала жүгірген күйі қарсы топтың ұстасып тұрған қолдарын үзіп өтуі керек. Үзсе, сол топтың бір баласын өзімен ала келеді, ал үзе алмаса, сол топта қала береді. Қай топта бала көп болса, сол топ жеңеді. Балалар ептілікке, бірлікке, тобы үшін намыстанып, жеңіске талпынуға үйренеді. Дене тәрбиесі, сергіту сәттерінде пайаланылады. Кейде сабақтарымда бұл ойынның сәл өзгертілген түрі пайдаланамын. Дәл солай екі топқа бөлінеді. Бірінші топ сөздерін айтады. Аты аталған бала сол топтың сұрақтарына жауап беруі не тапсырмаларын орындауы тиіс. Орындай алмаса, сол топқа өтеді не өнерін көрсетеді . Бала тапсырманы қызыға орындайды.

2. «Ақшамшық» (немесе «Сақина салу»). Ерте заманнын келе жатқан дәстүрлі, әдемі ойын. Ережесі бойынша балалар дөңгелене отырады, алақандарын қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізушінің алақанындағы сақинаны кімге салса да, өз еркі. Барлығына салып шығысымен: «Тұр, сақинам, тұр!» – деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған бала «Сақина менде!» – деп атып тұруы тиіс. Оны көршілері ұстап қалса, жұрт алдында өнерін көрсетеді. Жылдамдықты, ептілікті баулитын, өнерлерін жұрт алдында көрсете алуға үйрететін бұл ойынды балалар, әсіресе қызыға ойнайды.

3. «Соқыртеке». Ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған баланы – «Соқыртекені» шығарады. Шеңбер бойы тұрған балалар «соқыртекені» түрткілейді. Сол кезде ол түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуы тиіс. Тыныш тұрғанды да ұстап алуына болады. Ұсталынып қалған бала «соқыртекеге» айналып, ойын жалғаса береді. Осы ойынды балалар көбірек ойнауға тырысады. Балаларға қызықты, ал бізге, педагогтарға, ұтымдысы – дене қимыл-қозғалыс ойыны, сондай-ақ дыбыстарға мән беруге, қимылдарды сезінуге, яғни сенсорлық дағдыларын қалыптастыруға көмек береді.

4. «Ұшты-ұшты!» ойыны. Ойын бастаушы бала оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді (немесе сабақтың ерекшелігіне байланысты сұрақтарға жауап береді). Ойын бастаушы негізінен адамдарды былайша жаңылыстырады:

– Ұшты, ұшты – қарға ұшты! (ұшады)

– Ұшты, ұшты – балға ұшты! (ұшпайды)

– Ұшты, ұшты – тырна ұшты! (ұшады)

– Ұшты, ұшты – тырма ұшты! (ұшпайды). Біріншіден, балаларға қызық, екіншіден, есте сақтау, мұқият болу қабілеттерін дамытады, өнерлі болуға баулиды.

5. «Тақия тастау». Ойынға бірнеше бала қатысады. Балалар шеңбер жасап отырады. Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп, бір баланың артына білдіртпей тастап кетеді. Сезіп қойған бала жүргізушіні қуып жетуі керек. Ал жүргізуші бала қуған баланың орнына келіп отыра қалуға тырысады. Жүргізушіге жете алмаған бала айыбын төлейді, өнер көрсетеді. Өте қызықты әрі жан-жақты ойын. Себебі, бұл ойын дене бітімін тәрбиелеуге көмектеседі, шапшаңдық, мұқияттылық және ең ұтымдысы баланың өнерін жан-жақты дамытуға көмек береді.

6. «Сымсыз телефон» ойыны. Балалар тізіліп тұрады. Ойын бастаушы бір сөзді тез айтады. Келесі бала естігенін көршісіне айтады. Сөйтіп тізбек бойы айтылады. Соңында қай сөз айтылғаны сұралады. Егер сөз бұзылса, оны бұзған бала айыбын төлейді, яғни өнерін көрсетеді. Немесе сәл басқаша ойнауға болады. Әр бала көршісіне әртүрлі сөздер айтады. Кейін жүргізуші әр балаға сұрақтар қояды. Мысалы, «Сен тамақты немен ішесің?» – дейді. Ол баланың сөзі «қарындаш» болатын. Сонда «Қарындашпен тамақ ішемін» деп жауап береді. Әрбір қисынсыз шыққан жауапқа балалар мәз-мейрам болып күледі.

Асықпен ойналатын ойындардың түрі сан алуан. Сабақтың элементі ретінде де қолдануға болады. Балаларға шапшаң, епті болуды баулиды, сонымен қатар асық табиғи зат болғандықтан, бала денсаулығына еш зиянын тигізбейді

Ойынның қай түрін болса да қолдануға болады. Әр сабақтың ерекшелігіне, тақырыбына сәйкес ойын түрлерін алмастырып пайдаланған жөн деп есептеймін. Балалар пайдасынан зияны көбірек тиетін қазіргі ойыншықтармен ойнағаннан гөрі, оларға әдемі адами қасиеттерді үйрететін осй ойындарды үйреткен жөн. Сондай-ақ балалар ұлттық ойындар арқылы ата-бабасының тұрмыс-салтынан да хабардар болады, бойына сіңіріп өседі.

 

№6 «Көктем» балабақшасы

қазақ тілі мұғалімі

А.Д. Исаева

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Ойындар топтамасы
  • Сюжетті рольді ойын «Аурухана»
  • Әткеншек ойыны
  • Балалардың спорт ойындары
  • Балабақшадағы сайыс сабақтар

Пікірлер 33 Пікір қосу

  • Баян 01.11.2022 күні 19:52 уақытында

    Жаксы ойын Ақсерек-көксерек» ойыны
    ?

    Жауап беру
  • Акерке 14.02.2022 күні 09:22 уақытында

    Ұлттық сана-сезімді қалыптастыру үшін ұлттық ойындардың рөлі орасан зор. Рахмет, өте жақсы мақала!

    Жауап беру
  • Əбіт 18.11.2021 күні 11:48 уақытында

    Атың кім. Саған қалай тіркелге болады.

    Жауап беру
  • Нағима 03.11.2021 күні 15:59 уақытында

    Біздің ата бабаларымыз дән мұра болып келе жатқан ойындар.

    Жауап беру
  • Ардак 14.04.2021 күні 14:03 уақытында

    ұлттық ойындарды жаным жақсы көреді.

    Жауап беру
  • Ырысжан 25.02.2021 күні 11:43 уақытында

    Балалар үшін ұлттық ойындардың маңызы зор деп ойлаймын.Балаларға ұлттық ойынды ойнату арқылы салт дәстүрімізді түсіндіреміз.Қазіргі ойындарға қарағанда ұлттық ойындар өте жақсы деп ойлаймын.Қазіргі уақытта телефоннан бас алмайтын балаларға ұлттық ойындарды ойнату жақсы.

    Жауап беру
  • Ризагүл 03.02.2021 күні 14:46 уақытында

    Балаларға рухани-адамгершілік тәрбие берудегі ұлттық ойындардың маңызы өте зор. Қазақ халқы бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Елдің, халықтың болашағы бала тәрбиесін өте маңызды екенін түсіне отыра, балаларга ойын аркылы керемет етип сінірткен.

    Жауап беру
  • Рабигуль 31.01.2021 күні 15:37 уақытында

    Осы ойынның ішінен өзімізге керек мағлұмат алдық.Рақмет.

    Жауап беру
  • Мерей 13.01.2021 күні 17:29 уақытында

    керемет материал

    Жауап беру
  • Айнур 08.12.2020 күні 11:18 уақытында

    керемет материал . Іздеген материадын бары бар

    Жауап беру
  • Асия 03.02.2020 күні 23:07 уақытында

    Өте қажетті мақала. Керекті деректер. Сабақтарда да тапсырмалар орындау барысында, кейбір элементтерін қолдануға болады

    Жауап беру
  • Женис 03.04.2019 күні 12:18 уақытында

    Бұл ойындар нағыз рухани жаңғыру екен

    Жауап беру
  • асылбек 04.03.2015 күні 22:24 уақытында

    рахмет улкен

    Жауап беру
  • Aibarsha 02.02.2015 күні 21:13 уақытында

    рахмет

    Жауап беру
  • Айбарша 02.02.2015 күні 00:38 уақытында

    Қалай тіркелуге болады???????

    Жауап беру
    • Erketai 02.02.2015 күні 03:42 уақытында

      Сайттың оң жақ астыңғы бөлігінде сайтқа тіркелу формасы бар.

      Жауап беру
  • айко 27.01.2015 күні 23:00 уақытында

    калай көшіріп алуға болат а, көшірілінбейдіго

    Жауап беру
    • Erketai 27.01.2015 күні 23:12 уақытында

      Сайтқа тіркелсеңізші…

      Жауап беру
  • кенжегул 10.10.2014 күні 23:19 уақытында

    тамаша

    Жауап беру
  • кенжегул 10.10.2014 күні 23:15 уақытында

    мағанда ұнады, осындай тәрбиелік мәні бар мақала жазғаныңызға көп рахмет

    Жауап беру
  • Балгын 19.05.2014 күні 13:52 уақытында

    маган ұнады, рахмет казакша материал интернеттен табу
    қиын, букіл тақырыптарда да сондыктан білгендеріңмен бөліскендеріне рахмет айтамын.

    Жауап беру
  • madina 09.05.2014 күні 20:59 уақытында

    magan katti unadi

    Жауап беру
  • Гулмира 28.04.2014 күні 09:50 уақытында

    тамаша

    Жауап беру
  • alda 14.04.2014 күні 00:13 уақытында

    Жақсы

    Жауап беру
  • айгул 07.04.2014 күні 12:10 уақытында

    керемет

    Жауап беру
  • Назгуль 31.03.2014 күні 00:11 уақытында

    Кітап – асыл қазына

    Жауап беру
  • Гульзат 11.03.2014 күні 18:10 уақытында

    керемет

    Жауап беру
  • Жанар 24.02.2014 күні 23:02 уақытында

    күшті маған ұнады

    Жауап беру
  • Маргарита 09.02.2014 күні 21:01 уақытында

    Керемееет!!!

    Жауап беру
  • Дидар Улықпанқызы 06.01.2014 күні 20:35 уақытында

    Өте керемет ойындар! Маған көп пайдасын келтіріп жатыр! Ұзақ жасаңыздаааааар,,,,,

    Жауап беру
  • азамат 12.12.2013 күні 13:13 уақытында

    tema

    Жауап беру
  • balmurzaeva 06.11.2013 күні 23:51 уақытында

    өте жақсы маған ұнады

    Жауап беру
  • Akbope.auzhanova 05.10.2013 күні 14:43 уақытында

    оқу-білім бұлағы
    білім өмір шырағы

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.