KZ RU

Балаларға арналған тақпақтар жинағы

Сабақ

Жазғы демалыс бітіпті.
Бірінші қыркүйек жетіпті.
Сабақ қызық болған соң,
Барлық бала келіпті.

Бұзау
Тентек болма, ақ бұзау,
Еріншек болма, ақ бұзау.
Кең далада сенімен,
Жарысып мен жүгірем.

Ала мысық.
Ала мысық тырнама,
Тырнағаның бола ма?
Ұстайыншы қолыңнан,
Ойнайық, ер соңымнан.

Әдептілік
Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Үлкендерге жол беріп,
Біз ақылды боламыз.

Наурыз-ай
Наурыз-ай, наурыз-ай,
Тәтті көже бересің.
Қарнымыздың тойғаны-ай,
Кетпейді әлі елесің.
Күшігім
Күшігім менің келе ғой,
Құшағыма ене ғой.
Мойныңа бау тағайын,
Ойынға ертіп барайын.

Мұғалім
Мұғалім біздің анамыз,
Анамызды сыйлаймыз.
Айтқан ақыл, білімін
Ықыласпен тыңдаймыз.

Кішкентай бала
Мен кішкентай баламын
Кітап оқи аламын.
Дәптер, қалам, сызғышты
Сөмкеме өзім саламын.

Бөпешім
Әлди, әлди бөпешім,
Жат бесікте көкешім.
Неге жылай бересің,
Ертең-ақ жүріп кетесің.

Қуыршақ
Қуыршақ, қуыршақ,
Таза суға жуынсақ.
Қол ұстасып, дос болып,
Бақ ішінде қыдырсақ.

Мысығым
Мысығым, кел, кел маған,
Сүт берейін мен саған.
Ит кеп қалса, қорғаймын,
Көтерейін, сен маған.

Гүлдер
Гүлім, гүлім, өсе бер,
Әдемі боп, асыл боп.
Күндей жайнап кете бер,
Қызыл, сары, жасыл боп.

Ер жетсек
Нан жесеңдер балалар,
Үлкен болып өсесің.
Сүт ішсеңдер, балалар,
Тезірек ер жетесің.

Ойыншықтар
Ойыншықтар көп екен,
Бірге ойнайық, балақай.
Көгорай шалғын көк екен,
Жарысайық, алақай!

 

Ойын
Ойын маған ұнайды,
Көп ойнауға болмайды.
Күні бойы доп қусаң,
Ақыл-білім қонбайды.

Құлыншақ.
Құлыншақ, құлыншақ,
Шапқылайсың даламен.
Дос болсайшы құлыншақ,
Мен сияқты баламен.

Көктемде
Бүршік жарып ағаштар
Құстар ұя салады.
Сылдыраған бұлақтар
Ағып бара жатады.

Балықтар
Су астында балықтар
Сазан, шортан, бекіре,
Неше түрлі балық бар
Шошытасың секірме.

Туған күн
Туған күнім бола берсе,
Қуанамын күнде мен.
Үйге қонақ тола берсе.
Шай жасауға үлгерем.

Аяз Ата
Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз Ата келгенде
Билейміз, ән саламыз.

Машина
Үлкен болып өскенде
Машина алам мен де.
Бірақ ол үшін әрине
Оқу керек күнде де.

Ақша қар
Ақша қар, ақша қар,
Аппақ болып қонасың.
Тоса қалсам қолымды
Алақаныма толасың.

Сиыр
Көк сиыр бұзау туғанда,
Қамап қойдық қораға.
Көк сиыр тұрды мөңіреп,
«Қайда менің балам», — деп.

Ағаш егу
Жақсылықты қолдаймыз,
Табиғатты қорғаймыз.
Гүл егеміз бақтарға,
Айналасын қоршаймыз.

Табиғат
Табиғат біздің анамыз,
Жер–Ана біздің панамыз.
Таза болса табиғат
Біз де аман боламыз.

Мен жерімді сүйемін
Мен жерімді сүйемін,
Жеріме дән себемін.
Ауа таза болсын деп,
Жылда ағаш егемін.

Құстар
Құс ұясын бұзбаңдар,
Балапанын алмаңдар.
Құстар біздің досымыз,
Обалына қалмаңдар.

Лагерь
Біз лагерьде демаламыз, ойнаймыз.
Неше түрлі қызықтарға тоймаймыз.
Жүгіреміз, секіреміз жарысып,
Ән саламыз, би билейміз майысып.
Сонда ылғи біз жеңеміз ұлдарды!
(қыздарды!)

Туған жер
Кең далада жүремін,
Бауырында ойнап күлемін.
Мен жерімді сүйемін,
Ол үшін отқа түсемін.

Көктем
Көктем болды алақай,
Қуанар барлық балақай.
Көктемде жаңбыр болады,
Бақшаға гүлдер толады.

takhpahtar-balaga

Кітап
Кітап деген басыңдағы білімің,
Кітап деген ақыл, ойың, ілімің.
Кітаппенен дос болыңдар, жыртпаңдар,
Жерде жатса көтеріп қой, баспаңдар.

Ана
Ана деп күнде ән салам,
Ауылға бүкіл жар салам.
Қуанту үшін анамды
Күнде-күнде «бес» алам.

Ту
Көгілдір туым желбіре,
Биіктерде қалықтап.
Туым үшін мақтанам,
Әнұраным шарықтап.

Наурыз көже
Наурызда бәріміз
Әткеншек тебеміз.
Жасымыз, кәріміз,
Көп көже ішеміз.

Жаз
Жаз келді алақай,
Ойнаймыз далаға-ай.
Қамалып отырмай
Жүріңдер, балақай.

Күшік
Күшігім менің, күшігім,
Үй күзетер пысығым.
Үргені де шамалы,
Тамақ берсең болғаны.

Табиғат
Бұтақтарды сындырмай,
Тазалықты сақтайық.
Гүл өсіріп, су құйып,
Табиғатты қорғайық.

Тәуелсіздік таңы атты
Тәуелсіздік таңы атты,
Барлық әлем жаңарып.
Осы тұрған халқыма
Бейбітшілік орнады.

Біздің сынып
Біздің сынып әдепті,
Бәріне көмек береді.
Біздің сынып әрқашан
Жетістікке жетеді.
Біздің сынып қашанда
Алғашқы боп жүреді.
Мұғалімдер барлығы
Бізді мақтан етеді.

Анама
Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.

Кітап
Кітап оқу бұлағым,
Оқытатын ұстазым.
Кітапта бар даналық,
Оқып біліп алайық.

Анама
Анамызды сыйлайық,
Жақсы оқушы болайық.
Үздік оқып сабақты,
Кілең бестік алайық
«Күншуақ» газетіне
Күн нұрындай жарқырап
Шуақ шаштың, «Күншуақ».
Білімнің биік төріне
Бұлақ аштың, «Күншуақ».
Әрбір бетің бір әлем,
Қызыққа толы «Күншуақ»,
Бар балаға жақынсың,
Жарқырай бер, «Күншуақ».

Ана саған көп рахмет
Жан балам деп еркелеткен,
Бесікте бізді тербеткен
Ардақты да аяулы
Ана саған, көп рақмет!

Анамның әні
Анамыздан тыңдадық
Әсем әнді әуелі.
Әлди, әлди, әлди-ай
Әсем әні анамның.

Анашым
Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым

Сейтмағанбетова Жұпар Баймұқашқызы
Бастауыш сынып мұғалімі

Достарыңызбен бөлісіңіз
WhatsApp Telegram

Балалар туралы пайдалы ақпарат — Erketai-дың Telegram арнасында.

Erketai-ға жазылу

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз. Сұрағыңыз болса, мына сілтемені басыңыз.

Пікірлер: 125

  • Рахмет, балалардың жастарына сай өлең топтамалары сан алуан. Тамаша!

  • Мұғалім тақпағы ғажап

  • Жақсы тақпақтар екен, жинақ кітапша ретінде шығарып қолдануға жақсы. Тәрбиешілерге көптеген қажет құжаттарыңды тауып аласың осы сайттан?

  • балаларға «өлең оқышы» деудiң орнына «тақпақ айтшы» деген тiркестi қолдану қисынды болып табылады. Ел iшiнде «тақпақ» сөзi көп орайда балалар өлеңi деген ұғымға жақынырақ тұрады.

  • Өте керемет мағыналы жастарына лайық тақпақтар неше түрлі тақырыптар мән-мығыналы.Жұмыстарыңызға береке табыс тілеймін.Еңбектенген жандардың баршасына шесіз алғыс білдіремін.

  • Өте керемет мағыналы жастарына лайық тақпақтар неше түрлі тақырыптар мән-мығыналы.Жұмыстарыіызға береке табы тілеймін.

  • Я хочу чтобы вы мне помогли нашли такпак про наню

  • Өте керемет!!!

  • Мна тақпақтар маған ұнады,өте керемет.

  • Маған тақпақтар қатты ұнады. Өте мағыналы жазылған.

  • Тақпақтар үшін рахмет ар түрлі тақырыпта жазылған екен жарайсыздар

  • Аруна

  • Рахмет сіздерге шығармашылық табыс тілеймін Еркетай дән издегенинди табады екенсин

  • Рахмет шығармашылық табыс тілеймін

  • Өте жақсы. Керемет тақпақтар. Рахмет.

  • Балаларға жаттауға жеңіл екен. керемет

  • маган такпактар оте катты унады бул макалдарды жазган адамга рахметимди айтамын

    • Неге басқа адамның пікірін көшіріп қойып жатырсыз, егер өз пікіріңіз болмаса басқа адамның пікірін көшіріп қоюдың қажеті жоқ.

      • неге қызықсындар

  • Тәрбиешілерге таптырмас сайт. Керек материалдарыңды табасың. «Балаларға арналған тақпақтар жинағы» бөлімінде барлық 5 облысқа арналған әсіресе қоршаған орта тақырыбында тақпақтар көп екен. Балаға жаттауға оңай әрі жеңіл.

  • Балаларға өте қызықты, және ойлау қабілетін арттыратын тақпақтар екен, ұнады

  • Жеңіл әрі жаттауға оңай екен. Өте жақсы материал. Алдағы уақытта бұданда жақсысын аламыз деген үміттеміз

  • Керемет тармақтар балаларға өте кере

  • Осы тақпақтардың барлығын жаттатып койдым.коптеген такпактар үшін рахмет.балаларга оте жеңіл әрі оңай

    • Рахмет. Тамаша!

  • Керемет. Тағы әріптер мазмұнында тақпақтар болса.

  • Салем .Тауық әтеш жайлы тақпақ керек еді.

  • Уй құстары туралвы тақпақ болса жазыңыздаршы өтініш

  • Өте керемет.Маган ұнады.

  • Өтнем ұлдар мерекесіне 4шумақ жаттау шығарып біріңіздерші

  • керемет

  • Жақсы екен, маған ұнады.

  • Оте керемет такпактар. Менин 3 теги кызым бала бакшадан осы такпактарды айтып келеди кунде оте кушти рахмет???

  • Унады

  • Білім күні

    Сары ала бұрымы,
    Сары үрпек тұлымы,
    «Білім күні» мейрамы
    Қыркүйектің бұ күні.

    Мініп алып мәстекке
    Ақыл айтып кетпекке
    Шопан ата келді де
    Сөз сөйледі мектепте:

    — Атамыздың кәсібі,
    Азығы, һәм, нәсібі,
    Қой бақсаңдар, балалар,
    Аш болмайсың, асылы.

    Осы кезде мәстегі,
    Тоқ күніне мас, тегі,
    Ақырды кеп, шамасы-
    «Жаңағы сөз рас» деді.

    Көзір таппай жұмыстан,
    Казиноға туысқан
    «Шоу-мэн» даусын шығарды
    Сәкідегі бұрыштан:

    — Оқы, оқы, оқы деп
    Айтқан Ленин сан рет;
    Жұмыс істеп қиналмай
    Оқи берген ғанибет.

    …Уағыздарға жеңілме,
    Ғылым еніп сенімге
    Ақиқатқа табынсаң
    Көктер сенің елің де.

    Надандықтан түңілген,
    Қудалауға ілінген
    Діні берік ғалымдар
    Қуат алған білімнен.

    Қылмысшы да, молда да,
    Ұлық — елі қолдаған,
    Өсіп шығар қайсы да
    Білім еккен ордадан.

    Көнсең осы дәлелге,
    БІЛІМ деген әлемге,
    Кім болсаң да бұ күні
    Тағзым етіп, «сәлем» де.

    Жанбай Шүйіншәліұлы Өзденбаев

  • Балабакшага кишкене ауырлау сиякты Ма? Әдептілік туралы тақпақты алдым рахмет??????????

  • magan ynadi kerek narsenin bari bar

  • такпактар жаксы екен.аке туралы такпактар болса.

  • такпактар оте жаксы.əке туралы такпактар болса!

  • Саған ұнамаса осындағы 1000 адамға ұнапты, сол алғыс айтқан адамдарға рақмет! Мен үшін өлеңдерім балаларға ұнаса болды.

  • Өте маған үнады.маған егер бүгін ата аналар бұрышы зор табиғат ын күй бұрыштарына тақпақтар болса жазасыздар ма?рахмет!

  • Маган жер ана туралы керек еди 5 жолды

  • жаксы екен

  • ЖАКСЫ

  • Маған əдептілік туралы тақпақ керек 2-3 шумақ

  • Такпактардын уйкасы унамады.

  • Керемет ! Маған ұнады !
    Енді баланың ата-аналарына арналған сосын таныстыру түрлерін шығарсаңыздар деген ойым бар

  • Бала бакша балаларына арналган жаксы екен

  • Керемет.

  • Nomeri jok Nomer jasinisdarshi

  • Базар жоқ

  • Оте Жаксы, Балага тез жаттамды магыналы екен

1 2 3