Өнерлі өрендер

Бейбітшілік тілеймін

Қазақстан – Отаным,
Сені әнге қосамын.
Елім тыныш болсын деп,
Тілейтін мен ботаңмын.

Елде соғыс болмасын,
Гүл, бәйшешек солмасын.
Бейбіт күннің болуын,
Бір Алламыз қолдасын!
Елбасымыз жасасын

Желтоқсанмен жаңғырып,
Келді көптен күткен күн.
Айтамыз біз әнге қосып,
Тәуелсіздік ақ таңын.

Қуан достым бұл күнде
Азаттық алды еліміз.
Елі үшін еңбек еткен
Елбасымыз жасасын.

Авторы: Пернебай Марғұлан

onerli-orender

Балалық шағым

Сынбасын сағың.

Келмейді енді,

Бал дәурен сағым.

Балалық шағым,

Арайлы бағым.

Тәп-тәтті кезім,

Сен мені сағын.

Еркелік елі,

Балқытты мені.

Өзіне тартты,

Өнердің желі.

Әр күні думан,

Жалықпас шудан.

Сыйлығым әнім,

Жүректен туған

Авторы: 

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қалалық Ж.Байғұттиева атындағы өнер мектебінің домбыра бөлімінің шәкірті Серікбай Әсел

Анам

Айналайын ақ анам ,

Өзіңменен шаттанам.

Болашақта ақ таңда ,

Қамқоршым деп мақтанам .

Сен қуансаң мен қуанам ,

Қиналғанда жаныңнан табылам .

Өмірімнің әр сәтінде,

Бір өзіңе табынам.

Авторы:

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Белоградов ауылы

6-сынып оқушысы Бигалим Саяжан (10 жаста)

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер2
  1. Бота

    Өнерлі ұрпақ коп болсын!

  2. Молдір

    Балапандар өнерлерің алға баса берсін. Әдемі екен.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ