Өлеңдер жинағы «Бөпешіме тілек», «Сүйемін»

Бөпешіме тілек

Әй-әй, бөпем, әй, бөпем,
Сыр сандықты бесікке,
Ақ мамықты төсекке.
Жата қойшы бөпешім.

Айналайын, тарланым,
Үміт артар арманым,
Сенсің менің қалауым.
Алақандай бөпешім.

Әй-әй, бөпем, әй, бөпем
Жамандықтан қашық бол,
Жақсылыққа асық бол.
Достарынмен адал бол,

Дұшпанынмен қатал бол.
Әй –әй, бөпем, әй, бөпем,
Елін қорғар намысшыл,
Батыр болшы бөпешім,

Ұлы Абай атандай
Ақын болшы бөпешім.
Әнші Әміре атандай,
Әнші болшы бөпешім.

Жыршы Жамбыл атаңдай
Жүзге келші бөпешім.
Нұрсұлтандай еліне
Президент болшы бөпешім
Бар тілегім қабыл боп
Орындалсын арманың!

otbasi-turali-takhpakh

Сүйемін

Еңбектеніп, жан бағып,
Тыным таппай мал бағып,
Асырап сақтап өсірген.
Асқар таудай әкем бар.
Неге екенін білмеймін-
Сол әкемді сүйемін!

Ақ сүт беріп асырап,
Тұмсықтыға шоқтырмай,
Қанаттыға қақтырмай
Мәпелеп, өсірген анам бар,
Неге екенін білмеймін-
Сол анамды сүйемін.

Еркелетіп, ойнатқан
Асыл апам, жан апам,
Қорғаныш боп жүретін,
Арыстай асыл ағажан,
Осындай апа- ағам бар,
Неге екенін білмеймін
Сол апа – ағамды сүйемін.

Астрахан ауданы Жалтыр №2 орта мектебінің  9 «А» сынып оқушысы  Канапьянова Дарига

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер3
  1. Айгерим

    Сәбиді ұйықтатарда әндетіп айтатын ән. Керемет

  2. Әсем

    Өте жақсы жазылған, ұйқасы да сөздері де бір біріне сай!

  3. Нурия 10 жас

    тағы досқа хат туралы жазыңызшы

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ