3 сынып оқушысы Сырлыбай Біржан Серікұлының өлеңдері

3ә сынып оқушысы Сырлыбай Біржан Серікұлының жазған өлеңдер жинағы.

Атама

Атақандай алыпсың?

Алатаумен бірдейсің.

Ақыл айтып әрқашан,

Дұрыс жолмен жүр дейсің.

Сендей жақсы атаны,

Бұрын-соңды көрмеппін.

Немереңнің  тілегін,

Қолдап жүргін атажан.

3 сынып, Ата, әже, тақпақтар, өлеңдер, бастауыш сынып, оқушы

Әжеміз

Әжеміз біздің жақсы ғой,

Тойдан тәтті әкелген.

Тәттісін бізден жасырмай,

Бізге тарту ететін.

Әжеміз біздің жақсы ғой,

Ертегісін айтады,

Біз оны тыңдап жатамыз,

Кейін ұйықтап қаламыз.

 

Он алтыншы желтоқсан

Он алтыншы  желтоқсан,

Тәуелсіздік алған күн!

Ел есінде мәңгілік,

Өшпес ізі қалған күн!

Ата-бабам аңсаған,

Азаттықты алған күн!

Ата-аналар қуанып,

Әлемге жар салған күн!

Қайрат, Ләззат, Сабира,

Тарихта мәңгі қалған күн!

Он алтыншы желтоқсан,

Тәуелсіздік алауы.

Желбіреші биікте,

Қазақтың көк жалауы!

Пікірлер2
  1. Маруза

    Жарайсың!
    Өлеңдеріңді оқуға болады екен. Қаламың ұштала берсін!

  2. Жаннат

    Жарайсың!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ