Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Балалар ауруы

 

Жедел остеомиелитті емдеу


Остеомиелитті емдеу кезінде де іріңді ауруларды емдеу де қолданатын үш принцип толығымен сақталады. Ол принциптің негізін қалаған Т. П. Краснобаев (1925 ж.). Остеомиелитті емдеу кезінде біріншіден микробтарға яғни микрооргонизмдерге қарсы қолданылатын дәрілер беріледі, екіншіден, микроорганизмнің өзгерістерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, үшіншіден, дененің бүлінген, қабынған жерінен іріңді тездетіп шығарады.

Микробтарға әсер ететін дәрілердің ішінде күні бүгінге дейін антибиотиктен артығы әзірге жоқ. Кең тараған антибиотик — пенициллин. Пенициллинді остеомиелит кезінде үлкен концентрацияда қолданған пайдалы, шамамен оның орта дозасы 500 мың бірліктен 1 миллионға дейінгі бірлік арасында.

Мұнымен қоса пенициллиннің түрлі жартылай синтетикалық түрлерінде кеңінен қолдануға болады, олар ампициллин, метициллин, оксациллин, ампиокс т. б. Қан тамырлары арқылы енгізілетін антибиотиктерді қолдану да аса қолайлы. Бұлардың ішінде кең қолданылып отырғандары цепорин, цефамезин, кефзол, ристомицин, эритромицин.

Сүйек тканіне жақсы әсер ететін линкомицин дәрісін сүйекке қойылған ине арқылы енгізген қолайды. Жалпы микробтарға қарсы қолданатын антибиотиктерді микробқа тигізетін әсеріне қолданған жөн. Микробтарға әсер ететін екінші бір дәрілер тобы — ол сульфаниламидтер.

Баланың қалі өте ауыр болса бұл дәрілерді ерітінді күйінде қан арқылы жіберген тиімді. Олар ерітінді түрінде дайындалатын норсульфазол, этазол дәрілері. Қонцентрациясы — 5—10 — 20—30 процентке дейін дайындала береді. Жасына қарай қан тамыры арқылы екі реттен беріледі.

Микробқа қарсы қолданылатын дәрілер қатарына нитрофуран дәрілерінің қосындылары да жатады. Нитрофуран дәрісін антибиотиктер мен сульфаниламид дәрілерінің көмегі болмаған кезде қолданады. Кейде антибиотиктермен қосып пайдаланған да тиімді.

Бұл дәрілерді пайдаланған кезде микробтардың өсуі баяулайды және де микробтардың бұл дәрілерге бейімделуі антибиотиктерге қарағанда нашар. Жалпы пайдалану уақыты 5—8 күннен аспайды, өйткені бұл дәрілерді ішкен кезде баланың тәбеті нашарлап, іші өтеді, кейде құсуы да мүмкін. Дәріні тамақтан соң 10—15 минуттан кейін сүтпен берген жөн.

Макроорганизмнің жағдайын күшейту үшін де көптеген дәрі-дәрмектер қолданылады. Мұндай дәрі-дәрмектерге — қанттың 10—20 ерітіндісі, хлорлы кальцийдің 5% —10% ерітіндісі, полиглюкин, реополиглюкин, гемодез дәрілері жатады. Мұнымен бірге жүрек жұмысын жақсартатын корглюкон, ККБ, АТФ дәрілерің де қолданады.

Организмдегі витаминдердің жетімсіздігі витаминдер «С», В , В6 В12, В15, Рутиндерді беру арқылы толықтырылады. Алғашқы күндері гистамин тәрізді улы заттарға қарсы қолданылатын — димедрол, седуксен, пипольфен, дибазол дәрілерін берген дұрыс.

Остеомиелит кезінде организмде күрт өзгерістер болатынын ескеріп гипарин, траксилол, контрикол қолдануға болады. Ауру салдарынан науқас баланың иммунитеті әлсірейді, оның иммунитетін күшейтетін дәрі-дәрмектерді көптен берген пайдалы. Ондай дәрілерге, глобуллин, стафилакокқа қарсы қолданылатын плазма, ауру балаға сау адамнан тікелей қан құю операциялары жатады.

Егер ауру балаға тікелей донордан қан құю мүмкіндігі болмаса, онда алдын ала дайындалып сақталған қанды да құюға болады. Аурудың 10—15-күні дененің жалпы улануы азайғанда, балаға стафилакоктан бөлініп алынған анатоксинді егеді, сол егудің нәтижесінде бірнеше күннен кейін баланың қанында стафилакокк микробына қарсы ауруды басатын «дене» пайда болады.

Сүйектің бүлініп қабынған бөлігін емдеу жолдары.

Созылмалы остеомиелитті қандай жолмен емдеуге болады.

Остеомиелит (сүйек тасуы) ауруының пайда болу себептері.

Неге балалар остеомиелит ауруына жиі ұшырайды ?

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Баланың дәрімен улануы
  • Соқыр ішекке белгісі жағынан ұқсас аурулар
  • Соқыр ішек ауруының асқынған түрлері
  • Жедел остеомелитті басқа аурулардан ажырату
  • Өкпе деструкциясын хирургиялық жолмен емдеу

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.