Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Балалар ауруы

 

Баланың дәрімен улануы


Дәрімен улану балаларда жиі кездеседі. Себебі, олар дәрінің сыртқы қабығының әдемілігіне қызығып, оны әуес көріп, конфет сияқты жұта салады. Сондықтан да дәрі-дәрмектерді арнайы қорапта, ол болмаған жағдайда, балалар тимейтіндей жерге сақтау қажет.

Баланың қандай дәріден улануына байланысты улану да әр түрлі сипатта болады. Жалпы улануға селқос қарауға болмайды. Оның зардабы ауыр. Уланған балаға шұғыл түрде көмек көрсетілмесе, оның қайғылы жағдайға ұшырауы да ықтимал.

Шешесі ас үйде тамақ дайындап жатқан кезде 2 жасар Рақат келесі бөлмедегі столдың үстінде жатқан амидопирин таблеткаларын жұтып қояды. Біраз уақыт өтер-өтпестен қыздың жағдайы нашарлай бастайды. Жап-жақсы болып, ойнап жүрген қызының жағдайының күрт нашарлауы шешесіне үрей туғызады.

Қыз боп-боз болып түсі қашып, былқ-сылқ күйде ауық-ауық есінен танып қала береді. Жанұшырып, қызын қолына көтеріп алған шешесі көршісіне жүгіреді. Көршісі жедел жәрдем шақыртып емханаға жеткізеді. Жас балаға дәрігерлік көмек көрсетіліп, тез сауығып кетуіне жағдай жасалады.

Кішкентай Самат ойнап жүріп шкафтың ішінен атасы ішетін ұйықтататын дәріні тауып алып, бірнешеуін жеп қояды. Сырттан келген анасы баласының тынымсызданып, іс-әрекетінің өзгергенін байқайды. Көп ұзамай бала ұйқысы келгендей, маужырап қалғи бастайды. Шешесі көп ойнап шаршаған болар деген оймен төсегіне жатқызады. Бірақ көңілі баласында болады. Баланың ыстығы көтеріліп, 38 градусқа дейін жетеді. Денесі боп-боз, реңі көкпеңбек болып, тынысы жиілейді, дем алысы нашарлайды. Тез жедел жәрдем шақыртады.

Балалардың дәрі-дәрмекпен улануы жиі кездесіп отырады, оған кінәлы көбінесе ата-аналардың өздері. Сондықтан да әрбір ата-ананың дәрі-дәрмекті кез келген жерге қоя салмай, жас балалардың қолдары жетпейтін орынға сақтағаны жөн.

Сілті қышқылы сияқты ертінділерден уланатын балалар да ұшырасып қалады. Себебі, жас балалар оны әуестікпен ішіп қояды. Ал ересек балалардың ішінде кейде бір нәрсеге қатты ашуланып, шектен тыс ренжігенде оны әдейі ішетіндері де кездеседі. Әрине, мұндай оқиға сирек, бірақ ара-тұра болсада кездесіп қалады.

Міне, осындай жағдайда ата- ана тарапынан қандай көмек берілуі керек? Қышқыл мен сілті ішіп қойып, ішкі органы күйген баланың тез арада ауыз қуысын мұздай сумен шайып немесе салқын суға жұмыртқаның ағын езіп ішкізген жөн, болмаса сүт берген орынды. Ересектеу бала болса, онда мұз сорғызып, асқазанының тұсына суық нәрсе басқан ләзім.

Газдан улануда көрсетілетін көмек

Газдан улану ауылдық жерлерде көбінесе үйге от жаққан мезгілде жиі ұшырайды. Ал қалалық жерлерде газ плитасынан шыққан газдан, кейде машина газынан да уланып қалушылық кездеседі. Бірде мынадай жағдай болды.

С. деген жігіт түнгі жұмыстан шығып, таңертең үйіне келді. Есікті қаққанымен ешкім аша қоймады. Терезеден үйге кірсе, келіншегі мен баласының газға уланып жатқанын көреді. Тез арада оларды сыртқа алып шығады. Әсіресе баланың жағдайы өте нашар еді. Тыныс алуы сиреп, жүрегі де болар- болмас қана соғып жатты. Тез арада баланың жүрегіне сырттай массаж жасап, аузына үрлеп, қолдан дем алдырады. Сәлден соң баласының жүрегі соғып, тыныс ала бастайды. Дәрігерлік көмек көрсетіліп, бала біртіндеп қалпына келеді.

Газды пайдаланғанда, от жаққанда газдан уланып қалмаудың жағдайын естен шығармау керек, сақтық жасаған жөн. Газдан уланған кезде баланың басы ауырып, айналады. Жүрегі айнып, құсқысы келеді. Кейбір жағдайда жөтеледі, түшкіреді, көзі жасаурайды. Ауыр түрде уланса, құлағы шыңылдап, тұншыққандай болып, жатқысы келеді.

Ересек адамдарға қарағанда жас балалар тез уланады және жағдайлары да тез нашарлайды. Газдан уланған адамды тез арада таза ауаға алып шығып, киімдерінің түймесін ағытып, дем алысын жақсартуға тырысу керек. Мүсәтір спирті болса, мақтаға тамызып иіскеткен жөн. Баланы жылы орап, таза ауада көбірек ұстаған дұрыс. Егер тыныс алуы мен жүрегінің соғысы тоқтап қалса, жоғарыда айтылғандай жедел жәрдем жасауға кірісу керек.

Улы өсімдіктердің гүлінен немесе жеміс-жидектерден улану.

Бала бөгде зат жұтып қойғанда көрсетілетін алғашқы көмек.

Уланудың себептері және улану кезінде көрсетілетін жәрдем.

Улы жәндіктер шаққан кезде көрсетілетін көмек.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Жедел остеомелитті басқа аурулардан ажырату
  • Медиастенитті емдеу жолдары
  • Өкпе мен кеуде қуысындағы деструкция
  • Соқыр ішек және зәр жолдарының қабынуы
  • Нәрестенің кіндігінің қабынуы

Пікірлер 4 Пікір қосу

  • Назира 18.08.2021 күні 14:10 уақытында

    Дәрі дегенді биікке қою керек ауызға салып қойса білмейді ғой олар

    Жауап беру
  • Майра 19.12.2020 күні 10:58 уақытында

    Иа өте дұрыс айтасыз, дәрімен уланған балаға ата ана кінәлі. Кейде салғырттық танытып балалардың қолы жететін жерге қойып жаады дәріні кейбір үлкендер, жаман жағдайға душар болмас үшін артымызды тиянақтап жүрейік балар үшін.

    Жауап беру
  • Жумамуратова Жулдыз 02.12.2020 күні 16:27 уақытында

    Еркетай сайтына жазылған дәрімен улану туралы тақырыпта жазылған материалды оқып шықтып.Ия,шынында баламыз сәл куңк етіп жөтелсе немесе басы іші ауырса лезде аптекаға жүгіретініміз анық.Барамызда бир қорап дәріні сатып алып басып женшіп баламызға ішкіземіз.Оның салдарымен куреспиміз.Бізге тек тез жазылса есеп.Шынымен өсе келе сол дәріге тәуелді болып қалады.Ол барлық ата ананың жағдайында болатын ситуация.Осы біз неге сол ауырған баланы дәрісіз емдеуге дағдыланбаймыз? Мысалы салқындаса қойдң майымен сылау,май ішкізу лимонмен шай беріп деген сыяқты.Қарап отырсақ таза химикаттары бар дәрілермен баланың организімін улап жүрміз.

    Жауап беру
  • Гюзель 18.11.2020 күні 17:10 уақытында

    Дәрі дегенді биікке қою керек ауызға салып қойса білмейді ғой олар

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.